Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

filosofia_shpor

.docx
Скачиваний:
37
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
113.36 Кб
Скачать

20. В.Соловьевтің бәрінің бірлігі философиясы В.С Соловьевтің фил-ң негізгі идеясы-дүниедегі бәрінің бірлігі ол оны славянофилдер сияқты, халықтың бірлігіне теңемейді, оған ғарыштық. Яғни онтологиялық мән мағына береді. Оның ойынша, болмыс., өмір сургеннің бәрі- бірегей, бір-бірін қамтып жатыр. Болмыстың төменгі деңгейі жоғарыға өтуге,жоғарыдағы төменді бойына қамтуға тырысады. Дүниенің бірлігінің негізінде құдай жатыр. Ол- Жаратқан мен жаратылғанның бірлігі. Бірақ В.С. Соловьев құдайды адамға ұқсатып қарауға болмайдыдеген пікір айтады. Оның ойынша Ол-«ғарыштық зерде», «тұлғадан жоғары»,»дүниеде-іс-әрекет жасайтын ерекше ұйымдастырушы күш» т.с.с. Бізді айнала қоршаған жағалай ортаны кемеліне келіп, еш мінсіз жаратылған дүние деп айтуға болмайды. Оның негізгі себебі- Құдай- Абсолюттің өзінің іштей қайшылығы .  Дүниедегі барлығ ын қамту үшін көптік қажет. Сондықтан алғашқы «ғарыштық зерде» сан алуан мән мағынаға бөлініп, Аристотельдің терминімен айтсақ, әр түрлі заттардың энтелехиясын, яғни ішкі мақсатқа лайықтылық дамуын қамтамасыз етеді. Ал дүнедегінін бәрін біріктіріп, рухани күш қуат беретін «дүние жүзілік жан-дүние», яғни София ал оның өзі – Құдайдың эманациясының туындысы.Сонымен Құдай, Дүние және Адамзат Софияның дәнекерлігі арқылы бірлікке негізделген қарым – қатынаста.                      

21.Г.Гегельдің құқық философиясы. Гегель (1770-1831) – классикалық неміс философиясының шыңы. Оның философиясының негізгі ұстанымы – болмыс пен ойлаудың тепе – теңдігі. Философия дегеніміз - әлемді идеяда игеру. Гегельдің пікірінше, идеялар үш деңгейде өмір сүреді.Гегель өз ізденістерінде табиғат философиясын, рух философиясын, тарих философиясын анықтауға мән берді.Табиғат Гегельдің пікірінше, идеяның антитезисі, яғни идеяның өмір сүру формасы. Рух субъективті, объективті, абсолютті болып үшке бөлінеді. Субъективті рух – жан, жеке адамның рухы. Объективті рух – бүкіл қоғамның рухы. Оның көрінісі – құқық. Абсолютті рух – рухтың ең жоғарғы көрінісі. Оның көрінісі - өнер, дін, философия. Гегель тарих философиясында да өзіне тән үштік принципін қолданады.Өз - өзімен өмір сүретін идея – тіршілік ету, сапа, сан, мән, қайшылық, ұғымдар идеясы. Табиғаттағы идеялар – кеңістік, уақыт, материя, қозғалыс, геологиялық, өсімдік, жануарлар табиғаты, тіршілік, өлім идеялары, рухтағы идеялар – жан, сана, рух, құқық, мораль, адамгершілік, мемлекет, өнер, дін, философия идеялары.Гегель идеялар жүйесін жасайды, бір идеядан басқа идеяларды тудыруға тырысады. Оның пікірінше, философия идеялары ғылыми, әмбебап логика, яғни идеялар қозғалысының логикасы, диалектикалық логика.Гегельдің пікірінше, адамзаттың рухани мәдениеті өзінің заңды дамуында әлемдік рухтың шығармашылық күшінің бірте – бірте көріне бастауы ретінде өркендейді. Жеке адамның рухани дамуы әлемдік рухтың өзін - өзі тануының кезеңдерін қайталайды.

