Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

все файлы 2 / ЕНТ география-1 / География каз / Тестовые вопросы 10 класс на каз

.doc
Скачиваний:
38
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
83.97 Кб
Скачать

Тест сұрақтары 10 сынып

  1. Жер қыртысының максимальді қалыңдығы?

  2. Мантияның қалыңдығы?

  3. Жер ядросының радиусы?

  4. Жердің толық ішкі құрылысы?

  5. Градус торы бар алғашқы картаны жасаған ғалым?

  6. Дүниежүзілік мұхиттардың біртұтастығы және Жердің шар тәрізді екендігін дәлелдеген саяхатшы?

  7. Жердің ортасынан экваторға дейінгі арақашықтық?

  8. Материктік жер қыртысының мұхиттықтан негізгі айырмашылықтары?

  9. Материктік және мұхиттық жер қыртыстарына тән ортақ белгілерді атаңдар?

  10. Жер бетінің жалпы көлемі?

  11. Құрлықтың орташа биіктігі?

  12. Жер бетінің көрінісі қалай аталады?

  13. Мантия ортасында орналасқан жердің ішкі бөлігі?

  14. Жер білігі орбита кеңістігіне қалай орналасқан?

  15. Литосфералық тақталардың шекаралары?

  16. Мына қабаттардың қайсысы қатты минералдар мен тау жыныстарынан тұрады?

  17. Жер бедерінің әркелкі болуының басты себебі?

  18. Жер бедерін зерттейтін ғалым?

  19. Литосфералық тақталардың бір-біріне жақындау немесе алшақтау жылдамдығы шамамен жылына?

  20. Метаморфтық жыныс-құмтас қайта өзгергенде қандай жыныс түзеді?

  21. Атмосфера құрамында ең көп мөлшерде кездесетін газ?

  22. Атмосфера қабаттары?

  23. Әрбір 10,5 метрге көтерілген сайын қысымның сынап бағанасы қанша мм-ге кемиді?

  24. Жер шарындағы ауа массаларының негізгі типтері?

  25. Тұрақты желдердің қалыптасуы неге байланысты?

  26. Климат дегеніміз не?

  27. Б.П.Алисов климаттық белдеулерді нешеге бөледі?

  28. Температуралық жағдайы мен ылғалдылығы, топырағы, өсімдіктері және жануарлары ортақ ірі табиғи кешен қалай аталады?

  29. Қоңыржай теңіздік климатқа сипаттама беріңдер.

  30. Атмосферадағы су буы тұтастай орналасқан қабат?

  31. Атмосфераның жер бетіне жақын қабатындағы су тамшылары?

  32. Тәулік ішіндегі ең төмен температура тура келетін уақыт?

  33. Стратосферада температураның жоғарылау себебі?

  34. Жер бетіндегі ауа ағындарының жүйесі?

  35. Атмосфераны құрайтын негізгі газдардың пайыздық шамасы қанша?

  36. Атмосферада бұл қабаттың биіктігі 50-55 шақырым?

  37. Ауаның ылғалдылығын өлшейтін аспап?

  38. Атмосфера қысымын анықтайтын аспап?

  39. Айсбергтер Жер шарының қай бөлігінде пайда болады?

  40. Қар жиегі (сызығы) деген не?

  41. Өзен ағысы мен оның жылдамдығы неге байланысты?

  42. Ең терең көл?

  43. Еуразиядағы ең ұзын өзен (6300м)?

  44. Қазақстанда қай өзендер қар-мұздық суларымен қоректенеді?

  45. Жердің су қабығы?

  46. Жер бетіндегі тұщы сулар қандай құбылысқа байланысты сарқылмайды?

  47. Өзеннің су ағатын орнын қалай атайды?

  48. Өзендегі судың кенет көтерілуін қалай атайды?

  49. Дүние жүзіндегі ең үлкен көл?

  50. Жер шарының қанша бөлігін Дүниежүзілік мұхит сулары алып жатыр?

  51. Мұхит түбіндегі ең ұзын жоталар?

  52. Мұхит түбінің үштен бір көлемін құрайтын үлкен қайраң (шельф) қайда орналасқан?

  53. Дүниежүзілік мұхит түбі бедерінің ірі формалары?

