Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

шпор Ксіпкер

.docx
Скачиваний:
109
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
119.09 Кб
Скачать

Г) коммуникабельді

Д) техника мен технологияларды білу қажет дейді.

КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚ ТАРЫ: Кәсіпкерлердің құқықтары дегенде, біз жеке және кәсіпкерлік ұйымдардың құқықтарын түсінеміз. Кәсіпкерлердің құқықтары заңдармен белгіленеді. Кәсіпкерлердің азаматтық құқықтары мен міндеттері:

-заңда қарастырылған келісім-шарттар мен мәмілелерден (айырбас шарты, факторинг шарты, франчайзинг шарты және т.б.), заңда қарастырылмаған бірақ заңға қайшы келмейтін келісім-шарттар мен мәмілелерден;

-азаматтық құқықтық міндеттерін белгілейтін сот шешімдерінен;

-заңмен жол берілетін мүлікке ие болу нәтижесінде;

-ғылыми, мәдени, әдеби, туындылар құру нәтижесінде;

-өзге тұлғаға зиян келтіру нәтижесінде;

-азаматтардың және заңды тұлғалардың өзге әрекеті нәтижесінде туындайды.

Қолданыстағы заңнамада кәсіпкер келесідей құқықтарға ие:

-заң рұқсат беретін кәсіпкерліктің кез-келген түрімен айналысуға;

-кез-келген ұйымдық – құқықтық формадағы жеке кәсіппен айналысуға;

-кәсіпкерлік әрекетпен айналысуға қажет өз қарамағында кез-келген мүлікке ие болуы.

Мүліктің көлемі заңмен шектелмейді.

- өз бизнесін жеке жоспарлауға;

-тауарды тұтынушыларды таңдауға, өндірістің барлық факторларын тасымалдаушыларды таңдауға, заңға сәйкес кәсіпкерлік келісім-шарттарды жүргізуге;

- жалдамалы жұмысшылардың еңбек ақы мөлшерін бекітуге, қосымша материалдық көмек көрсетуге, бірақ бұл құқықтар құрылтайшылар құжаттарында көрсетілуі қажет және еңбек заңына қайшы келмеуі тиіс;

- жалдамалы жұмысшыларға қосымша демалыс беруге;

- жұмысшыларды еңбек заңына сәйкес келісім-шарт арқылы жұмысқа тартуға;

- сыртқы экономикалық, сыртқы сауда әрекетімен айналысуға;

- кез-келген банкте есеп-шот ашуға;

- тауар өндіруге, қызмет көрсетуге мемлекеттік тапсырыс алуға, зейнетақы, медециналық және әлеуметтік сақтандыруға, мемлекеттік билік органдарының заңсыз шешімдеріне өзінің заңды құқығын қорғауға құқылы.

КӘСІПКЕРЛІК ӘРЕКЕТТІҢ ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ФОРМАЛАРЫЖеке кәсіпкерлер кәсіпкерлік әрекетін заңды тұлға құрмай- ақ асыра береді. Сондықтан оны қандай да бір ұйымдық – құқықтық формаға жатқызуға болмайды. Қарапайым серіктестіктер де ұйымдық – құықтық формаға жатпайды. Күрделі кәсіпкерлік ұйымдар (концерны, картелдер, консорциумдар, холдингтер, қаржылық – өндірістік топтар және т.б. ) әртүрлі ұйымдық –құықытық формада құрылады, бірақ тәжірибеде акционерлік қоғам түрінде құрылады.

Қонақжайлық және туристік бизнестің құқықтық негізі кәсіпкерлік болып табылады. Сапарларды ұйымдастыруына қарай туроперторлар мен турагенттіктердің қызметтерін әртүрлі меншіктегі кәсіпорындар жүргізілуі мүмкін. Сондықтан кәсіпкер қандай меншік формасында қызмет атқаратыны маңызды. Егер бұл мемелкеттік мүлік болса, онда ол мемлекеттік кәсіпорын. Мүліктік ерекшелігіне қарай құрылтайшылар немесе ұйымның мүлікке деген құқықтарын анықтайды. Осыған орай мүліктік қарым-қатынастың үш моделін бөледі:

-шаруашылық серіктестердің, қоғамдардың, кооперативтердің құрылтайшылары мүліктерін заңды тұлғаға тапсыра отырып оған деген ие болу құқығынан айырылады. Бірақ құрылтайшыларда табыс, дивидент алуға, істерді басқаруға қатысуға деген құқықтары пайда болады;

-мемлекеттік, муниципалды кәсіпорынның құрылтайшылары ұйымдағы мүліктің;

-қоғамдық, діни ұйымдардың, қайырымдылық және өзге фондтардың құрылтайшылары ешқандай мүліктік құқыққа ие болмайды.

КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ: Кәсіпкерлік адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. «Кәсіпкерлік» терминін алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон енгізді. Кәсіпкерлік ұғымына ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызды. Кәсіпкерлік дегеніміз азаматтар мен бірлестіктердің мүлікті жауапкершілік пен тәуекел ету негізінде іске асырылатын, жоғары табыс алуға бағытталған шығармашылық, дербес іс-әрекеттері. Кәсіпкерлік бірнеше түрлері бар. Атқаратын қызметіне қарай былай бөлінеді: өндірістік, коммерциялық, қаржылық және консультациялық.

Меншік түрлеріне бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі.

Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе коллективтің құрамы болуы керек.

Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді: ұжымдық-құқықтық және ұжымдық-экономикалық.

КӘСІПКЕРЛІК ИДЕЯЛАРДЫ ІРІТКЕУ ЖӘНЕ ІСКЕ АСЫРУ: Кәсіпкерлік идея - бұл белгілі бір қызмет немесе тауарды нарық қажеттілігінде қамтамасыз ете алатын және жаңашылдықтан қосымша табыс алатын экономикалық белсенділіктің кәсіпкер шығарған жаңа формасы.Кәсіпкерлік әрекетте идеялар банкін құруды талап етеді. Әрбір кәсіпкер шешім қабылдау процессінде ешкімге тәуелсіз және жеке өзі ғана жүргізеді. Бірақ олардың орындалуы мен кезеңдері келесідегідей топтастыруға болады: - кәсіпкер идеяның жүзеге асырылуын эксперттік тұрғыдан бағалайды - идеяны практикалық тұрғыдан бағалау үшін нарықтың жағдайлар туралы ақпарат жинайды - туристік нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың объектісін, аналогтық қызметтердің жүзеге асыру мүмкіндігі, өндірістің тежелуін, табыс көлемі және өндірістің қызметтердің тиімділігі және т.б. кәсіпкерлік іс-шаралар өткізіледі - екінші эксперттік баға мамандарды тартумен анықталады және кәсіпкердің идеяларының мүмкіндігпен сәйкес келуін анықтау. - кәсіпкер осы идеяны жүзеге асыруға шешім қабылдайды немесе басқа кәсіпкерлік идеяны ойластырады. Қабылданған шешімді жүзеге асыруды бірнеше кезеңдерден тұрады: - Бизнес – жоспарлау, оның мәні жобаны іске асырудағы нақты дәлме-дәл есептеу. Сонымен қатар бизнес – планда кәсіпорынның ұйымдық формасы және идеяны жүзеге асырудағы алғашқы кезеңнің ақша құралдарымен қаржыландыру көрсетіледі. - Қаржы ақша құралдарын және әріптестерді тарту Егер фирма алғаш құрылған болса мемлекеттік тіркеуде оған келесідей формальностар қажет: - құрылтайшылардың санын анықтау және құрылтайшылар құжаттарын жасау - фирманың қызметі және құрылуы туралы құрылтайшылардың келісім-шарттарының қорытындысы - фирманың жарлығын бекіту және фирма құрылтайшыларының директорды және басқа да басқарушыларды қызмет бабын белгілеу туралы №1 хаттамасын бекіту - Банкте уақытша есеп-шот ашу - Фирманың орналасу жеріне байланысты тіркеу палатасының бөлімшесінде фирманы тіркеу - Фирма басқарушыларының банкке өз қаржысын салу және банкте тұрақты есеп-шотын ашу - Ауданның салық инспекциясында кәсіпорынды тіркеу - Дөңгелек мөр мен бұрыштық штампты дайындау үшін рұқсат алу - Қызмет көрсетуге немесе тауарды шығаруға фирманың ұйымдық – техникалық дайындығы Жұмыс істеп тұрған фирманы және іскерлік байланыстарды басқару - Басында жоспарланған кәсіпкерлік идея нәтижелі болған кезде ғана, кәсіпкерлік идея сәтті жүзеге асты деуге болады.

