Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

все файлы 2 / ЕНТ география-1 / География каз / Вопросы по географии каз

..docx
Скачиваний:
23
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
20.03 Кб
Скачать

Атмосфера

  1. Атмосфераның құрамына қандай газдар кіреді, қайсысы басым?

  2. Атмосфера дегеніміз не? Қандай қабаттардан тұрады?

  3. Атмосфераның жерге жақын төменгі қабаты?

  4. Тропосфераның жоғарғы бөлігінде қай қабат орналасқан, ол қандай биіктікке дейін барады?

  5. Ғарыштық құралдардың көмегімен Қазақстанның қай аймақтарындағы атмосфераның ластануы жайында мағлұматтар алынған?

  6. Күн көзінің түсуінің өсімдіктер қандай газ бөледі?

  7. Тропосфера қабатында әр 100 м көтерілген сайын ауа температурасы неше градусқа төмендейді?

  8. Ауа температурасын өлшейтін құрал қалай аталады, өлшем бірлігі қандай?

  9. Тәуліктік амплитуда дегеніміз не?

  10. Солтүстік жарты шарда ең ыстық ай қайсы, ең суық қай ай?

  11. Неге оңтүстік жарты шарда ең ыстық ай – қаңтар?

  12. Географтық ендікке байланысты ауа температурасы қалай өзгереді?

  13. Атмосфералық қысым дегеніміз не?

  14. Әр шаршы сантиметрге ауа қабаты қандай күшпен салмақ түсіреді?

  15. Жер бетіндегі ауа қысымының әр түрлі болуының басты себебі?

  16. Қалыпты атмосфералық қысым қандай және ол қандай жағдайда болады?

  17. Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал және оның өлшем бірлігі?

  18. Атмосфераның жер бетіне таяу қабатында әрбір 10 м биіктікке көтерілген сайын қысым қалай өзгереді?

  19. Атмосфераның құрамына газдардан басқа не кіреді?

  20. Ауадағы су буының мөлшері мұхит бетінде көп пе әлде құрлық бетінде ме? Неге?

  21. Ауа су буымен қаныққанда салыстырмалы ылғалдық 100% - ға жетсе, қалай өзгереді?

  22. Абсолют ылғалдық дегеніміз не? Оның өлшем бірлігі қандай?

  23. Салыстырмалы ылғалдық дегеніміз не? Оның өлшем бірлігі қандай?

  24. Белгілі жағдайда су буларының сұйық күйге айналуын не деп атайды?

  25. Салыстырма ылғалдық қандай құралмен өлшенеді?

  26. Тұман дегеніміз не?

  27. Бұлт дегеніміз не? Бұлттың қандай түрлері болады?

  28. Аспанды бұлттың торлау дәрежесін не деп атйды?

  29. Булану дегеніміз не?

  30. Атмосфералық жауын – шашын дегеніміз не?

  31. Жауын – шашынның қандай түрлерін білесің?

  32. Жел дегеніміз не?

  33. Желдің бағыты мен жылдамдығы қандай құралмен өлшенеді?

  34. Қандай желдер бағытын екі рет, ал қандай желдер тәулігіне екі рет өзгертеді?

  35. Қандай жел кестесін жел өрнегі деп атйды?

  36. Ауа райы дегеніміз не? Ауа райының қандай элементтері бар?

  37. Ғалымдар ауа райы туралы мәліметтерді қайдан алады?

  38. Ауа райын болжау дегеніміз не? Ауа массасының қандай түрлері болады?

  39. Ауа массасы дегеніміз не? Ауа массасының қандай түрлері болады?

  40. Жер күнді қанша уақытта айналып шығады? Ол ненің ауысуына әкеледі?

  41. Жер бетінің қай аймақтарында поляр күні және поляр түні болады?

  42. Күзгі және көктемгі күн теңелуі дегеніміз не?

  43. 66,5°C ендіктен солтүстік плюске дейінгі полярлық күн мен оңтүстік жарты шарда 66,5°C ендіктен оңтүстік полюске дейінгі полярлық түн болатын параллельді не деп атайды?

  44. Жер бетіндегі жылу белдеулері нешеу және қандай?

  45. Қазақстан қай жылу белдеуінде орналасқан?

  46. Климат дегеніміз не? Климаттың элементтеріне не жатады?

  47. Жер беті қандай климаттық белдеулерге бөлінеді?

  48. Қандай климаттық белдеулерді өтпелі дейді? Олар нешеу?

  49. Қыстың келгенін қандай құбылыс көрсетеді?

  50. Қазақстан қай климаттық белдеуде орналасқан?

  51. Ауаның жердегі тіршілік үшін маңызы қандай?

  52. Азот пен оттегінің тіршілік үшін маңызы қандай?

  53. Жер бетіне көмірқышқыл газы қалай жиналады,оның тіршілік үшін маңызы?