  54. Мұхит ағыстарының пайда болуына не әсер етеді?

  55. Судың беткі қабатында тіршілік ететін организмдер?

  56. Өзен жүйесі дегеніміз не?

  57. Мұхиттың белгілі бір бөліктеріндегі барлық қасиеттері жөнінен айырмашылықтары бар зор көлемді су?

  58. Жердің тіршілік қабығы?

  59. Жасыл өсімдіктер не себепті Күн сәулесі энергиясының әсерінен бейорганикалық заттардан органикалық зат түзеді?

  60. Бастапқы өнімді, яғни нәруыз (белок), крахмал және т.б. түзушілер?

  61. Адамдардың бір тобын екінші тобынан өзгеше етіп көрсететін ата-аналарынан балаларына берілетін белгі?

  62. Өсімдіктер массасының неғұрлым көп тараған зонасы?

  63. Адам қай қабықтың бөлігі?

  64. Биосфера географиялық қабықтың қандай бөлігі болып саналады?

  65. Жердегі организмдер қай қабаттарда таралған?

  66. Ең үлкен табиғат кешендерін атаңдар?

  67. Табиғат құрамбөліктерінің қайсысы бір-бірімен тығыз байланысты?

  68. Аталған табиғат кешендерінің қайсысы антропогендік кешенге жатады?

  69. Температуралық жағдайы және ылғалдылығы, топырағы, өсімдіктері мен жануарлары бір-бірімен байланысқан ірі табиғи кешен қалай аталады?

  70. Таулардағы табиғат зонасының алмасуы қалай аталады.

  71. Құрлықтағы табиғат зоналарының қалыптасуына қандай жағдайлар әсер етеді?

  72. Географиялық қабық құрамбөліктерінің біртұтас болып келу себебі неге байланысты?

  73. Атмосфералық қысымның өлшем бірлігі?

  74. Географиялық қабық деп нені атайды?

  75. Географиялық қабықта химиялық элементтердің қайсысы көбірек кездеседі?

  76. Географиялық қабықтың құрамы қанша бөліктен тұрады?

  77. Ең ірі табиғат кешені?

  78. Географиялық зоналылық дегеніміз не?

  79. Жазықтардағы табиғат зонасының ауысуын не деп атайды?

  80. Күн жылуының мөлшері мен ылғалдың әркелкілігіне байланысты табиғат зоналарының ауысу заңдылығы?

  81. Тауда табиғат зонасының алмасып келуі қалай аталады?

  82. Ең ірі табиғат кешені?

  83. Ұсақ табиғат кешені?

  84. Таяу Шығыстағы елдерді атаңдар?

  85. ОПЕК-ке мүше елдер?

  86. Заң шығаратын ең жоғары өкімет билігі парламенттің және өкіметтің қолында болатын басқару түрі?

  87. «Үлкен жетілікке» кіретін елдер?

  88. Батыс Еуропадағы қандай елдерді басқарудың монархиялы формасына жатқызуға болады?

  89. АСЕАН ұйымына қандай мемлекеттер кіреді?

  90. Минералды ресурстарға бай елдер?

  91. Топырақтың деградацияға ұшырауы мынадай елдердің қайсысында жоғарғы қарқынмен жүруде?

  92. Орманға бай елдер?

  93. Табиғат ресурстарына бай алты елді белгілендер?

  94. Дүниежүзіндегі 5 ірі теңіз порты?

  95. Мына ресурстардың қайсысы таусылмайтын ресурстарға жатпайды?

  96. Көрсетілген ресурстардың қайсысы таусылмайтын табиғи ресурстарға жатады?

  97. Дүниежүзілік саяси картаның пайда болу уақыты?

  98. Әкімшілік-аумақтық құрылыстың негізгі түрлері?

  99. Халық тығыз қоныстанған аймақ?

  100. 100 млн-нан астам халқы бар мемлекеттер?

  101. ХХ ғасырда дүние жүзінің қай аймағында халық саны күрт өсті?

  102. Қай елде жастарға қарағанда егде адамдар саны көп?

  103. Босваш мегалополисіне кіретін қалалар?

  104. Халық санының тез өскен кезеңі?

