Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
19
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
42.5 Кб
Скачать

ГИДРОСФЕРА ТАРАУЫНА АШЫҚ ТЕСТ

6 класс

  1. Жер шарының су қабығы.

  2. Гидросфера және оның бөліктерін зерттейтін ғылым саласы.

  3. Гидросферадағы барлық судың шамамен мөлшері.

  4. Жер шарындағы тұщы судың үлесі.

  5. Дүние жүзінде неше мұхит бар?

  6. Жер бетінің қанша пайызын дүниежүзілік мұхит суы алып жатыр?

  7. Мұхиттағы тіршілік дүниесі неше топқа бөлінеді?

  8. Су физикалық қасиеттеріне қарай неше агрегаттық күйде бола алады?

  9. Жер беті бөлігінің қанша шаршы шақырымы дүниежүзілік мұхит үлесіне тиеді?

  10. Дүниежүзілік мұхиттың бөліктері.

  11. Жер шарындағы ауданы жөнінен ең үлкен және ең терең мұхитты атаңыз.

  12. Ауданы жөнінен ең кіші мұхит.

  13. Мұхит суының қату температурасы.

  14. Күн сәулесінің әсерінен мұхиттар мен теңіздер бетінен жыл сайын қанша км3 су буланады?

  15. Тынық мұхитын ашқан испан саяхатшысы.

  16. Дүниежүзілік мұхит пен Тынық мұхитының ең терең жері.

  17. Мұхит суының тұздылығын өлшейтін өлшем.

  18. Мұхит суын ең көп ластайтын зат.

  19. Мұхит суының орташа тұздылығы қанша ‰?

  20. Жер шарындағы ең кең және терең бұғазды атаңыз.

  21. Ежелгі замандардан бері кеме қатынасы жақсы дамыған мұхит.

  22. Тынық мұхитының алып жатқан ауданы қанша?

  23. Мұхит немес теңіздің құрлыққа сұғына еніп жатқан бөлігі не деп аталады?

  24. Дүниежүзілік мұхиттың ең терең жері.

  25. Судың мұхиттан құрлыққа және құрлықтан мұхитқа үздіксіз ауысу үрдісі.

  26. Дүниежүзілік мұхит суының беткі орташа температурасы.

  27. Мұхит суының басты қасиеттері.

  28. Құрлықтағы табиғи ойпаңға жиналған су қалай аталады?

  29. Жер шарындағы ең ұзын бұғаз.

  30. Дүние жүзіндегі ең үлкен көл.

  31. Дүние жүзіндегі ең терең көл.

  32. Зайсан, Байкал, Ыстық көлдері шығу тегі жағынан қандай көлдерге жатады?

  33. Жер сілкінісінен туындайтын жойқын толқын.

  34. Цунами толқындарының пайда болу себептері.

  35. Толысу мен қайтудың пайда болу себебі.

  36. Жасанды су қоймасы.

  37. Мұхит немесе теңіз суының орташа тұздылығы.

  38. Тұздылығы ең төмен мұхит.

  39. Дүниежүзілік мұхиттың ең жоғары тұздылық тіркелген теңізді ата.

  40. Мұхиттардағы су массасының тұрақты түрде бір бағытқа орын ауыстыруы не деп аталады?

  41. Ағыстардың пайда болуының басты себебі.

  42. Антарктиданы батыстан-шығысқа қарай қоршай ағатын, ең ірі суық ағыс.

  43. Солтүстік Американың шығыс жағалауындағы жылы ағыс.

  44. Жер шарындағы ең биік сарқырама.

  45. Өзеннің ағып шығатын жері.

  46. Өзен барлық салалармен бірігіп ............ құрайды.

  47. Өзеннің басқа өзенге, көлге немесе теңізге құятын жері.

  48. Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен.

  49. Жер шарындағы су жинау алабы ең үлкен өзен.

  50. Дүние жүзіндегі ең лайлы өзен.

  51. Өзен арнасындағы су құлап ағатын тік кемер қалай аталады?

  52. Әлемдегі ең биік Анхель (1054 м) сарқырамасы орналасқан өзен.

  53. Амазонка және Конго өзендерінің суы мол болып келу себебі.