КӘСІПКЕРЛІК КАПИТАЛ ТҮСІНІГІ, КАПИТАЛ НЕГІЗІ Жалпы капиталға екі түрлі анықтама беріледі. Бірінші – каитал деген құрал – жабдықтардың жиынтығы, екінші – капитал деген ақша соммасы. Екі жақта капитал шаруашылықты пайда табу үшін қолданылады дейді. Кәсіпкер бизнесті ұйымдастырудың бастапқы кезеңінде капиталдың алғашқы салымын жасау керек. Старттық капитал – деп өндірістің бастапқы кезеңінде жасалатын капиталдың алғашқы соммасы мен ағымдағы сомасының жиынтығы аталады. Старттық алғашқы капитал – кәсіпорын тіркеуге, банкте есеп шот ашуға, ғимарат сатып алуға немесе оны жалға алуға, ғимаратты жөндеуге, құрал – жабдықтар, патент, лицензия сатып алуға жұмсалады. Капитал негізгі және айналмалы болып бөлінеді.

КӘСІПКЕРЛІК КЕЛІСІМ-ШАРТ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК: Кәсіпкерлік шарттың түсінігі және мәні туралы мәселе, бірінші кезекте, шартты түсінудің бұрыннан бар тәсілдеріне талдау жасауды талап етеді. Бұл мәселеге қатысты тәсілдерінің алуан түрлілігі римдік құқықтан бастау алады, ал оның ережелеріне сәйкес шартты құқықтық қатынастардың пайда болуының негіздемесі, сол негіздемеден шығатын құқықтық қатынастың өзі немесе тиісті құқықтық қатынас қабылдайтын форма ретінде қарастыруға болады. Шарт жағдайындағы қазіргі заманғы түсініктер жоғарыда келтірілген аспектілерді бойына сіңірген: шарт ретінде екі немесе бірнеше адамның азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі немесе тоқтатылуы туралы келісімін танумен қатар, шарт деп оның барлық қатысушыларының еркі бойынша заңдық факт, құқықтық қатынас, құжат, міндеттемелердің пайда болуын тіркейтін кесім және басқалары түсініледі. Кәсіпкерлік шарттардың тек өздеріне тән ерекшеліктері бар. Кеңестік шаруашылық құқық теоретиктерінің бірі А.Г.Быковтың пікірі бойынша, шаруашылық шарттың өзгеше белгілері: -арнайы субъектілік құрам; -шаруашылық шартпен қоғамдық қатынастардың ерекше саласын жанама түрге келтіру; -шаруашылық шарттың жоспарлы сипаты болып табылған. Әрине, қазіргі заман жағдайында бұрыннан келе жатқан шарттарды жоспарлы және жоспарлы емес деп бөлу енді қолданыс таппайды. Е.А.Суханов әділдікпен атап кеткендей, қалыпты, азаматтық шарттан айырмашылығы тек оның қатысушылары бір-бірімен ештеңеге келісе алмай, жоспарлау-реттеу органдарының нұсқаулары бойынша шарт тараптары болып жарияланған шаруашылық шарт құрылысы енді келмеске кетті. Бірақ, соған қарамастан, шаруашылық шарттың басқадай белгілері нарықтық қатынастар жағдайында да өзектілігін жойған жоқ. Кәсіпкерлік шарттың формасы мәмілелер мен шарттардың формасына жататын жалпы ережелермен, сонымен қатар кәсіпкерлік шарттардың көптеген түрлерінің формасына жататын арнайы ережелермен реттеледі. Жалпы ереже бойынша мәмілелер ауызша немесе жазбаша түрде (жай немесе нотариалдық рәсімдеу) жасалады. Егер мәмілелердің жекелеген түрлері үшін заңдарда өзгеше жағдай арнайы көзделмесе немесе іскерлік қызмет аясы машықтарынан туындамаса, мәмілелерді жасау барысында орындалатындардан басқа, кәсіпкерлік қызметүдерісінде жүзеге асырылатын, сонымен қатар нақты мәмілелерден басқа, жүз есептік көрсеткіштен асатын сомаға жасалатын мәмілелер жазбаша орындалуға тиіс (ҚР-ның АК 152-бабының 1-тармағы)

КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ ҰҒЫМЫ: Нарықтық экономика жағдайында өндірістік немесе басқа да іспен айналысатын кез келген кәсіпорынды негізінде кәсіпкер деп айта аламыз.