  105. Христиан дінін уағыздаушы елдер?

  106. Қала рөлінің басымдылығы мен қала халқы санының артуы?

  107. Көп ұлтты елдер?

  108. Балалардың үлес салмағы ең көп елдер?

  109. Халқының саны басқа елдерден көшіп келушілердің есебінен өзгеруін не деп атайды?

  110. Қытайлықтар, жапондықтар, корейлер қандай нәсілге жатады?

  111. Демографиялық саясат-бұл?

  112. Жер шарындағы халық санын анықтау?

  113. Урбандалу дегеніміз?

  114. Ең көп таралған тіл семьясы?

  115. Дүниежүзінде көп таралған тіл?

  116. Халықтың еңбекке жарамды бөлігі?

  117. Урбандалудың жоғары деңгейі?

  118. «Демографиялық жарылыс» процесі мына елдерге тән?

  119. Халықтың өсу заңдылықтары туралы ғылым?

  120. Өнімнің белгілі бір түрлерін өндіруге, белгілі бір қызмет көрсетуге және айырбастауға маманданады?

  121. Машина жасау салаларының ішінде баяу дамыған сала?

  122. Қай көлік дүниежүзілік жүк тасымалының 62%-ын, ал континентаралық жолаушы тасымалының 1%-ын құрайды?

  123. Мына елдердің қайсысында тау-кен өнеркәсібі дамыған?

  124. Дүниежүзілік шаруашылық қалыптасқан уақыт?

  125. Жаңа технологияны пайдаланып, ғылыми-техникалық жетістіктерді жүзеге асыру не деп аталады?

  126. Ғылыми-техникалық процестің негізгі бағыттарының бірі?

  127. Дүние жүзінде ұлттық шаруашылықтардың тарихи қалыптасқан жиынтығы?

  128. Өнеркәсіпте жаңа технологияны пайдаланып, ғылыми-техникалық жетістіктерді жүзеге асыруды не деп атайды?

  129. Боксит өндіруден алдынғы қатарлы 4 мемлекетті көрсетіңдер?

  130. Африкадағы мыс белдеуін құрайтын мемлекеттер?

  131. Көмір қорына бай 4 мемлекетті белгілеңдер?

  132. Энергиясының негізгі көзі геотермальдық су болып табылатын мемлекет?

  133. Қуатты су ресурстары бар елдер?

  134. Электр энергиясының 99,5 %-ын СЭС беретін елдер?

  135. Полимер химиясы беретін өнім?

  136. Ең арзан электр энергиясын алу көзі?

  137. Толысу электр станциялары бар елдер?

  138. Электр энергиясын ең көп тұтынушылар?

  139. Отын-энергетика байлықтары?

  140. Қара металлургияның негізгі шикізаты?

  141. Кен өндіру, металл қорытуымен айналысатын ауыр өнеркәсіп саласы?

  142. Мұнайдың Дүниежүзілік мұхиттағы кен орны қандай жерлерде орналасқан?

  143. Майлы дақылдары (қытайбұршақ, зәйтүн, майлы пальма, күнбағыс, жержаңғақ) өндіру жөнінен мынадай елдердің қайсысы дүние жүзінде бірінші орын алады?

  144. Ауыл шаруашылығын қарқынды дамыту дегеніміз не?

  145. Мынадай елдердің ішінде қай ел қант қызылшасын да, қант қамысын да өсіреді?

  146. Қай аймақта күріш көп өсіріледі?

  147. «Жасыл революция» дегеніміз не?

  148. Еуропада қант қызылшасының түсімі жөнінен алдыңғы қатарлы ел?

  149. Дүние жүзінде суды ең көп тұтынатын шаруашылық саласы?

  150. Дүние жүзіндегі күріш өсіретін аймақтарды көрсетіңдер?

  151. Жүгеріні көп өсіретін ел?

  152. Қай мемлекеттер ірі қара өсіруден дүние жүзінде алдыңғы орындарды алады?

  153. Дамыған елдердің көпшілігінің жетекші саласы не болып табылады?

  154. Көліктің бірнеше түрі тоғысып, өзара жүк алмасатын пункт?

  155. Жүк тасымалдаудағы көліктің маңызды түрі?