22. Гегельдің философиялық жүйесі.Гегель философиялық жүйесін жасау жолында ойлау мен болмыстың теңдігінен бастайды. Ал онда оның Шеллингтің ф- н айырмашылығы неде деген сұрақ пайда болуы мүмкін. Расында да, Шеллинг, жоғарыда көрсеткендей абсолюттің ойлау мен болмысының тепе – теңдігін мойындады. Бірақ солтепе –теңдіктен шыңудың қайнар көзін ол белгісіз бір құдіретті күштен көреді де, оны тек қана эзотерикалық (құпия) жолмен сезінуге болатынын айтады.Ал Гегельге келсек ол сол ойлапу мен болмыстың теңдігін ғана мойындап қоймай, оны айырмашылық ұғыммен тығыз байланыстырып, олалдың өзара ішкі диалектикасын ұғымдық (категориялық) деңгейде түсінуге болатынын айтады. Гегель  «ақиқат – алдын ала құйылып, қалтаға салуға дайын тқрған күміс ақша емес» , оған жету үшін жеке адам жалпы рухтың өткен тарихи жолымен танысып, оны егжей тегжей біліп, игеру керек екенін айтты. Осындай диалектикалық көзқарастың негізінде Гегель өзінің орасан зор философиялық жүйесін тудырады. Ол абсолюттік идеядан басталады. Басқаша сөзбен айтқанда, ол абсолюттік білім, таза үғым – шынайы болмыстың өзі. Оның өз – өзіне келіп тануын, өз – өзін анықтауын ол  « логика ғылымы» арқылы береді.Сонымен қатар абсолютті идея өз – өзіне тең ойлау сатысынан өтіп, іс – әрекет арқылы өзінің өзге болмысына  - табиғатқа айналады. Ал табиғат дегеніміз, Гегельдің ойынша, немқұрайды сыртқы затқа айналған идея. Табиғаттың мақсаты – өзінің тікелей сатысынан өтіп,Феникс құсы сияқты өзін қайта жанару үшін жағып, жасарып, осы сыртқы болмыстан рух ретінде қайта дүниеген келу болып табылады.Гегельдің ф –қ жүйесіндегі ең құндысы – оның рух жөніндегі ойлары. Ол адамзат рухын тарихи көзқарас тұрғысынан талдап,оның даму сатылары жөнінде тамаша ойлар мен пікірлер айтады.Гегельдің ойынша, рух даму процесінде өзінің ұш сатысынан өтеді:1.Субъективті рух, яғни жеке адамның санасы.2.Объективті рух, оған ол құқ, мораль, адамгершілік, отбасы, азаматтық мемлекеттікті жатқызады.3.Абсолюттік рух – ол өнер, дін және философия.   

23.Гносеологияның негізгі мәселелері мен сұрақтары:Таны теориясы н\е гносеология фил.да оның ең алғашқы даму кезеңінде ақ п.б. Гно\я грек тілінен аударғанда таным туралы білім деген мағынаны білдіреді. Гно\я адамның табиғаттың, нақты білімге қатынасын , оның мәдениет пен комуникация жүйесіндегі өмір сүру шартын, білімге жетудің заңдылықтары мен тәсілдерін оқытады. Гно\я ад\ң дүниені танып білу қабілетін, танымның негізгі заңдылықтарын,әдістерін, жолдарын зерттейтін фил\қ ілім.  

24.Гносеологияның негізгі концепциялары:сенсуализм,интуитивизм,эмпиризм,рационализм.Сенсуализм таным теориясындағы бағыт, сезімдікті нақты танымның басты формасы ж\е танымның барлық мазмұны сезім мүшелерінің қызметінен туындайды деп есептейді. Импиризм (гр. Emperia –тәжірибе )-таным процесін тек сезімдік тәжіребемен бай\ты қарастыратын гно\қ бағыт, бүкіл ғылым, өмірлік тәжірибе ж\е адамгершілік тәжірибеге ғана негізделуі тиіс деп түсіндіретін методологиялық принцип.Рационализм (лат ratio ақыл ой ) таным проц\ң басты құралы ретінде ақыл ойды, пайымды, ойлауды танитын метод ж\е оның негізінде қалыптасқан фил\қ  бағыттар жиынтығы.                 

25. Даму ұғымы , бағыттары.Дамудың мәні мен оның әртүрлі мәселелерін терең қарастыратын ілім диалектика деп аталады.Грек тілінен аударғанда бұл термин әңгіме жүргізудің өнері немесе талас тартыс өнері деген мағынаны білдіреді.Даму  идеалды ж/е материалды объектілердің қайта айналмауын білдіретін сандық сапалық өзгерістер.Даму белгілі бір бағыттары болады.Олар прогресс,регресс.Прогресс латын тілінен аударғанда өрлеу,күрделену мағынаны білдіреді.Прогресс дегеніміз- төменнен жоғарыға,қарапайымнан күрделіге өту,даму.Регресс лат. Құлдырау деген мағынаны білдіреді.Регресс дегеніміз- жоғарыдан төменге өту,құлдырау,деградация.Ал біртіндеп даму заттың тұрақты ұйымдасу деңгейінің шеңберіндегі кейбір жақтарын біртіндеп жетілуі