Кәсіпкерлер деп жаңалық енгізуді жүзеге асыратын жаңа тәсілді қолданатын шаруашылық субъектілерді айтамыз. «Кәсіпкер» ұғымы кәсіпкерлік іс ұғымымен қатар жүреді. Кәсіпкерлік іс дегеніміз өндіріс, қызмет көрсету, жұмыс орындау сияқты шаруашылық және басқа да істе пайда түсіру мақсатымен жеке адамдардың кәсіпорындар немесе ұйымдардың заң жүзінде жүзеге асыратын ісі. Кәсіпкерлік істің субъектілері жеке адамдарда әріптестердің бірлестігі де бола алады.Кәсіпкерлік істің субъектісі ретінде жеке адамдар, жеке немесе жанұялық кәсіпорындарды ұйымдастыру арқылы бола алады.Мұндай кәсіпкерлер өз еңбегінің шығынымен ғана шектеледі.

Кәсіпкерлік істің маңызды белгілеріне біздің ойымызша келесі шамаларды жатқызуға болады:

1) шаруашылық субъектілердің дербестігі, тәуелсіздігі, өзін-өзі билеушілігі. 2) кәсіпкердің экономикалық мүдделілігі, қызығушылығы

3) шаруашылық қауіп пен жауапкершілік

:КӘСІПКЕРЛІК ҚҰРЫЛЫМДАРДЫ БАСҚАРУ: Жалпы өркениетті елдердің қай қайсысын алсақ та өздерінің экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуде кәсіпкерлікке арқа сүйейді. Себебі кәсіпкерлік халықтың әл-ауқатын арттырумен қатар қосымша жұмыс орындарының ашылуына да себебін тигізеді. Кәсіпкерліктің осындай және басқа да экономикалық және әлеуметтік функциялары оны дамыту мәселесін маңызды мемлекеттік міндеттер қатарына жатқызуға және экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді. Техникалық прогресс, тұтынушы сұранысын толық қанағаттандыру кәсіпкерліктің тиімділігіне байланысты болады.

Кәсіпкерліктің түрі формаларының өзара тиімді антымақтастық құруы келешегі зор бағыт. Шағын кәсіпорындар ғылыми техникалық жетістіктерді қабылдауға анағұрлым қабілетті, нарықтағы сұраныс өзгерісіне оңай бейімделеді. Сондай-ақ ірі кәсіпорындарға тауарлар жеткізу мен қызмет көрсету құқығы үшін өзара бәсекеге барады, мұның өзі олардың тұрақты табыстарына кепілдік береді. Олар ірі кәсіпорындардың орнықтылығын және өндірістік диверсификациясын қамтамасыз етіп, монополистік бағытқа қарсы әрекет етеді. Кәсіпкерлік нарықта колсалтингтік, брокерлік, маклерлік, делдалдық, жарнама, қолданбалы зерттеу жұмыстары бойынша қызмет көрсетумен қамтамасыз етіліп, белсенді рөль атқарады. Кәсіпкерлер өздерінің күштері мен қаржыларын біріктіріп, жалғыз бастылықтан ұжымдық іскерлікке  өтуге бейім тұрады. Бұл жағдайда ортақ біртұтас кәсіпорын құрамында жекелеген кәсіпкер өз мүлкіне жекеменшігін сақтайды. Дегенмен де серіктестіктерде, кооперативтерде оның құрылтайшылары мен қатысушылары құрал-жабдық және басқа да мүлікті толық немесе ішінара біріктіреді. Жеке кәсіпкерліктің бұл мүмкіндігі бизнесті дамытушы күш, маңызды фактор болып есептелінеді. Сонымен қатар, ұжымдық бизнестің көптеген формалары капиталдың қосылуы, ортақ меншіктің құрылуы, осы бірігудің барлық мүлкіне жауап беретін заңды тұлға жасаумен байланысты.

 КӘСІПКЕРЛІК ОРТА ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ЖАҒДАЙЛАР

кәсіпкелік елде белгілі бір сыртқы және ішкі факторлардың, өркениетті кәсіпкерліктің дамуына жақсы мүмкіндіктер туғызып, қамтамасыз ететін жағдайлардың арқасында ғана дами алады, яғни белгілі бір кәсіпкерлік орта қалыптасқан болса.

Кәсіпкерлік ортаның астарынан нарықтық-экономиканың барлық субъектілерінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған кәсіпкерлік әрекетпен айналыса алатын еңбекке қабілетті азаматтарды экономикалық бостандықпен қамтамасыз ететін елдегі қалыптасқан әлеуметтік – экономикалық, саяси, азаматтық – құқықтық жағдайларды түсінеміз.