  54. Атмосфераның жеке қабаттарында температура қалай өзгереді?

  55. Тропосферада биіктік артқан сайын температура неліктен төмендейді?

  56. Неге атмосфераны жер шарының қорғанышы деп атайды?

  57. Тірі ағзалар үшін көмірқышқыл газының рөлі қандай?

  58. Адамның тіршілігі үшін тропосфераның маңызы қандай?

  59. Егер бөлменің ішін желдетпесе неге соңғы сабақтарда бас ауыра бастайды?

  60. Үлкен қала ортасында,автобус аялдамасында,орманда,өзен жағасында немесе саяжайда тыныс алу қалай болады?

  61. Тропосферада ауа жылынушылық негізгі көзі не және неге күн сәулесінің тура түсуінен ауа жылынбайды?

  62. Тропосферада ауа температурасының биіктікке байланысты төмендеуі неліктен?

  63. Құрлық бетімен су бетінде ауа неліктен бірдей жылынбайды?

  64. Егер теңіз бетінде температура +24°C болса,3 км биіктікте температура қанша болады?

  65. Егер жер бетінде ауа температурасы 0°C болса,2 км биіктікте қанша болады?

  66. Тәуліктік ең төмен температура көрсеткіші неге түн ортасында емес, күн шығар алдындағы уақытқа тура келеді?

  67. Құрлық беті мен су бетіндегі ауа температурасының амплитуда мөлшері неліктен бір-біріне алшақ болады?

  68. Тәулік ішінде температура ең жоғарғы көрсеткішке ауысады,ал қай уақытта ең төменгі температура байқалады?

  69. Атмосфералық қысымның өзгеруіне қандай жағдайлар әсер етеді?

  70. Атмосфералық қысым А нүктесінде 790 мм Б нүктесінде 810 мм. Екі нүктенің абсолют және салыстырма биіктіктерін тап.

  71. Неге атмосфералық қысым уақытқа байланысты өзгереді?

  72. Неге атмосфералық қысымның айырмашалығы жер бетінің биіктігіне байланысты өзгереді?

  73. Ауадағы су буы қоңыржай белдеуге қарағанда экватор маңында көп болуының себебі не?

  74. Ауадағы су буы биіктік бойынша неге азаяды?

  75. Тұман мен бұлттың ұқсастығы мен айырмашылығы неде?

  76. Қандай бұлттар нөсер жаңбыр жауғызады,қандай бұлттардан ақ жауын жауады,ал қандай бұлттардан жауын жаумайды?

  77. Күн мен ай қандай жағдайда қораланады?

  78. Бұлттан жаңбыр жауу үшін қандай жағдай қажет?

  79. Бұршақ қалай пайда болады?және оның адам тіршілігіне тигізетін зияны?

  80. Шық пен қыраудың айырмашылығы неде,және олар қандай жағдайда түседі?

  81. Желдің болуынық басты себебі қандай?

  82. Климат картасында жел қандай шартты белгімен белгіленеді,және ол нені көрсетеді?

  83. Неге жер беті әр түрлі жылынады?

  84. Бриз және муссонның айырмашылығы мен ұқсастығы неде?

  85. Ауа райы дегеніміз не және неге ауа райы өзгеріп тұрады?

  86. Ауа райының қандай болжауларын білесің? Қандай белгілер бойынша ауа райының өзгерісін айтуға болады?

  87. Климат және ауа райының анықтамасын бер.Олардың айырмашылығы неде?

  88. Жер бетінің климатқа әсері қандай болады?

  89. Ауа райының құбылыстары неге атмосфераның төменгі қабаттарында болады?

  90. Ауа массасы континенттік және теңіздік болады.Олардың бір-бірінен айырмашылығы неде?

  91. Экваторлық ауа қай белдеуде қалыптасады?Қандай көрсеткіштерімен ерекшеленуі

  92. Экваторлық ауа тропиктік ауадан қандай метеорологиялық көрсеткіштерімен айырмашылық жасайды?

  93. Жер бетінің қандай аудандарында жыл мезгілдерінің анық ауысуын байқататын ауа массалары бар? Жыл мезгілдерін ата.

  94. Солтүстік жарты шарда 22 маусым ең ұзақ күн, ең қысқа түн, бұл күн қалай аталады?

  95. Мұхиттар мен теңіздердің жер климатына әсері қандай?

  96. Континеттік климаттық теңіздік климаттан айырмашылығы қандай?

  97. Жер бедерінің климатқа әсері қандай? Мысал келтір.

  98. Атмосфераға және климатқа адамның әрекеті қалай әсер етеді?

  99. Адамның шаруашылық әрекетінен атмосфераның қандай ластанулары болады?

  100. Қатты аяздар, қар көшкіні көктайғақ адам тіршілік әрекетіне қандай қауіп әкеледі?.