Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
бота.docx
Скачиваний:
73
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
937.88 Кб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе

І тарау. Қонақ үй туралы жалпы түсінік...................................................................5

    1. Қонақ үйлердің шығу тарихы.......................................................……………5

    2. Қонақ үйдің түрлері...........................................................................................8

    3. Қонақ үйдің мәні мен мазмұны..........................................................................9

II тарау. Қонақ үйді классификациялау...................................................................13

2.1. Классификация туралы жалпы түсінк..............................................................13

2.2. Елдер бойынша қонақ үй классификациясының жүйесі.................................16

ІІІ тарау. “Астана Арт” қонақ үйі туралы жалпы мағұлмат......................................19

3.1. Астана Арт қонақ үйінің ұйымдастыру ерекшеліктері...................................21

3.2. Астана Арт қонақ үйдегі этика.......................................................................24 Қорытынды.....................................................................................................................28

Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................................29

Қосымша

Кіріспе

Туризм жоғары табысты және қарқынды түрде дамып келе жатқан сала болып табылады.Әлемдік туристік ұйымның мәліметтері бойынша дүниежүзілік өндірістік – сервистік нарық айналымының – 10 %, әлемдік жиынтық ұлттық табыстың – 6 %, дүниежүзілік инвистицияның — 7 %, әрбір 9 — шы жұмыс орнын, дүниежүзі бойынша тұтынушылар шығындарының – 11 % және барлық салық түсімдерінің – 5 % туризм саласы қамтиды.Бұл мәліметтер туризм индустриясының жоғарғы экономикалық тиімділігірің айғағы болып табылады және таза экономикалық тиімді – лікке енетін туризмді дамыту арқылы қол жеткізуге болады.Сондық – танда туризмді дамытуға қонақ үй салалы үлес қосады.Себебі, қонақ үй туристер үшін сапалы қызмет көрсетеді, оларға барлық жағдайды жасайды. ДТҰ, туризм жөніндегі мамандандырылған халықаралық ұйымдардың зерттеулерінің талдауына, сондай – ақ мемлекттердің туризмді дамыту саясатына сәйкес, туризм мемлекетінің әлеуметтік, мәдени және эконо – микалық өміріне тікелей ықпал ететін қызмет ретінде түсіндіріледі. Қонақ үй қызметінің саласы – бұл адамдар арасындағы қарым – қатынас, нақты алушы мен сатушы арасындағы байланыс.Яғни, қызмет көрсетушілердің күш жігері демалушыларға арналып, қонақтардың ойын жаулап алу мақсатында ауқымды дәрежеде қызмет көрсету.Туризм саласындағы қызметкерлердің нақты жұмыс барысы, жұмыс уақыты, демалыс уақыты тура белгіленсе, онда бұл салада үлкен жетістіктер,атақ абыройға ие бола алады.Аз ғана уақытқа болса да туристер үшін қонақ үй – ақылы уақытша өз үйі.Ал үй ішінде адам өзін жақты сезіну, көтеріңкі көңілде болу, оны әрқашан көтеріңкі көңілмен күтіп алатындығына, оның барлық сұраныс түрлерін қанағаттандыратындығына сенімді болу шарт.Осындай жолмен ғана қонақ үйлерді туристердің екінші үйі ретінде, осы үйге қайта – қайта келу тілегін қалыптастыру керек.

Жалпы қонақ үй шаруашылығы бизнесін туристік бизнестен қарастыру мүмкін емес. Өйткені, қонақ үй шаруашылығы халықты жұмыспен қамтамасыз етеді және пайда табу көзі болып табылады. Қонақ үй шаруашылығы — әр бір мемлекеттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық өміріне тікелей ықпал ететін қызмет түрі.

Қонақ үй жұмысы үлкен табыс әкелетін маңызды салаға айнала бастады.

XIX ғасырдағы өндірістердің дамуы  қонақжайлығы, туризмнің дамуымен байланысты.