26. Даоцизм ілімі.Бұл ағымды Қытайдың натур философиясы деуге болар еді. Негізін қалаушы Лао-Цзы (6-5 ғ.ғ). «Даодецзин» деген кітапта бұл кісінің айтқан ойларын оның оқушылары мен ізбасарлары  4 ғ. жинақтаған.  Даоцизмнің онтологиялық (болмыс мәселелері).Лао Цзы фил-ң негізгі ұғымы –Дао қытай тіліндегі көп сөздер сияқты өзінің бойына әр түрлі мағына сіңірген ұғым. Дао,бір жағынан, дүниенің қайнар қөзі, алғашқы негіз рерінде түсіндірілсе 2 жағынан ол- аспан заңдылықтары, бұкіл дүниедегі заттар мен құбылыстар оған бағынышты. Дүниенің негңізінде жатқан Даоны біз «мәңгілік, ол өзгермейді,бітімсіз,танылмайды»- дейміз.Оған қаншалықты мұқият қарағанмен ол көрінбейді, зер қойып тыңдасақ естілмейді, оған ат қойайын десек қалай атарымызды білмейміз, оның аты жоқ. Ол-еш нәрсе, бейболмыс.Дао бүкіл өмірге келетіннің терең қақпасы. Дао тудырған болмысты, заттар әлемін,Лао-Цзы «Де»-деген сөзбен береді. Дао заттарды тудырса Де оларды асырайды. Сонымен Бейболмыс-бірінші,нақтылы дүние, болмыс- екінші. Дүниедегі барлық заттар болмыстан шығады, ал болмыс бейболмыстан туады. Даоцизмдегі дүниетанымдық мәселелер.Даоны тану жолында сезімдік, іңкәрлік бізді оған ешқашанда жеткізбейді. Адам сезімдік жолмен тек қана шектелген нақты заттарды ғана тани алады. Сондықтан адам іңкәрліктен арылып, тыныштық жағдайға келгенде ғана дүниеге тереңдей алады. Дүние тану жолындағы жасалған ұғымдарды сараптап олардың бір текті мән-мағнасын анықтау қажеттігін Даоцизм асыра көрсетті.» Даоцизмнің моральдық ілімі Кун-Фу-Цзы іліміне қарама қарсы.Конфуций адамдардың бір-біріне жақсылық жасау керектігк қағидасын сынға алып, олар оны «мен-саған,сен-маған» теңеп оның  ешқандай моральдық мәні жоқ , тек қана пайда табушылыққа итереді деген ойды айтады. Даоцизмнің этикалық идиалы – жақсылық жасауға умтылмау. Сондытан ондай адам ізгі адам.Даоцизмнің әлеуметтік саяси көзқарастарына келетін болсақ, қоғам өмірінде адамдардың тәтті тамағы, жылы киімі тұрақты үйі болса, онда олардың өмірі қуанышты.

27. Д. Локктың сенсуалистік гносеологиясы. Өзінің таным теориясында Дж. Локк сезімді танымды (сенсуализм) білімнің қайнар көзіне жатқызады. Сондықтан  «адаммен туа біткен идеялар» жөніндегі ағымдарды сынға алады. «Егер біз қандайда болмасын білімнің пайда болған жолын көрсетсек, онда біз оның туа бітпегенін дәлелдейміз», -* дейді Дж. Локк. « Туа біткен білімді» сынау жолынжа ол балауса психологиясын, тарихи артта қалып қойған қоғамдардағы адамдардың психологиясындағы ерекшеліктерге өз назарын аударады. Мысалы, айта кететін болсақ «Бүтін бөлшектерден үлкен» бұл идея салыстырмалы және тәжірибеден туады.ал « Тепе – теңдік» заңымен  «Қайшылықзаңын» алсақ, балалар бұл заңның не екенін білмейді. Бұл заңдар біздің жан – дүниемізге туа бітсе, ондо оны сәби де, жас жеткіншек те білер еді ғой, - дейді Дж. Локк. Дж. Локктың ойынша,қасібір білім, идеяның негізінде тәжірибе жатыр.ол саналы я болмаса бейсаналы жолмен біздің рухани өмірімізде жиналуы мүмкін. Сондықтан біздің жан – дүниеміздегі неше түрлі ұғымдар мен идеялар, ғылым мен өнер бізбен бірге туа кемейді, ол өмірлік тәжірибе арқылы қалыптасады. Сонымен егер адамнгың жан *- дүниесінде ешқандай туа біткен идеялар болмағаннан кейін, оны « Таза тақта»  ретінде қарауға болады. Адам өмірге келіп, тәжірибе жинап сол «таза тақтаға» жазады. Мұндай сырттан алынатын тәжірибені Дж. Локк сезім тәжірибе дейді.   Дж. Локктың ойынша, танымның негізінде түйсіктер мен ойлау қабілеті жатыр. Ең алғашында олар Дүние жөнгіндегі тұрпайы идеяларды тудырады. Бұл жерде біз Дж. Локктың «Идея» ұғымына жаңа мазмұн бергенін байқаймыз. Егер Платоннан бастап, орта ғасырдағы схоластикада, Декартта идея ұғымына онтологиялық, яғни болмыстық дәреже бероілген болса, - олар дербес өмір сүреді деп есептесе, Дж. Локк оларды тек Дүниенің кейбір жақтарын бейнелейтін ұғым, түйсік, тіпті қиял ретінде түсінеді.  