Кәсіпкерлер алдарына қойған мақсаттарын жүзеге асыруда табысқа жетуіне, кәсіпкерлік жобалар мен келісім – шарттарда іске асыруға, кіріс алуға мүмкіндік беретін объективті және субъективті факторлардың жиынтығы негізінде және кәсіпкерлік орта құрайтын белгілі бір жағдайлар негізінде қызмет етеді. Күрделі жүйе ретінде кәсіпкерлік орта кәсіпкерлерге тәуелсіз сыртқы және кәсіпкерлер тікелей қалыптастыратын ішкі орта болып бөлінеді.

Кәсіпкерлік орта өндірістік күштерді дамыту, экономикалық қатынастарды жетілдіру, жағымды қоғамдық және мемлекеттік менталитет құру, нарықты кәсіпкерлердің тіршілік ету ортасы ретінде қалыптастыру және басқа да маңызды жағдайлар негізінде қалыптасады. Кәсіпкердің табысқа жетуі оның қызмет ету жағдайларына байланысты.

Осы жағдайлардың бірнешеуін келтірейік;

Кәсіпкерлік  орта – бұл кәсіпкерліктің нәтижелеріне әсер ететін, оны жүзеге асыратын қоғамдық жағдайлар. Сол қоғамдық жағдайлардың келесідегідей топтарын ажыратады:

Экономикалық жағдайлар – бұл туристік тауарлардың ұсынысы және оларға деген төлемге қабілетті сұраныс; кәсіпкерлікке арналған заемдық  қарзы құралдардың мөлшері және қол жетерлілігі; альтернативтік

қызметтердің және олардың бағасының болуы; туристік нарықтың инфрақұрылымның дамығыштығы; бәсекелестік жағдайдың болуы.

Әлеуметтік жағдайлар -  бұл қоғамның кәсіпкерлікті дамыту жолдары мен оған деген қатынас туралы түсінігі; мемлекеттің (басқару аппаратының) кәсіпкерлікке қатынасы; ұлттық салт пен дәстүрлер; кәсіпкер іскерлікке қарым-қатынасқа түсетін мамандардың білім деңгейі.

Құқықтық жағдайлар – бұл кәсіпкерлік әрекетті реттеп отыратын және кәсіпкерліктің дамуына жағдай туғызатын заңдық актілер. Ең маңызды заң ол кәсіпкерлік әрекеттің кепілділігі, меншікке құқықтылық және келісім шарт міндеттемелерін сақтау туралы заңдар болып табылады.

КӘСІПКЕРЛІК ТӘУЕКЕЛДЕР: Нарықтық экономикада фирманың қызмет жасауы үнемі айқынсыздықпен және тәукелмен байланысты. Кәсіпкерлік қызметте тәукелсіз нәтижеге жету мүмкін емес. Тәукелге берілген анықтамалар көп. Солардың дәлдігі – кәсіпкерлік іс әрекет нәтижесінде мүмкін болатын қауіп қатерлер. Тәукелдің бірнеше түрлері бар: Өндірістік, коммерциялық, қаржылық, пайыздық.

-Өндірістік тәуекел – кез – келген өндірістік кәсіпорында өнімді өндірумен және оны өткізумен байланысты. Бұл тәукелге өнімнің белгіленген көлемінің өзгеруі, өткізу қарқыны, материалдық және еңбек шығындарының артық жұмсалуы, нарықтағы баға деңгейінің кемуі, брак себептері тікелей ықпал жасайды.

-Коммерциялық тәукел – кәсіпкерлерге бекітілген тауар мен қызмет көрсету процесін өткергенде туындайды. Қазіргі уақытта коммерциялық тәукелдің кең тараған түріне – тауардың атып алу бағаының өсуін, сатып алу көлемінің ойламаған жерден төмендеуін, айналым процесіндегі тауардың жоғалуын, өткізу көлемінің төмендеуін және т.б. жатқызуға болады.

-Қаржылық тәукел – кәсіпорын мен банк немесе өзге де қаржы институттары арасында пайда болатын тәукел.