  156. Континентаралық жолаушылар тасымалдауда бірінші орындағы көлік түрі?

  157. Көліктің маусымдық түрі?

  158. Қысқа қашықтыққа жүк тасымалдауға қолайлы көлік түрі?

  159. Дамыған елдерде (АҚШ, Жапония, Франция және т.б.) жолаушы тасымалдауда қай көлік бірінші орын алады?

  160. Теміржол желісінің жиілігі жөнінен қай ел алда?

  161. Теңіз көлігі арқылы тасылатын жүктің түрі?

  162. Дүние жүзіндегі ірі екі теңіз каналдарын көрсетіңдер?

  163. Дүние жүзінде жүк айналымы бойынша бірінші орындағы көліктің түрі?

  164. Қай мемлекет «теңіз арбакеші» атағын алды, яғни оның сауда флотының үлкен бөлігі басқа елдерге жұмыс істейді?

  165. Халықаралық экономикалық байланыстардың неше негізгі түрлері бар?

  166. «Еркін экономикалық аймақтың» мәні неде?

  167. Несие-қаржы қатынастарының атқаратын қызметі?

  168. Халықаралық туризмнің негізгі таралу аймағын көрсетіңдер?

  169. Мемлекетаралық келісім саясаты негізінде тым терең және тұрақты өзара байланыстарда дамудың заңды процесі?

  170. Туристерді ең көп қабылдайтын мемлекет?

  171. Демалыс, туризм, емдік мақсатта пайдаланылатын ресурстар?

  172. Ресей құрлықта қандай мемлекеттермен шектеседі?

  173. Ресейдің солтүстіктегі шеткі нүктесі мына нүктелердің қайсысында орналасқан?

  174. Аталған аймақтардың қайсысында мынадай пайдалы қазбалардың түрлері: темір кені, мыс-никель, апатит кездеседі?

  175. Ресейдің халық саны?

  176. Жүгері, күздік бидай мен күнбағыс өсіретін негізгі аудан?

  177. Табиғат байлықтарына не жатады?

  178. Ресей аумағының көп бөлігі қандай климаттық белдеуде жатыр?

  179. Ресейдің сейсмикалық белсенді аймақтары?

  180. Украинадағы ең ірі қара металлургия орталығы?

  181. Украинаның толық циклді зауыты бар қалаларын атаңдар?

  182. Елдегі ең ірі өзендерді атаңдар?

  183. Украинадағы машина жасау орталықтары?

  184. Украинаның ірі портты қаласы?

  185. Көрсетілген елдердің қайсысы қант қызылшасын өсіруден дүние жүзінде алдыңғы орында?

  186. ТМД елдеріндегі жер көлемі ең үлкен мемлекет?

  187. Ресейдегі ірі қара металлургия орталығы?

  188. ТМД елдеріндегі қай мемлекет теміржолының ұзындығы бойынша бірінші орында?

  189. Ресейдің жер көлемі?

  190. Ресей қандай пайдалы қазбалардың қоры жағынан дүние жүзінде алдыңғы орынға ие?

  191. Ресейдің қай аудандарында қорықтар орналасқан?

  192. Ресейдің негізгі рекреациялық ауданы?

  193. Алтын мен алмаз Ресейдің қай ауданының табиғи байлығы болып саналады?

  194. Славян тіл тобына жататындар?

  195. Ресейдегі темірдің кен орны қайда орналасқан?

  196. Еділ өзені алабында қандай қалалар орналасқан?

  197. Ресей дүние жүзінде....неден бірінші орында?

  198. Липецк, Ескі Оскол, Була... өнеркәсіп ошақтарының орталығы?

  199. Поволжьенің түпкілікті тұрғындары?

  200. Ресейдегі ірі балық комбинаты қайда орналасқан?

  201. Ресейдің көп ұлтты аудандары?

  202. Орталық Азия климатына Үнді мұхиты муссондарының ықпал етуіне не кедергі жасайды?

  203. Орта Азияның ежелгі қорығы?

  204. Орта Азиядағы ең ірі шөл?

  205. Ауданы 907км2, ұзындығы 71 км болатын мұздық?

  206. Абсолюттік биіктігі 7495 м тау шыңы?