28. Диалектиканың заңдары. Диалектиканың негізгі 3 заңы бар:Олар даму процесінің маңызды заңдылықтарын түсіндіреді.Оны ашқан Гегель.Олар:қарама-қарсылықтың бірлігі мен күресі,сандық өзгерістердің сапалық  өзгерістерге өтуі,терістеуді терістеу.1) Қарама- қарсылықтың бірлігі мен күресі дамудың қайнар көзін ашады.Зат пен құбылыстың ішкі бірлігімен қарама – қайшылықтарын анықтайды.Бірлігі тепе-теңдік жүйелерінің өзара байланыстарының болуы.Қарсы бағыттарының күштердің бір уақытта бір жүйеге бағытталады.2) Саның сапаға өзара ауысуы дамудың механизмін ашады.Белгілі бір сандық өзгерістер сапалық өзгерістер тудырады.Ал жаңа сапа жаңа мүмкіндіктермен сапалық өзгерістердің интервалын тудырады.Сапаның өзгеруі санның өзгеруін тудырады.Бір сапалық екінші сапалық қалыпқа өтуі секіріс деп аталады.Сапа дегеніміз заттың сапаға ерекшелігін білдіретін қасиеті.Сан заттың тұтастай интенсивтілігі.Оның бөлшектерінің өзара қатынасын жоғарлайтын ж/е төмендейтін процесс.Ал өлшем сапа мен мөлшердің диалектикалық бірлігі.3)Терістеуді терістеу заңы дамудың бағытын білдіреді.Ескі сапаға жаңа негізде қайта оралуды білдіреді.Заттардың өзара қарама-қарсылығына өтуі оның өзін-өзі терістеу болып табылады.Кез – келген зат өзінің бұрынғы формасын шығармай дамымайды.Гегель терістеуді терістеу заңын тезис ж/е антитезис арқылы белдірген.Бұл заң дамудың төменнен жоғары қарай бағытын білдіреді.Терістеуді терістеу заңы даму процесінің түрінен жалпы бағытын көрсетеді.Мұнда ерекше танымдық рөлді терістеу ұғымы атқарады. Терістеу дегеніміз құбылыстардың даму барысында сапалық қасиетке ие болуы кезінде нәрсе мен құбылыстардың өзгеріске ұшырауын сипаттайтын алғашқы ұғым.

29. Диалектиканың категориялары зерттеудің жеке принциптерін зерттейтін ұғымдар.Белгілі бір зат пен құбылыстардың қайшылықтарын ашу және оны шешу диалектикалық зерттеу болып табылады.Дүниені танудың сатылары мен формалары:әр ғылымда категориялар түрліше сол ғылымның негеізгі ұғымдары болып табылады.Ал диалектиканың категориялары ең жалпы ұғымдар.Олар методологиялық ж/е дүниетанымдық мазмұнымен байытылған.Диалектикалық зерттеу бұл барлық ғылымдарға тән.белгілі бір затпен құбылыстың қайшылықтарын ашудың дамуы.Диалектиканың екі жұп категориялары.Олар:ұқсастық пен өзгеріс,сан мен сапа, шектілік пен шексіздік,түр мен мазмұн,мән ж/е құбылыс,мүмкіндік пен шындық,қажеттелік пен кездейсоқтық,себеп пен салдар.Тақ категориялар:бүтін, бөлшек,жүйе,құрылым,элемент ж/е т.б Жүйе тәртіпке келген өзара байланысты элементтер жиынтығы.Элемент әрі қарай бөлінбейтін жүйе негізінде жатқан оның бір бөлігі.Әрбір элемент бір жүйенің қалыптасуына қатысады ж/е мңызды роль атқарады.Бүтін өзінің іштей байланысты құрамдас бөліктерін бірлікке әкелетін ж/е оны анықтайтын тұтастық.Бөлшек бүтінің құрамына кіріп оның сапалық қасиеттерін өз бойынпа қабылдау.Мазмұн заттың н/е құбылыстың барлық құрамдас бөліктері,жиынтығы.Олардың қасиеттері мен байланыстары ж/е қайшылықтың жиынтығы.Форма мазмұнның өмір сүру тәсілі,оның ішкі ұйымдасу тәсілі.Себеп зат н/е құбылыстың белгілі бір жағдайдағы өзара әрекетінің негізінде қажетті түрде өзгеруі н/е бір заттың н/е құбылыстың екінші затты н/е құбылысты тудыруы.Салдар белгілі бір себептер негізінде пайда болатын құбылыс.Себеп пен салдарлық байланыстар детерменизм деп аталады.Детерменизм дүниедегі заттармен құбылыстың белгілі бір заңдылықтардың негізгі байланыстарымен тигізетін ықпалдарын зерттейтін ілім.Оған қарсы ілім индетерменизм.Индетерменизм де болмстың себеп салдарлық байланыстары мойындалмайды