КӘСІПКЕРЛІК ТЕОРИЯСЫНЫҢ ДАМУЫ: . Жалпы экономикалық прогресс кәсіпкерліктің дамуымен байланысты. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік – шаруашылық қызметтің маңзды түрі болып табылады. өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлік концепциясының бірінші кезеңі «кәсіпкерлік теориясының» классигі Р. Кантильон есімімен байланысты. Ол бірініш рет кәсіпкерліктің негізгі тұлғасын анықтады. Кәсіпкер – белгілі бағада сатып алушы, белгісіз бағада сатушы, яғни тәуекелге барушы адам. Классикалық экономикалық теорияда кәсіпкерлік ұдайы өндірістің негізі ретінде тәуекел үшін табыс алу ретінде қарастырылды. ХХ ғ. Соңғы 60 жылында әртүрлі бағыттағы мамандық иелері (экономистер, философтар, психологтар, әлеуметтанушылар және т.б.) кәсіпкерліктің даму теориясына, оның елдің экономикалық дамуында алатын орнына ерекше көңіл бөлуде, әсіресе, жеке кәсіпкердің тұлғалық ерекшелігі мен оның өз бизнесіндегі жетістікке жету талпынысына аса назар аударуда. ХХ ғ. екінші жартысында көптеген батыс елдерінде өркениетті кәсіпкерліктің даму кезеңі басталды. 30 жылдары атақты америка кәсіпкері Генри Форд І-нің еңбектері жарық көре бастады, ал 1953 ж – К. Рендолдың «Кредо свободного предпринимательство» атты еңбегі шықты. Батыс ғалымдарының көптеген экономикалық ғылыми еңбектері 70-ы жылдары шыға бастаса, соңғы 15 жылда кәсіпкерлік мәселесіне байланысты еңбектер қарқынды түрде жарық көре бастауда. Экономикалық теорияға үлкен үлес қосқан Ф. Хайек, И. Шумпетер және П. Друкер ғалым – экономистердің кәсіпкерлікке деген көзқарасын қарастырайық. И. Шумпетер кәсіпкерлік қызметтің дамуындағы капиталға ерекше көңіл аударады. Капитал  – ол қозғаушы күш. Шумпетер капиталды кәсіпкердің кез-келген уақытында иелігінде бола алатын қаржыны айтады. Шумпетер алғашқы капитал деп кәсіпорынның құрылуы мен қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қаржыны айтады. Алғашқы капитал негізгі және айналмалы болып 2-ге бөлінеді. Алғашқысы жер участкісін, ғимарат, машина және т.б. алуға жұмсалса, екіншісі – қажетті шикізат, еңбек ақысын төлеуге өтеледі жұмсалады. Шумпетер кәсіпкерлік қызметке итермелейтін мотивтер мен дәлеледерді бөліп көрсетеді. Ол оны келесідей топтарға жіктейді: 1. үстемдік етуге талпыныс; 2. жеңіске деген құлшыныс; 3. шығармашылық қуаныш. И. Шумпетер кәсіпкерлік табыстың теориясын жасайды. И. Шумпетер кәсіпорындардың табысқа деген талпынысына ерекше көңіл бөледі. Ф. Хайектің ойынша, кәсіпкер ерекше мінез – құлыққа ие болу керек. Өзге субъектіге әлі белгісіз жаңа табысты табудың көзін аша білу керек. Қазіргі жағдайда кәсіпкерлер жоғарғы нарықтық бәсекелестікте қызмет жасайды және осы бәсекеге қабілетті ғана кәсіпкер табысқа жете алады. Кәсіпкерлік теорияның дамуына атақты америка ғалымы П. Друкер де үлкен үлес қосты. Ол өз еңбектерінде кәсіпкерлік теорияның дамуында француз экономисті Ж.Б. Сэйдің орнын ерекше атап өтеді. Ж.Б. Сэй 1800 жылдың өзінде кәсіпкер экономикалық ресурстарды өнімділік пен табысты төменнен жоғарылататынын атап көрсеткен. Оның ойынша кәсіпкер деп – өзінің кіші бизнесін ашқан адамды айтуға болады, бірақ кез –келген кіші бизнес кәсіпкерлікке жатпайды, тек жаңа нарық пен жаңа тұтынушыларға ие бизнесті айтуға болады. Друкер кәсіпкерлікті не ғылымға, не өнерге жатқызбайды. Бұл нақты қызмет, практика. Әрине кәсіпкерліктің де өзінің білім базасы болады, ал білім кәсіпкерлікте табысқа жету үшін қажет. Бірақ көптеген мамандар кәсіпкерлікті ерекше бір қабілеттің, талантың көрінісі ретінде қарастырады. Кәсіпкерлік туралы ғылыми және тәжірибелік көзқарастар К.Веспер, Г. Пиншат, Р. Хизрич, М. Питере, А. Хоскинг және т.б. шет ел ғалымдарының еңбектерінде де ерекше  көңіл бөлген.