XVIII–XIX ғасырлардағы мемлекетаралық экономикалық және саяси байланыстардың өсуі, Еуропа қалаларындағы қонақ үй шаруашылығының тез дамуына ықпал етеді.Қонақ үй жұмысы үлкен табыс әкелетін маңызды салаға айнала бастады.XIX ғасырдағы өндірістердің дамуы  қонақжайлығы, туризмнің дамуымен байланысты.Теңіз жағалауларында, минералды су көздері маңында табиғаты керемет орындарда ірі және ұсақ қонақ үйлер құрылыстары бой көтере бастады. Олардың уақыт өте келе техникалық жабдықталуы, қонақтарға арналып өте ыңғайлы жағдай жасалынып қызмет көрсетудің әдістері және түрлері өзгерді.Экономиканың бұл облысында компаниялар, акционерлік қоғамдар, корпорациялар және синдикаттар пайда бола бастады.Осындай біріккен ірі мекемелер өз еліндегі қонақ үй  шаруашылықтарын басқара отырып, сондай – ақ басқа мемлекеттерде қонақ үй тұрғызумен айналысты.Лондонда қонақ үй синдикаты, Францияда «Қонақ үй қожайын одағы» құрылды. Бұл мекемелердің  жеке иегерлері нөмірлерге бағаларын белгілеп, қонақ үй қызметкерлері мен мамандар даярлап туризмнің дамуына жағдай жасады.1906 жылы «Халықаралық қонақ үй иелерінің одағы» құрылып, әр түрлі әлем елдерінің 1700 қонақ үй иегерлерін біріктірді.Еуропаның  ең ірі қалаларында  қонақ үйлерді басқа бағытта пайдалану басталды. Ол жерлерде казино ойындарын өткізу, прессконфепенция өткізу қарастырылған.Қонақ үй шаруашылығының тез қарқынмен дамуы XX ғасырда басталды. Бұған себеп автомашиналардың сапалы және сандық бағытта тез өсуі, әуе және темір жол транспорты, мемлекет аралық сауданың, мәдениеттің, ғылыми – техникалық және спорттық байланыстардың өріс алуы болып табылады.Қазіргі «Қонақжай индустриясы» дегеніміз отельдер, мейрамханалар, барлар, курорттар, ойын – сауық үйлері, казино, сауықтыру кешендерін құрайды.XVIII – XIX ғасырда өнеркәсіп орындары мен сауда байланыстарының өсуімен, қалалар  саны артып, қонақ үйлер ашылды. 1818 жылы Мәскеуде жеті қонақ үй жүйесі жұмыс жасады. 1900  жылы Петербургте 325 қонақ үй ашылды. Ал 1910 жылы Ресейде 4685 қонақ үй жұмыс істей бастады. Ол қонақ үйлердің  бәрі таза коммерциялық мекемелер мен жеке адамдар меншігіне қарасты еді.Октябрь  ревалюциясынан кейін, Кеңес үкіметінің декретімен, барлық қонақ үйлер ұлттандырылып, қонақ үй шаруашылығы түбегейлі қайта құруға ұшырады. 1940 жылы 669 қалада қонақ үй тұрғызылды. Ал Ұлы Отан соғысы кезеңінде барлық халық  шаруашылығына, соның ішінде қонақ үй  шаруашылығына үлкен  зиян келтірілді. Соғыс жылдарынан кейін қайта қалпына келтіру жұмыстары  мен жаңа қонақ үй жұмыстарының құрылыстары, қайта жабдықтау басталды.1960 жылдарға таяу Кеңес Одағының  1364 қаласында, қонақтарға 1476 қонақ үйде қызмет көрсетті.

І тарау. Қонақ үй туралы жалпы түсінік.

«Қонақжайлық» түсінігі адамзат өркениеті  сияқты ескі түсінік. Қонақ үйдің ең алғаш шығуы, адамдарға қызмет көрсету кәсібімен, түнгі жатар орнына тоқтау себебтерімен тікелей байланысты.Қонақ үйлер әдетте бір елмен басқа елдерге баратын басты жолдардың бойында орналасады. Сонымен бірге жолаушыларды күтумен қатар, қонақ үйлерде үкімет қызметкерлерімен өкілдер жұмыс жүргізеді. Қонақ үйлерде адамдарға түнеу, баспана, сол жерде тамқтандырады, аттарын ауыстырады.Орта ғасырларда Еуропада тұрақты аулалар монастырлар кезінде соғыла бастады. Шіркеу жолаушылары діни қызметкерлерге, әулие жерлерге саяхаттаушыларға арнап қонақ жайлар ұйымдастыруды міндеттеді.Уақыт өте келе тегін қонақжайлылықтан кіріс табуға есептелінген мекемелерге айналды. Алғашқы қонақ үйлер бастамасы Таяу шығыста, Орталық Азияда және Кавказияда орын ала бастады. Шөл далалар мен таулы үстірттерде саудагерлер тауар керуендерімен жолаушылайды. Олар әдетте  шатырларда, кеу кездері керуен сарайларда, әр түрлі қонақжай кешендерінде, адамдардың арнайы түнеу орындарында жайғасты. Сауда  байланысының дамуына байланысты Еуропада қонақжай шаруашылығының біршама өсуіне әкеп соқтырды. Мысалы XIV – ғасырда Миланда 150 қонақ үйі орын алды. Дегенмен ол кезеңдегі қонақжай шаруашылығы ең төменгі сатыда еді. Қонақ үйлерде ешқандай жағдай болмады, санитарлық  деңгейі өте төменгі жағдайда болды.