30.Дүниеге көзқарас ұғымы,тарихи типтері мен ерекшеліктері. Дүниеге көзқарас дегеніміз- әлем мен ондағы адамның орны туралы көзқарастың жүйесі. Дүние көзқарастың тарихи түрлері; миф, дін, философия. Миф-аңыз, әбсәне деген мағынаны білдіреді. Қоғамның дамуының алғашқы сатысында пайда болған дүниені түсіндірудің алғашқы тәсілі. Мифте маңызды дүние танымдық сұрақтар бейнеленеді; адам мен әлем жартылысы, өмір мен өлім, қайырымдылық пен қатігездік және т.б. Мифте бұл сұрақтарға қиял ғажайып түрінде жауап беріледі. Мифтік көзқарастың ерекшеліктері: дүниеге көзқараста рационалдылықтың болмауы; қияли ойлардың басымдылығы; ритуалдарға сүйену; дүниені қабылдауда сезімнің басымдылығы. Ежелгі көне үнді мифтері: «Рамаяна», «Махабхаратта», «Ригведа»; көне  мысыр: «Пирамида мәтіндері» , «Пер-м-руху»(өлілер кітабы); көне грек: «Илиада», «Одессея»; жапон мифтері: «Кодзихи», «Нихонги»; көне тибеттік: «Зернинг», «Лугум»; финдік мифтер: «Калевалла».  Дін – дүниеге көзқарастың тарихи екінші түрі. Дүниенің жартылысу себебін, жоғарңы күшке сенімге негіздеп есептейді. Діни көзқарастың ерекшеліктері: сезімдік қабылдаудың басымдығы; сенімнің ақылдан басымдығы; догмалық жүенің пайда болуы.Философия – дүниеге  көзқарастың ең жоғарғы сатысы. Онда теоретикалық түрде құрастырылған рационалды дүниеге көзқарастар жүйесі  жүйеленеді. Философия ілімінің ерекшеліктері: құрылымы күрделі; барынша жалпылама теоретикалық сипатта болады; әр уақытта дамып,толықтырылып отырыладды; философиялық ойлау өзіне дейінгі және өз дәуірінің ықпалына ұшырап отырады; барынша жалпылама ұғымдар мен категориларға сүйенеді; логикалық тұрғыдан мәңгілік шешілмейтін сұрақтармен айналысады    

31.Дүниеге философиялық көзқарастарының ерекшелігі:Фил\ң басты ерекшелігі әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастырады, оның ішкі байланысын, жалпы даму заңдылықтарын зерт\ді. Яғни ол дүниетанымдық ғылыми жүйе б.т. Дүниетаным, дүниеге көз\с д\з айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы,ондағы ад\ң орны, тіршіліктің мән мағынасы туралы көз\ң, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы. Дүниеге көз\с адам қоғамы мен бірге пайда болған қоғамдық тарихи құбылыс. Оның шығуының қайнар көзі өмірдің өзі, адамның тіршілік болмысы.Дүниеге көзқарастың негізгі ұғымдары  дүние ж\е адам. Олар ажырамас бірлікте. Яғни адамнан бөлектенген дүние ж\е табиғат, сондай ақ сыртқы дүниемен салыстырылмаған ад\ң іс әрекеті, ішкі рухани өмірі әрқайсысы өз бетінше дүниетанымды құрай алмайды.Дүниеге қатынасы арқылы адам өзінің тағдыры мен өмірлік позициясын,сүйіспеншілігі мен сенімі туралы белгілі бір көз\р аумағын кеңейтеді.Адам мен дүние арақатынастары бір бірімен жаңа бай\та қаралған сайын, сыртқы матер\қ әлем мен ішкі рухани дүние туралы түсініктер тиянақтыланады. Осыдан келіп дүниеге көз\та , біріншіден, әлем , табиғат ж\е қоғам туралы, олардың бірлігі туралы, екіншіден, адам мен оның дүниедегі орны туралы, үшіншіден, болмыс пен болашақтың мән жайы туралы көңілге қонымды түсініктер қалыптаса бастайды.Дүниеге көз\ң қалыптасуы табиғи, әлеу\к ж\е нақты мәдени ортаға тәуелді.                     