  207. Тянь-Шань мен Памир-Алтай аралығындағы шекара?

  208. ТМД елдеріндегі ең биік тау шыңы?

  209. Беларустың ірі машина жасау орталығы?

  210. Түрікменстандағы ірі су каналы?

  211. Грузия шаруашылығының негізгі саласы?

  212. Өзбекстанның ауыл шаруашылығы қандай салаға маманданған?

  213. Мына салалардың қайсысы Тәжікстанның маманданған салаларына жатады?

  214. Еуразия материгінің орталығында қандай республика орналасқан?

  215. Ақалтеке жылқысы қай елдің мақтанышы?

  216. Арал теңізі Қазақстаннан басқа тағы қай мемлекетпен шекаралас?

Тест сұрақтары 11 сынып

  1. Еуропаның неше елінде монархиялық құрылым сақталған?

  2. Батыс Еуропада қандай елдер әлеуметтік-аймақтық құрылымы жағынан басым түседі?

  3. Еуропалық Одақ қашан құрылды?

  4. Еуропалық Одаққа мүше емес елді атаңдар?

  5. Батыс Еуропадағы халқы көп ел?

  6. Батыс Еуропадағы «ергежейлі» елдерді атаңдар?

  7. Батыс Еуропадағы аса қарқынды дамыған шаруашылық салалары?

  8. Батыс Еуропадағы ең ірі теңіз порты?

  9. Батыс Еуропадағы алғашқы темір жол желісі қай елде салынды?

  10. Мына қалалардың қайсысы жағалауда орналасқан?

  11. Оңтүстік Уэльс экономикалық ауданы қандай елде орналасқан?

  12. Тулуза қай елдің қаласы?

  13. АЭС-тер үлесі жоғары елді атаңдар?

  14. Мына елдердің қайсысының халқы роман тіл тобына жатады?

  15. Мына елдердің қайсысы лютеран дінін ұстанады?

  16. Еуропаның ең биік нүктесі?

  17. Батыс Еуропадағы жүк айналымы ең жоғары өзен?

  18. Еуропадағы жері ең жазық ел?

  19. Еуропадағы жері ең таулы ел?

  20. Оңтүстік Еуропа ауыл шаруашылығының маманданған саласы?

  21. Еуропаның теңіз табаны есебінен аумағын ұлғайтып отырған елі?

  22. Мына елдердің қайсысы республика?

  23. Мына елдердің қайсысы Орта Еуропаға кірмейді?

  24. Мына елдердің қайсысы Оңтүстік Еуропаға кірмейді?

  25. Базель, Страсбург, Бонн қалалары қандай өзен бойында орналасқан?

  26. Норвегия қалаларынан тұратын қатарды табыңдар?

  27. Дания қалаларынан тұратын қатарды табыңдар?

  28. Бельгия қалаларынан тұратын қатарды табыңдар?

  29. Швецария қалаларынан тұратын қатарды табыңдар?

  30. Австрия қалаларынан тұратын қатарды табыңдар?

  31. Төмендегі елдердің қайсысы Балтық бойы елдеріне кірмейді?

  32. Батыс Европадағы палеозойлық аласа тау?

  33. «Дунайуворош» металлургия комбинаты қай елде орналасқан?

  34. «Икарус» автобусы қай елде шығарылады?

  35. Ірі боксит-алюминий өнеркәсібі қай елде орналасқан?

  36. «Шкода» автокөлігі қай елде шығарылады?

  37. Шығыс Еуропадағы халқы ең көп ел – Польшадағы халық саны?

  38. Шығыс Еуропадағы халқы ең аз ел – Эстониядағы халық саны?

  39. Польша қалаларынан ғана тұратын қатарды табыңдар?

  40. Словакия қалаларынан ғана тұратын қатарды табыңдар?

  41. Чехия қалаларынан ғана тұратын қатарды табыңдар?

  42. Венгрия қалаларынан ғана тұратын қатарды табыңдар?

  43. Қара теңіз жағалауында орналасқан елдерді атаңдар?

  44. Балтық теңізі жағалауында орналасқан елдерді атаңдар?

  45. Азия неше тарихи-географиялық аймаққа бөлінеді?

  46. Азияның теңіз деңгейінен орташа биіктігі қандай?