  54. Ыстық жер асты суы.

  55. Дүние жүзіндегі ең үлкен теңіз.

  56. Тұщы су қорының басым бөлігі қайда кездеседі?

  57. Барлық жағынан құрлық қоршап жатқан теңіз қалай аталады?

  58. Бетін су өткізбейтін қабат жаппаған жер асты суы қалай аталады?

  59. Дүниежүзілік су айналымы неге байланысты?

  60. Гольфстрим ағысы қай елдің ауа райына күшті әсер етеді?

  61. Мұхиттар мен теңіздерде қалқып жүретін орасан зор мұз шоңғалы не деп аталады?

  62. Мұхиттар мен теңіздердің жеке бөліктерін бір-бірімен қосатын құрлық аралық жіңішке су алабы.

  63. Мезгіл-мезгіл ыстық су мен бу шашып тұратын қайнар.

  64. Барлық мұхиттар мен теңіздердің жиынтығы не деп аталады?

  65. Жан-жағынан материктермен шектелген орасан зор су алқабы.

  66. Көлдің, теңіздің және мұхиттың түбіндегі терең жер қалай аталады?

  67. Құрлықтың барлық жағынан су қоршаған шағын бөлік.

  68. Құрлықтың су кеңістігіне терең сұғынып кіріп тұрған бөлігі.

  69. Солтүстік және Оңтүстік Американың батыс жағалауларынан бастап Еуразияның шығыс бөлігіне

және Аустралия мен Антарктидаға дейін аумақты алып жатқан қай мұхит?

  1. Ауданы 92 млн км2, су көлемі 329,7 млн км3 болатын қай мұхит?

  2. Ең жылы, су таза, көгілдірігімен де ерекше көзге түсетін қай мұхит?

  3. Мұхиттың суының қасиеті мен жануарлар дүниесі жөнінен оқшауланып тұратын бөлігі не деп

аталады?

  1. Еріген тұздардың 1 л судағы граммен алынған мөлшерін........... деп аталады.

  2. Қазақстанның ірі көлдерін ата.

  3. Құрамында еріген заттар мен газдар кездесетін жер асты суы қалай аталады?

  4. Таудағы қар жыл бойы ерімейтін биіктікті көрсететін сызық.

  5. Мұздықтар құрлық аумағының қанша пайызын алып жатыр?

  6. Мұздықтардың неше түрі бар?

  7. Қазастандағы ең ірі мұздық.

  8. Көршілес екі толқын қырларының арасындағы арақашықтықты ......... дейміз.

  9. Жасанды өзенді .............. дейміз.

  10. Өзен ағып шығатын көлдерді .............. дейміз.

  11. Өзен ағып шықпайтын көлдерді .............. дейміз.

  12. Дүниежүзілік мұхит үлесіне Жер бетінің бөлігі келеді.

  13. Айқын қалыптасқан арнасы бар тұрақты немесе уақытша су ағынын ата.

  14. Судың толысуы мен қайтуы неге байланысты?

  15. Өзендегі жыл бойғы су шығыны.

  16. Дүниежүзілік мұхиттағы балыққа бай ендігі.

  17. Су өткізбейтін тау жыныстары.

  18. Ең биік толысу толқыны тіркелген Фанди шығанағындағы толқындардың биіктігі...... м-ге жеткен.

  19. Сұрапыл дауыл түрінде соғатын жел.

  20. Экватор сызығын екі рет кесіп өтетін өзен.

  21. Өзен деңгейінің кенет және үлкен биікке көтерілуі.

  22. Өзеннен белгілі бір мерзімде өтетін су мөлшері.

  23. Минералды немесе жылы бұлақ.

  24. Аңғардың табанындағы су ағып жататын судың жолы.

  25. Көлдің батыс бөлігінің суы тұщы, шығыс бөлігінің суы ащы, көлемі жағынан Қазақстанда үшінші орындағы көлді ата.

  26. Жер шарындағы ең терең көл - Байкалдың тереңдігі.

  27. Ла-Манш бұғазы … елдерін бөліп жатыр.

  28. Үнді мұхитының орташа тереңдігі.