32. Ежелгі үнді философиялық мектептері:Үнді философиясының  мектептері  2 топқа жіктелді.1.Астика(ортодоксиалды)мектептер-веда әдебиеттерін мойындайтын,жанның мәңгілігіне сенетін мектептер:Веданта,Миманса,Санхия,Вайшишика,Иога.2.Настика(ортодоксиалды емес) мектептер-веда әдебиетін мойындайтын,жандардың мәңгілігіне сенбейтін мектептер.Жайнизм,буддизм,Червака-Локаята.Ортодоксиалды емес мектептер;1.ЖАЙНИЗМ-жина сөзінен  шыққан.Жеңіс деген мағынаны білдіреді.Негізін салған Махавира.Ол адамды әлемді емес өзін-өзі жеңу туралы айтқан.Адам өзін-өзі жеңу үшин 4 қағиданы ұстануды қажет деп есептеді;1.Апаригарха-дүние заттарына қызықпау,самарқаулық таныту.2.Сатия-еш бір қиындықтарға қарамастан тек шындықты айту.3.Астья-ұрлық жасамау.4.Ахимса-тірлі затқа қианат жасамау.Адам бойындағы 3 асыл қасиет-1.Дұрыс сенім 2.Дұрыс біл ім 3.Дұрыс мінез-құлық.БУДДИЗМ-негізін салған Ситхарта Гаутама.Гималай тауында өмір сүрген.Шакья тайпасының ханзадасы.Будда-нурланған деген мағынаны білдіреді.Буддизм ілімі Трипитаки(Үш себел ілім)  кітабында жазылған.Будда өз өмірінде  4 түрлі ақиқатты ашты;1.Өмір азапқа толы 2.Азаптардың себептері бар 3.Құмарлықтан бас тарту,нерванаға жету арқылы мумкин болады 4.Нерванаға жетудіңжолдары бар.ЧЕРВАКА-ЛОКАЯТА-көне Үнділердің материалистік бағыттағы ілімдері.Дүниені негізінен 4  бастамадан тұрды деді;от, ауа, су, жер.Жанның  мәнгілігіне сенбеді. Сезімдік қабылдауға негізделген тәжірбие дүниенің материалды екендігін дәлелдеді.Құдай сезім арқылы қабылдайды,сондықтан ол жоқ

33.Ертедегі Қытай философиясы:ерекшелігі,қарастырған мәселелері. Қытай философиясы-үндіге қарағанда практикалық сипатта болды.Көне қытайлар аспанға табынды.Тянь-аспан. Қытайлар дүниенің негізін 5 түрлі элементтен тұрады деп есептеді; метал,ағаш, су, от, жер.Қытайлардың дүниетанымдық ,философиялық көзқарастары ‘’И-Цзинь’’ кітабында берілген.Көне қытайлардың  алғашқы наторфилософиялық мектебі Дооцизм болды.Олардың ойынша табиғат пен адам өмірі аспан әлемінен басқарылмайды,оларды басқаратын Дао.Яғни ол заттардың пайда болуының  табиғи заңдылығы.Адамдар дао заңына бағынуы керек деп есептеді.Адамдардың даоға қатысы Увэм ұғымы берілген.Увэм-әрекетсіздік.Адам табиғи заңға толығымен табынуы керек. Лао Цзыдың идеялары ‘’До дэ цзин ’’ кітабында жазылған. Конфуции мектебі-оның негізін салған Кун Фу Цзы(551-479).Конфуци көзқарастары ‘’Лун юй’’(әңгімелер мен пайымдар).Конфуци-моральдық этикалық ілім.Адамдардың дүниеде алатын орны ,өзіе-өзі ұстау ережелері айтылады.’’Өзіңе қаламағанды өзгеге жасама’’.Конфуци ілімі бойынша адамдар төменгі этикалық үстемді ұстану керек;1.Сяо-баланың ата-анаға құрметі 2.Ди-үлкен ағаны құрметтеу 3.Чжун-адамдардың өз басшысын құрметтеу.Конфуцида сол сияқты жэнь деген принцип.Конфуцм өз мемлекетінің құрылымын этикалық моральдық принциптерге негіздеген, ‘’Жан-жақты дамыған адам’’-идеясымен түсіндіргісі келді.Оның ойынша мемлекет үлкен отбасы.Сондықтан әке импиратор мемлекетті толық басқара алмайды,оның көмекшілері шиновисиер болуы керек.Басқаруға билік алған адамдар өзінің  жоғарғы моральдық тұлға екндігін дәлелдеу керек. Конфуци өзінің артынан ‘’әке-әке,импиратор-импиратор,бала-бала,қызметші-қызметші болуы керек ’’.Лигизм мектебі(Фа цзя)-фа заң деген мағнаны білдіреді.Оның негізін қалаушылар Шань Ян,Хан Фей.Олар Конфуци іліміне қарсы болды.Олардың ойынша қоғамды моральдық адамгершілік заңдарымен басқару мүмкін емес, тек қатал заңдар арқылы басқару керек.Олардың ойынша адам табиғатынан зұлым.Оларды басқаратын олардың өзімшілдік мүддесі.Лигистер мынандай тұжырым жасаған ‘’Мықты мемлекет бұл әлсіз халық,әлсіз мемлекет мықты халық’’.Олардың ойынша халық билеушінің қолындағы құрал. Ол құралды қалай қолданғысы келсе оның кез келген мүмкіндігі бар. Лигизмнің ондай идеялары- антидемократиялық идеяларға сай келеді.Лигизмдер жазалауды басқарудың басты әдісі ретінде қолданады. Сол сияқты мадақтауды басқарудың қосалқы әдісі ретінде ұсынады.                 