  47. Оңтүстік-Батыс Азия құрамына неше ел кіреді?

  48. Оңтүстік Азия құрамына неше ел кіреді?

  49. Оңтүстік-Шығыс Азия құрамына неше ел кіреді?

  50. Шығыс және Орталық Азия құрамына неше ел кіреді?

  51. Азиядағы бір ұлтты емес елді анықтаңдар?

  52. Азиядағы артта қалған елдерді анықтаңдар?

  53. Ресей және Қытай аралығында орналасқан елді атаңдар?

  54. Қазақстанмен тікелей шекараласпайтын елді атаңдар?

  55. Токайдо - Жапониядағы ең ірі?

  56. Жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің көрсеткіші жоғары елді атаңдар?

  57. Сыртқы сауда көлемі жөнінен Жапония дүние жүзінде нешінші орын алады?

  58. Қытай жері арқылы ағып өтпейтін өзенді атаңдар?

  59. Электр энергиясын өндірудің жалпы көлемі жөнінен Жапония дүние жүзінде нешінші орын алады?

  60. Жапонияның қара металлургия өнеркәсібі үшін шикізат қайдан әкелінеді?

  61. Жапония өнеркәсіп роботтарын шығару мен оны өндірісте пайдаланудан дүние жүзінде нешінші орын алады?

  62. Жапонияда неше экономикалық аудан бар?

  63. Қытай Халық Республикасы қай жылы тәуелсіздік алды?

  64. Түркия жағалауын шаймайтын теңізді атаңдар?

  65. ОПЕК құрамына кірмейтін елді атаңдар?

  66. АҚШ-тың қандай қаласы оның «автокөлік астанасы» деп аталады?

  67. АҚШ-тың «Силикон аңғары» қандай шаруашылық саласына маманданған?

  68. АҚШ-тағы адамның шаруашылық әрекеті әсерінен қатты өзгеріске ұшыраған табиғат зонасын атаңдар?

  69. АҚШ жері арқылы неше сағаттық белдеу өтеді?

  70. АҚШ әкімшілік жағынан неше штаттан құралады?

  71. АҚШ-тағы геотермалды станциялар қайда салынған?

  72. АҚШ жеріндегі күшті желдер қалай аталады?

  73. АҚШ-тың байырғы халықтарын атаңдар?

  74. АҚШ-та неше ірі мегалополис бар?

  75. АҚШ-тағы әуе-ғарыш өндірісі қай қалада шоғырланған?

  76. АҚШ-тың қай қаласы «мұнай химиясының астанасы» деп аталады?

  77. АҚШ жерінде неше өнеркәсіптік белдеу қалыптасқан?

  78. АҚШ-тағы «бидай белдеуі» қандай жазықта орналасқан?

  79. АҚШ-тағы «жүгері белдеуі» қандай жазықта орналасқан?

  80. АҚШ-тағы «мақта белдеуі» қандай жазықта орналасқан?

  81. АҚШ-тың «жеміс-жидек себеті» қандай жазықта орналасқан?

  82. АҚШ-тың «экономикалық астанасы» қандай қала?

  83. АҚШ-та неше экономикалық аудан бар?

  84. АҚШ-тағы атақты «Силикон аңғары» қандай штатта орналасқан?

  85. 2002 жылғы қысқы олимпиада ойындары АҚШ-тың қандай қаласында өткізілді?

  86. АҚШ-та неше ұлттық саябақ бар?

  87. Канада электр энергиясын өндіруден дүние жүзінде нешінші орында тұр?

  88. Канадалықтардың өмір жасының орташа ұзақтығы?

  89. Канаданың әлемдік нарықтағы басты маманданған салалары?

  90. Канада жер көлемі жөнінен дүние жүзінде нешінші орын алады?

  91. Ацтектер өркениетінің орталығы қай жер?

  92. Майя өркениетінің орталығы қай жер?

  93. Инктер өркениетінің орталығы қай жер?

  94. Латын Америкасында күміс қоры жөнінен дүние жүзінде бірінші орында тұрған ел?

  95. Амазонка ормандарында ағаштың қанша түрі кездеседі?

  96. Миллионер қалалар үлесі қандай елде басым?

