Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
32
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
363.85 Кб
Скачать

Клиникалық жағдай : «Бронх демікпесінің диагностикасы және жүргізу тәсілі»

Ситуацилық есеп:

Сіз – кезекші дәрігерсіз. Қабылдау бөлімшесіне 12 жасар қыз бала келіп түсті.

Тапсырма:

  • Анамнез жинап, науқасты қарап тексеріңіз.

  • Зертханалық – аспаптық зерттеудің нәтижелеріне интерпретация жасаңыз.

  • Диагноз қойыңыз.

  • Науқасты жүргізу тактикасын таңдаңыз.

Соңғы нәтиже (outcomes):

  • Тыныс алу ағзаларының ауруы бар науқасты сұрастыру және физикалды қарап тексеру.

  • Бронх демікпесінің клиникалық диагностикасы.

  • Клиникалық-зертханалық және аспаптық зерттеудің нәтижелеріне интерпретация жасау.

  • Бронх демікпесі бар науқасты жүргізу тәсілі;

  • Науқаспен тиімді қарым қатынас орнатып және қорқыныш сезімін басу.

«Бронх демікпесінің диагностикасы және жүргізу тәсілі»

клиникалық симуляцияны

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

Қадамдарды бағалау критерийлері

Балл түріндегі бағасы

Дұрыс орындады

Ескертулермен орындады

Орындамады

1

Шағымдарын сұрады, ауру анамнезін жинады. Барлық сұрақтар қойылдыма?

2,0

1,0

0

2

Физикалды тексеруді жүргізудің дұрыстылығы және кезектілігін сақтау – жалпы қарау, тыныс алу, жүрек-қантамыр, асқорыту және зәр шығару жүйелерін зерттеу.

2,0

1,0

0

3

Клиникалық симуляцияда берілген шарттарға сай симптомдардың дұрыс интерпретациясы.

2,0

1,0

0

4

Болжам диагнозды негіздеу.

1,0

0,5

0

5

Тексеру жоспарын тағайындау.

1,0

0,5

0

6

Салыстырмалы диагностиканы жүргізу.

2,0

1,0

0

7

ЖҚА интерпретациясы

1,0

0,5

0

8

Қақырық анализінің интерпретациясы

1,0

0,5

0

9

Спирографиялық зерттеу нәтижелерінің интерпретациясы

1,0

0,5

0

10

Пикфлоуметрияның интерпретациясы

1,0

0,5

0

11

Кеуде қуысы ағзаларының рентгенограммасын интерпретациялау

1,0

0,5

0

12

Қорытынды диагнозды негіздеу.

1,0

0,5

0

13

Базисті емді негіздеу.

2,0

1,0

0

14

Ем нәтижелігін бақылау.

1,0

0,5

0

15

Науқаспен тиімді қарым – қатынас орнату

1,0

0,5

0

Барлық бал саны

20

Стандартты әртіске (науқасқа) арналған сценарийдің мәтіні және оның рөлінің түсініктемесі:

Қыз бала, 12 жасар.

Шағымдары: ауа жетпей тұрғандай сезім, ентігу, жиі құрғақ, жабысқақ, ұстама тәрізді жөтел, мазасыздық.

Сұрақтың мәні

Әртіске арналған сұрақтар

Жауап

Жөтелдің сипатын нақтылау

Жөтел құрғақ па ылғалды ма? Жөтел тұрақты мазалайды ма әлде уақытша ма?

Жөтелі құрғақ, жабысқақ, ұстама тәрізді.

Тахипноэның сипатын нақытылау

Тынысы жиілеген ба әлде қиындаған ба?

Тынысы тыныс шығару кезінде қиындаған, шулы.

Қосымша шағымдары

Тағы қандай шағымдар мазалайды?

Ауаның жетпеу сезімі

Қақырықтың сипаты

Қақырығы қандай, жөтелгенде жеңіл қақырылынады ма?

Қақырықтың түсі ашық, қиындықпен бөлінеді.