34. Ж.Баласұғұн дүниетанымы.  (1017-1083).  Баласұғұн қаласында дүниеге келген,ол сол кездегі Караханид мем-ң сауда,қолөнер мәдениеті дамыған басты қала-ң бірі болған. Негізгі еңбегі Құтатғу білік түрік тілінде жазылған алғашқы мәдени-эстетикалық,фил-қ дастан. Ол қазіргі түркі тілдес халық-ң Орта ғасыр-ы тарихи,саяси қоғамдық өмірі,ғылымы мен әдебиеті,әдет ғұрпы жалпы алғанда мәдениеті жөнінде қыруар мол деректері бар туынды. Оның ойынша,Дүние жер,су,от,ауадан тұрады. Адам басқа тіршіліктерге қарағанда ерекше жаратылған пенде. Оның жан дүниесінен өнер,білім,ақыл ой,көңіл ұятты табуға болады. Ойшыл  4 құндылық- әділет,дәулет,қанағат,ақыл бір бірімен үндескен жағдайда ғана ел бақытқа жетеді деп қорытады. Өзінің шығармасында ж.Баласұғұн имандылық, әдептілік жалпы тәлім-тәрбие жөнінде де құнды өсиеттер қалдырды. Оның ойынша,адам-ң қарым-қатынасында 3 жаман нәрсе бар.Олар:жауыздық істеп,мәмілеге келмеу, екіншісі жалған сөзбен шұғылдану. Үшіншісі сараңдық. Жалпы өзінің дүниеге деген козқар-а ол рухты бірінші орынға қойды. Адам-ақыл парасаты бар ерекше пенде ақыл адаммен бірге жаратылады. Сондықтан дүниеде адам зерттеп білмейтін нәрсе жоқ деп санады.

35.Жан Поль Сартр экзистенциализмі:өзі үшін болмыс,бостандық және жауапкершілік мәселелері.   Сартр фил\ң басты ұғымы «өзі үшін болмыс». «Өзі үшін болмыс»  адам үшін жоғары реалдылық, ең алдымен оның ішкі дүниесінің приоритеттілігі. Өзін толық тану тек қана «өзі үшін болмыс»  арқылы іске асады. Адам өзін басқаның оған қатынасы арқылы таниды. Адам өмірінің маңызды шарты, оның «желісі» , белсенділігінің негізі бостанбдық. Сартр пікірінше адам бостандығы абсолютті (салыстыруға келмейді). Адам нендей нәрсені қалауға қаншалықты келбетті болса соншалықты азат, еркін.