  97. Латын Америкасындағы мыс өндіруден жетекші елді атаңдар?

  98. Солтүстік Америкалық еркін сауда аймағы (НАФТА) құрамына Латын Америкасының қандай елі мүше?

  99. ОПЕК құрамына Латын Америкасынан қандай ел кіреді?

  100. ЖІӨ-нің жалпы көлемі жөнінен алғашқы ондыққа кірген Латын Америкасы елін атаңдар?

  101. Африканың минералды ресурстарының ішіндегі дүниежүзілік маңызы бар түрлері?

  102. Африканың ең биік шыңы?

  103. Африкадағы энергетикалық қуаты аса жоғары өзен?

  104. Африкада ауыл шаруашылығы қажетіне кеңінен қолданылатын табиғат зонасы?

  105. Африкадағы қала халқының үлесі ең жоғары ел?

  106. Африка халқының ұдайы өсу қарқыны?

  107. Африкадағы ұлттық саябақтардың жиі шоғырланған ауданы?

  108. Африкадағы мұнай мен табиғи газ қандай құрылымдарға сәйкес келеді?

  109. Африка саваннасына тән ағаштар?

  110. Африкадағы қорғауға алынған жерлердің жалпы саны?

  111. Африкадағы халқы ең көп ел?

  112. Мадагаскар аралындағы малагасийлықтар қалай қалыптасты?

  113. Африканың тек мақта өсіруге маманданған елдері?

  114. Африканың тек какао өсіруге маманданған елдері?

  115. Африканың тек кофе өсіруге маманданған елдері?

  116. Африканың тек құрма өсіруге маманданған елдері?

  117. Теңіз жүк айналымының көрсеткіші бойынша Африкадағы алдыңғы ел?

  118. Мұнайды сыртқа шығаруға маманданған Африка елдері?

  119. Мысты сыртқа шығаруға маманданған Африка елдері?

  120. Темір кенін сыртқа шығаруға маманданған Африка елдері?

  121. Уран кенін сыртқа шығаруға маманданған Африка елдері?

  122. ОАР-дың «экономикалық астанасы» қандай қала?

  123. Африка елдері ішкі айырмашылықтарына қарай неше аймаққа бөлінеді?

  124. ОАР шаруашылығының жетекші саласы?

  125. Аустралияны ашқан саяхатшы?

  126. Мұхит аралдары құрамына кірмейтін арал?

  127. Аустралия климаттық жағдайы жағынан қандай материк деп аталады?

  128. Аустралия халқының құрамындағы аборигендер үлесі қанша?

  129. Аустралиядағы халықтың орташа тығыздығы 1км2-ге неше адамнан келеді?

  130. Аустралия халқының қанша пайызы қалада тұрады?

  131. Аустралия халқының қанша бөлігі ЭБХ-ты құрайды?

  132. Аустралия алтын өндіру мен оны сыртқа шығарудан нешінші орында?

  133. Аустралиядағы қойдың жалпы саны қанша?

  134. Аустралия дүние жүзінде боксит өндіруден нешінші орында?

  135. Аустралия дүние жүзінде жүн өндіруден нешінші орында?

  136. Аустралияның сыртқы жүк тасымалында қандай көлік пайдаланылады?

  137. Аустралияның ішкі жүк айналымында қандай көлік басым пайдаланылады?

  138. Аустралиядағы жолаушы тасымалында қандай көлік басым пайдаланылады?

  139. Ядролық қаруларды сынауды тоқтату мақсатында құрылған қозғалыс?

  140. Чернобыль АЭС-індегі апат қашан болды?

  141. Озон қабатының қандай маңызы бар?

  142. Алғашқы атом бомбасы Жапонияның қандай қаласына тасталды?

  143. Озон қабатының жұқаруына себепкер химиялық қосылыс?

  144. Ұзаққа созылатын қуаңшылық жиі байқалатын жерлер?

  145. Дүние жүзі елдері азық-түлікпен қамтамасыз етілу деңгейі бойынша неше топқа бөлінеді?

  146. Сарқылатын табиғат ресурстарын атаңдар?

  147. Дүние жүзінде жан басына шаққанда жылдан-жылға өнделетін жер үлесінің ауданы?