КӘСІПКЕРЛІК ТӘУЕКЕЛДІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖІКТЕЛУІ: Кәсіпкерлік тәуекел - өнімдерді тауарларды, қызмет көрсетулерді өндірумен, оларды өткізумен, тауар-ақша және қаржы операцияларымен, коммерциямен байланысты кез келген қызмет түрінде пайда болатын әлеуетті мүмкін қауіптілік, ресурстарды ықтимал жоғалтулар. Ол ресурстардың күтпеген, есептелмеген шығыны ретінде немесе ресурстарды ұтымды пайдалануға есептелген нұсқамен салыстырғандағы табысты ала алмауы ретінде сипатталады. Кәсіпкерлік тәуекелдің жіктелуі: Кәсіпкерлік қызмет белгілері бойынша: өндірістік тәуекел өнім тауар өндіруге және қызмет көрсетуге, кез келген өндірістік қызмет түрін жүзеге асыруға байланысты; коммерциялық тәуекел өндірген немесе сатып алған тауарларды және қызмет көрсетуді өткізу процесінде туады; қаржылық тәуекел кәсіпкердің банктермен және басқа қаржы институттарыен қатынас сферасында пайда болады; заңдық – заң актілерінің төмен сапасымен және заңдағы күтпеген өзгерістермен байланысты; инвестициялық тәуекел – техникалық экономикалық негіздемені сапасыз жасаумен, жобаның құнының күтпеген өсуімен, қоршаған орнһтаны қорғау туралы заңның күшеюіне байланысты; сақтандыру т. – сақтандыру қорын қалыптастурымен, қорды басқарумен байланысты. Аумағы бойынша: жергілікті, салалық, елдік. Пайда болу табиғаты бойынша: субъективті және объективті. Туу сферасы бойынша: ішкі, сыртқы. Мүмкіндігі бойынша: сақтандырылатын, сақтандырылмайтын.

КӘСІПКЕРЛІК ТӘУЕКЕЛДІЛІКТІ САҚТАНДЫРУ: Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру - мүліктік сақтандырудың ішкі саласы. Мұнда кәсіпкердің сақтанушы ретінде іс-қимыл жасайтын келісімшарт жасасушы агенттерінің өз міндеттемелерін бұзуы себепті кәсіпкерлік қызметтен болған залалдар тәуекелін немесе кәсіпкерге байланысты емес жағдайлармен осы қызмет шарттарының өзгеруінен болған залалды өтеу көзделеді, соның ішінде күтілген кірісті толық алмай қалу қатері сақтандырылады. Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарты бойынша тек сол сақтанушының кәсіпкерлік тәуекелі және тек соның пайдасына ғана сақтандырылуы мүмкін. Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру түрлері: өндірістегі үзілістен сақтандыру; инвестицияны сақтандыру; депозитті сақтандыру; қаржы кепілдіктерін сақтандыру төлем төлеңбеу қатерін сақтандыру, экспорттық несиені сақтандыру т. б.

Шетелдерде кеңінен тараған кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру практикасы біртіндеп біздің елге де келе бастады. Сақтандырудың осы түрінің экономикалық пайдасы алдағы уақытта қазақстандық кәсіпорындардың қалыпты жұмыс практикасына айналатынын шетел тәжірибесі көрсетіп отыр. Сақтандырудың бұл түрі шаруашылықты жүргізетін субъектілердің қаржылық жағдайына қолайсыз жағдайлардың ешқандай ықпал етпейтін талаптарды қамтамасыз етеді.

Бүгінгі күні Қазақстанда 36 сақтандыру компаниясы жұмыс атқаруда, олардың ішінде 14 компанияның кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру сыныбы бойынша лицензиясы бар.

КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУ ТАРИХЫ Жалпы экономикалық прогресс кәсіпкерліктің дамуымен байланысты. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік – шаруашылық қызметтің маңзды түрі болып табылады. өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Оныңролін көрсетуде, Адам Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда табу үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипаттайды. Кәсіпкерлік өндірістің, нарықтың және бүкіл қоғамның дамуына ықпал етеді. Осыған байланысты кәсіпкерліңтің теориясы мен тәжірибесіне деген мүдделілік өсіп отыр.