36.Жаңа заман философиясының дамуының ерекшелігі және негізгі бағыттары Жаңа дәуір философиясы XVII-XVIII ғасырлар аралығын қамтиды. Бұл -философиядан бөілініп шыққан жаратылыстану ғылымдарының қалыптасу және даму кезеңі. Физика, химия, астрономия, математика, механика дербес ғылымдарға айналды. Сондықтан танымның жалпы әдісін анықтау, жаратылыстану ғылымдарының мәліметтері мен табыстарын түсіндіру және жалпылау мәселесі туындайды. Мұның өзі жаңа дәуір философиясына жаңа міндеттер жүктейді.Жаңа дәуір философиясыныңі негізгі мәселесі – таным теориясы, барлық ғылымдарға қажетті ғылыми таным әдістерін жасау.Егер жеке нақты ғылымдар табиғат заңдарын ашса, ал философия барлық ғылымдарға ортақ ойлаудың заңдылықтарын анықтауы тиіс.Осы мәселемен Ф.Бэкон, Р.Декарт, Дж.Локк, Г.В.Лейбниц айналысқан. Олар мүмкіндігі жоғары ойлау заңдылықтарын іздестірген. Бірақ адам ақылы нақты өмірде кейбір қате идеялармен, ұғымдармен тұманданған, көмескіленген. Осы тұманнан идолдан (Ф.Бэкон) босаған, тазартылған таза ақыл ғана құбылыстың мәнін аша алады. Яғни, таза ақылды табу керек. Сонымен қатар, ыңғайлы, пәрменді таным әдістерін ойластыру да өте қажет.Жаңа дәуір философиясына тән бірнеше маңызды ұстанымдар бар:1)Ғылымның діннен толық ажыратылуы. Сенімнің ақылмен, ғылымның дінмен бірігуі мүмкін емес.2)Ғылымның адамзаттың маңызды іс - әрекеті дәрежесіне көтерілуі. Тек ғылым ғана адамзатты байытады, қайғы мен қасіреттен босатады, қоғамды дамудың жаңа сатысына көтереді, қоғамдық прогресті қамтамасыз етеді.3)Ғылымның дамуы мен адамның табиғатты игеруі барлық ғылымдарға ортақ негізгі әдістерді анықтаған жағдайда ғана мүмкін болады. Таным теориясы жаңа дәуірде өзекті мәселеге айналды.

37. Жыраулардың дүниетанымының әлеум.-фи  лос.мәселелері.  ХV-ХVIIIғ дүниеге келген фило-қ ой толғамдар негізінен алғанда, жыраулық түрде таралып өмір сүрді. Өйткені көшпен-р арасында сауаты ашылған жазылған сөзді оқитын адамдар саны көп болмай көбіне ақсүйектерге ғана тән болатын. Тек қана өткір де терең нақышына келтірілген өлең шумақтары адамның ақыл ойымен қатар оның сана сезіміне өзінің зор әсерін тигізіп,халық-ң жадында сақталып,оның дүниеге деген көзқарасы мен іс-әрекеттеріне өзгертулер енгізе алды. Қазақ хал-ң ақын жырауларының ішінен аса көрнекті тұлғалары ретінде Сыпыра жырауды,Асан Қайғы,Қазтуған Сүйіншіұлын,Доспамбет пен Шалкиіз жырауларды,Жиембет пен Марғасқа,Ақтамберді мен Тәттіқара,Бұқар жырау мен Шал ақынды атап өтуге болады. ХVI ғ көрнекті жырауы Шалкиіз Тіленшіұлы болды. Оның ой толғаулары ел-жұртты қорғау адамның қысқа ғұмырын той-думанмен өткізу,әлсізге қол ұшын беру т.с.с тақырыптарға арналсада өзінің ерекшеліктерімен сипатталады. Ол діни бейсаналық,иррационализм бағытын ұстанады. Сонымен қатар жырау фило-қ антропологизм бағытын ұстанған ойшыл. Оның ойынша адам табиғаттың төл туындысы сондықтан ол оның қасиеттерін табиғатпен салыстырып қарайды.                     

38. Ибн-Сина (980-1037) бұқара төңірегінде дүниге келіп, Хамаданда 1037 ж қайтыс болды. Ұлты- тәжік. Европа халықтарына Авиценна деген атпен таныс. Негізгі еңбектерінің ішінде «Логика», «Риторика», «Поэтика», «Физика», «Жан жөнін-де», «Метафизика» т.с.с. атауға болады.Болмыс ілімінде «Өмір сүру» мен «мән-мағынаға» көп көңіл бөлген. « Өмір сүру нақтылы, мән-мағына - абстрактілі.М-лы, нақтылы адам мен итті алсақ, олар өмір сүріп жатыр. Ал олардың мән- мағынасы – адамгершілік, хайуандық- ол абстрактілі, олар нақтылы адам мен иттің алдында өмір сүрген»,-дейді ұлы ойшыл.Онтологиялық ілімінде діндегі «Құдай жоқтан барды тудырады» деген пікірге қарсы шығады.Дүниетанымдық ілімінде ол адамның  жан дүниесінде потенциалды ақыл-ой бар дейді. Яғни адамның өз алдында жатқан дүниені ң мән-мағынасын аша алатын мүмкіндігі бар. Бірақ ол- өте күрделі. Таным түйсіктердің қабылдауы арқылы басталады,  оны ол сезімдік тәжірибе дейді. Жалпылыққа адам заттардың қасиеттерін салыстыру арқылы жетеді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]