Науқастың өмір анамнезінен: қыз бала біріншілік асқынусыз өткен жүктіліктен, жедел туыттан. Туған кездегі дене салмағы- 3400 гр., бойы - 52 см. неәрестелік кезеңі өзгеріссіз өткен. Бала 2 айынан бастап жасанды тамақтандырылған. Бір жасында атопиялық дерматиттің көріністері байқалды. Шоколад, құлпынай, жұмыртқаға аллергиялық реакциясы бар (терісінде бөртпелер пайда болады).

Отбасылық анамнезі: баланың анасында рецидивті есекжемі, поллиноз бар; әкесінде – асқазанның ойық жара ауруы бар.

Ауру анамнезінен: баланың 3 жасында мамыр айында, қаланың сыртында қалаға көшер кезде қыз балада бірінші рет тыныс алу ұстамасы пайда болды, ол өзбетінше басылды. Одсыдан кейін балада салқын тигізген кездері тыныс алуының қиындауы, ысқырықты тыныс болатын болды, сонымен қатар себепсіз айына 4-6 ретке дейін қайталанатын болды. Қыз бала бірнеше рет обструктивті бронхит диагнозымен ауруханада жатып, ем қабылдаған. Қазіргі ұстамасы циркке барған жерінде жедел басталды. Жедел жәрдем дәрігерімен шұғыл көмек көрсетілді. Бала қабылдау бөліміне жеткізілді.

Объективті: қарап тексеруде жағдайы ауыр. Терісі бозарған, ауыз-мұрын үшбұрышында цианоз бар. Тынысы ысқырықты, ара қашықтықтан естіледі, тыныс шығаруы ұзарған. ТЖ - 28 рет 1 минутта. Тыныс алу кезінде көмекші бұлшықеттердің қатысуымен болады. Өкпе үстінен перкуссияда – қораптық дыбыс. Аускультативті-тыныс шығару кезінде көп мөлшерде құрғақ ысқырықты сырылдар өкпенің барлық аймағынан естіледі. Жүрек үндері кереңделген. ЖЖЖ - 72 соққы минутына іші жұмсақ, ауырсынбайды. Бауыры +2 см қабырға доғасынан шығыңқы. Үлкен дәреті күнделікті, қалыптасқан.

Жалпы қан анализі

Гемоглобин

120 г/л

Эритроциттер

4 Зх1012

Лейкоциттер

5,8х109

Таяқша ядролы нейтрофилдер

1%

Сегментті ядролы нейтрофилдер

48%

Эозинофилдер

14%

Моноциттер

8%

Лимфоциттер

29%

ЭТЖ

3 мм/сағ.

Қақырықтың анализі

Түсі

ақ

Эпителий жасушалары

10 – 12 к/а

Лейкоциттер

2 – 4 к/а

Эозинофилдер

10 – 12 к/а

Лимфоциттер

10 – 12 к/а, кейбір жерінде жиналған

Спирография нәтижесі: Бронх өткізгіштігі обструктивті тип бойынша бұзылған 2 дәрежесі, бронхолитиктермен сынамада оң.

Кеуде қуысы ағзаларының рентгенограммасы

Қорытынды: Өкпе түбірі кеңейген. Бронх суреті күшейген. Өкпе алаңының мөлдірлігі жоғарылаған. Ошақты және инфильтративті көлеңкелер жоқ.

«Бронх демікпесінің диагностикасы және жүргізу тәсілі»

клиникалық симуляцияның жауап эталоны

Қадамдарын бағалау критерийлері

Жауаптар эталоны

1

Шағымдарын сұрады, ауру анамнезін жинады. Барлық сұрақтар қойылдыма?

Жөтелдің сипатын нақтылау

Қиындаған тыныс сипатын нақтылау

Анамнез morbi et vitae

Аллергоанамнезі

2

Физикалды тексеруді жүргізудің дұрыстылығы және кезектілігін сақтау – жалпы қарау, тыныс алу, жүрек-қантамыр, асқорыту және зәр шығару жүйелерін зерттеу.