Экономикалық теорияда кәсіпкерлік  түсінігін өзіндік ерекшлеліктеріне сәйкес бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Кәсіпкерлік концепциясының бірінші кезеңі «кәсіпкерлік теориясының» классигі Р. Кантильон есімімен байланысты. Ол бірініш рет кәсіпкерліктің негізгі тұлғасын анықтады. Кәсіпкер – белгілі бағада сатып алушы, белгісіз бағада сатушы, яғни тәуекелге барушы адам. Классикалық экономикалық теорияда кәсіпкерлік ұдайы өндірістің негізі ретінде тәуекел үшін табыс алу ретінде қарастырылды. Тәукелді төмендету үшін негізгі өндіріс факторларын : жер, еңбек, капиталды тиімді үйлестіруге тура келеді.

ХХ ғ. Соңғы 60 жылында әртүрлі бағыттағы мамандық иелері (экономистер, философтар, психологтар, әлеуметтанушылар және т.б.) кәсіпкерліктің даму теориясына, оның елдің экономикалық дамуында алатын орнына ерекше көңіл бөлуде, ХХ ғ. екінші жартысында көптеген батыс елдерінде өркениетті кәсіпкерліктің даму кезеңі басталды. Шумпетер кәсіпкерлік қызметке итермелейтін мотивтер мен дәлеледерді бөліп көрсетеді. . Ол оны келесідей топтарға жіктейді:

1. үстемдік етуге талпыныс

2. жеңіске деген құлшыныс

3. шығармашылық қуаныш. 

КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ЕРЕКШЕ- ЛІКТЕРІ: Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік және іскерлік – адамның еркін өмір сүру түрі. Белсенділік, іскерлік адамдардың мінез-құлқы типтерімен байланысты болатын шығар. Кәсіпкерлік екі мағынада пайдаланылады: біреуі – белгілі бір істің түрі; екіншісі – сол іспен шұғылданатын нақтылы қоғамдық тап. Кәсіпкерліктің ерекшеліктері:

—         дербестік және тәуелсіздік;

—         экономикалық ынталылық;

—         шаруашылық тәуекел және жеке жауапкершілік;

—         жаңашылдық.

КӘСІПОРЫН ТҮСІНІГІ. КӘСІПОРЫННЫҢ ЖІТЕЛУІ: Кәсіпорын – қоғамдағы еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауланған дербес өндірістік-шаруашылық бірлік, яки заңды тұлға құқығы берілген шаруашылық жүргізуші субъект; өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырудың негізгі нысаны. Ол әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда алу мақсатымен еңбек ұжымын пайдалана отырып, өнім(тауар) өндіреді, жұмыстарды орындайды, қызметтер көрсетеді және өндіріс құрал-жабдығы мен басқа да мүлікке меншік нысандарына қарамастан заңды тұлға ретінде және шаруашылық есеп принципіне сүйеніп әрекет етеді. Кәсіпорын заңнамада тыйым салынбаған және кәсіпорынның жарғысында көзделген мақсаттарға сай келетін кез келген шаруашылық қызметпен айналыса алады. Кәсіпорын өзінің қызметін дербес жүзеге асырады, шығарылатын өнімін, салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған пайданы иеленеді 1.Аралас кәсіпорын– меншік нысандары алуан түрлі кәсіпорын, оның қызметі бірлескен қызметті жүзеге асырушы серіктестердің үлеспұлдық жарналарына негізделген. 2. Бірлескен кәсіпорын – екі не одан көп елдің заңды тұлға құқықтары бар құрылтайшыларының (фирмаларының, компанияларының, т.б.) мүлкін біріктіру негізінде құрылған кәсіпорын. 3. Венчурлік кәсіпорын – ғылыми-зерттеулермен, инженерлік талдамалармен, жаңалықтар ашумен және енгізумен, соның ішінде ірі фирмалардың тапсырыстары және мемлекеттік қосалқы келісім-шарттар бойынша жаңа енгізілімдер жасаумен айналысатын шағын кәсіпорын. 4. Ұжымдық кәсіпорын – мемлекеттік кәсіпорынды құнын төлеп алған жағдайда немесе мүлікті еңбек ұжымы заңды жолмен сатып алған жағдайда құрылатын шаруашылық бірлік.