Обьективті: Жалпы жағдайы ауыр, терісі бозарған, ауыз-мұрын үшбұрышында цианоз бар. Тынысы ысқырықты, ара қашықтықтан естіледі, тыныс шығаруы ұзарған. ТЖ - 28 рет 1 минутта. Тыныс алу кезінде көмекші бұлшықеттердің қатысуымен болады. Өкпе үстінен перкуссияда – қораптық дыбыс. Аускультативті-тыныс шығару кезінде көп мөлшерде құрғақ ысқырықты сырылдар өкпенің барлық аймағынан естілетіндігіне көңіл аударды. Жүрек үндері кереңделген. ТЖ-72 минутына.

3

Клиникалық симуляцияда берілген шарттарға сай симптомдардың дұрыс интерпретациясы.

Бронх обструкциясы, тыныс жетіспеушілігі көрінісін анықтады

4

Болжам диагнозды негіздеу.

Бронх демікпесі

5

Тексеру жоспарын тағайындау.

  • Жалпы қан анализі;

  • Кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы

  • қақырықтың анализі;

  • спирография;

6

Салыстырмалы диагностиканы жүргізу.

Муковисцидозбен, обструктивті бронхитпен салыстыру қажет.

7

ЖҚА интерпретациясы

Жалпы қан анализінде қабыну үрдісі жоқ, эозинофилия анықталды

8

Қақырық анализінің интерпретациясы

Лимфоциттер - 10 – 12 к/а, кейбір жерлерінде жиналған, эозинофилдер - 10 – 12 к/а

9

Спирографиялық зерттеу нәтижелерінің интерпретациясы

Бронх өткізгіштігі обструктивті тип бойынша бұзылған 2 дәрежесі, бронхолитиктермен сынамада оң

10

Кеуде қуысы ағзаларының рентгенограммасын интерпретациялау

Өкпе түбірі кеңейген. Бронх суреті күшейген. Өкпе алаңының мөлдірлігі жоғарылаған. Ошақты және инфильтративті көлеңкелер жоқ.

11

Қорытынды диагнозды негіздеу.

Бронх демікпесі, ауыр персистирлеуші ағымда, ұстама кезеңі

12

Емдеу тәсілін негіздеу.

  • Гипоаллергендә тұрмыс пен емдәм;

  • Базисті терапия – серетид 25/50 мкг 2 тыныс алу х 2 рет, 6 ай бойына;

  • Күнделікті бақылау - пикфлоуметрия

13

Небулайзермен емдеуді негіздеді

  • Сальбутамол 2,5 мг + физ.ерітінді х 3 рет 20 мин интервалмен

14

Ем нәтижелігін бақылау

Науқастың жалпы жағдайының жақсаруы, тыныс жетіспеушілік белгілерінің басылуы

15

Науқаспен тиімді қарым –қатынас орнату

Науқаспен тиімді қарым –қатынас орнату және қорқыныш сезімін басу.

Барлығы

Симуляцияның жабдықталуы:

  1. Есебі бар парақ, актерге арналған сценарий , чек-парақ

  2. кеуде торының рентгенографиясының нәтижелері

  3. ЖҚА

  4. қақырық анализінің,

  5. спирометрия,

  6. Фонендоскоп, тонометр

1. актер – науқас.

Жағдай: оқу бөлмесі – қабылдау бөлімі.

1. Төсек – 1

2. Аспаптарға арналған үстел – 1

3. Небулайзер

4. препараттармен медициналық шкаф (физиологиялық ерітінді, вентолин).

Құрастырған: Рамазанова Ш.Х.

Аударған: асс.Жунусова А.Ж.

Рецензент: Катарбаев А.К.

Бекіту күні және ББК мәжілісі хаттамасының номері: №6 хаттама, 25.02.14 ж.

3 беттің 3 беті