Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
21
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
38.02 Кб
Скачать

Клиникалық жағдай : Муковисцидоз, өкпелік- ішектік түрі

Ситуацилық есеп:

Сіз – кезекші дәрігерсіз. Қабылдау бөлімшесіне 3 жасар ер бала келіп түсті.

Тапсырма:

  • Анамнез жинап, науқасты қарап тексеріңіз.

  • Зертханалық – аспаптық зерттеудің нәтижелеріне интерпретация жасаңыз.

  • Диагноз қойыңыз.

  • Науқасты жүргізу тәсілін таңдаңыз.

Соңғы нәтиже (outcomes):

  • Тыныс жолдарының ауруы бар баланы сұрастыру және физикалды қарап тексеру.

  • Муковисцидоз, өкпелік– ішектік түрімен науқастың клиникалық диагностикасы.

  • Клиникалық-зертханалық және аспаптық зерттеудің нәтижелеріне интерпретация жасау.

  • Ауруханадан тыс сол жақты жедел пневмониясы бар науқасты жүргізудің тәсілі.

  • Науқаспен тиімді қарым –қатынас орнатып және қорқыныш сезімін басу.

«Муковисцидоз, өкпелік- ішектік түрі» клиникалық симуляцияны

Бағалау парағы

Қадамдарды бағалау критерийлері

Баллмен бағалау

Дұрыс орындады

Ескертулермен орындады

Орындамады

1

Шағымдарын сұрады, ауру анамнезін жинады. Барлық сұрақтар қойылдыма?

2,0

1,0

0

2

Физикалды тексеруді жүргізудің дұрыстылығы және кезектілігін сақтау – жалпы қарау, тыныс алу, жүрек-қантамыр, асқорыту және зәр шығару жүйелерін зерттеу.

2,0

1,0

0

3

Тыныс жолдары ауруының физикальды тексеруінің дұрыстығы мен кезектілігі

2,0

1,0

0

4

Клиникалық симуляцияда берілген шарттарға сай симптомдардың дұрыс интерпретациясы.

1,0

0,5

0

5

Болжам диагнозды негіздеу.

1,0

0,5

0

6

Тексеру жоспарын тағайындау.

2,0

1,0

0

7

Салыстырмалы диагностиканы жүргізу.

1,0

0,5

0

8

ЖҚА интерпретациясы

1,0

0,5

0

9

Тер сынамасының интерпритациясы

1,0

0,5

0

10

Кеуде торы рентгенограммасының интерпретациясы

1,0

0,5

0

11

Копрограмманың интерпритациясы

1,0

0,5

0

12

Қорытынды диагнозды негіздеу.

1,0

0,5

0

13

Емдеу тәсілін негіздеу.

2,0

1,0

0

14

Ем нәтижелігін бақылау

1,0

0,5

0

15

Науқаспен тиімді қарым –қатынас орнату

1,0

0,5

0

Барлық бал саны

20

Стандартты әртіске (науқасқа) арналған сценарийдің мәтіні және оның рөлінің түсініктемесі:

Ер бала, 3 жаста

Шағымы: ылғалды, аз өнімді, ұстамалы жөтел, ентігу.

Сұрақтың мәні

Әртіске арналған сұрақтар

Жауап

Жөтел сипаты

Жөтелі құрғақ па әлде ылғалды ма?

Ылғалды жөтел

Қақырық сипаты

Қақырық мөлдір ме әлде іріңді ме?

Қақырық жасыл-сары түсті

Қосымша шағымдар

Қосымша қандай шағымдар мазалайды?

Іш қату, нәжіс көп мөлшерде, майлы, сасық иісті.

Науқастың ауру анамнезінен: Стационарға бірнеше рет түскен, соңғы рет 3 апта бұрын осы шағымдармен түскен. Антибиотикотерапия курсын қабылдаған: амоксициллин, цефазолин, зинацеф, роцефин, ровамицин, гентамицин. Обструктивті синдромның қайталануына байланысты балаға тамыр ішіне преднизолон, эуфиллин құйылған. Қақырық түсіретін - лазолван, бромгексин, вентолинмен ингаляция небулайзер арқылы.Стационардан шыққан соң қайта жөтел, дене температурасының көтерілуі 37,0 дейін, ентігу пайда болды. Аймақтық дәрігер науқасты «Қайталамалы бронхит» диагнозымен стационарға жолдады.

Өмір анамнезінен: Бала IV жүктіліктен, алдыңғы I және II жүктіліктері түсікпен аяқталған, III - 32 аптада ерте туылған, бала 3 апталық жаста ішек өтімсіздігінен қайтыс болған. Соңғы жүктілік ерте кезеңді гестозбен, түсік тастау қаупі болған. Апгар бағаны бойынша 5-6 балл. Сарғыштық 1 айға дейін сақталған. Туғандағы салмағы 3200гр., емшек сүтімен 5 айға дейін қоректендірген, кейін «НАН» қоспасымен қоректендірген. Туғаннан іш қатуға бейім, нәжісі сасық иісті. 3 айынан бастап қайталамалы бронхообструктивті синдроммен ауырған. Пневмониямен бірнеше рет стационарда емделген. Көбіне оң жақты.

Объективті: Баланың жағдайы ауыр. Баланың дене бітімі астеникалық , тамақтануы төмендеген, дене салмағы 11 кг. Тері жабындылары бозғылт, құрғақтау, тыныштықта периоральды цианоз, тіндер тургоры төмендеген. Ентігу аралас сипатта, экспираторлы компонент басым, жүктеме кезінде артады. Жөтелі ылғалды, жиі, қиын бөлінетін тұтқыр қақырықпен, ұстамалы түрде. ТЖ- 38, ЖЖЖ – 116 Перкуторлы өкпе үстінде тимпаникалық сипатты өкпелік дыбыс естіледі. Аускультативті - қатаң тыныс, тыныс шығаруы ұзарған, шашыраған құрғақ ысқырықты және бірен-саран ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Жүрек үндері дауысты, шулар естілмейді. Іші кебіңкі, пальпацияланады. Бауыры пальпацияланады +2,5 см қабырға доғасынан шығыңқы, қатты консистенциялы, көкбауыры ұлғаймаған. Нәжісі жабысқақ, ашық түсті, майлы, сасық иісті.

Жалпы қан анализі

эритроциттер

3,6х 10 12/ л

гемоглобин

100 г/л

лейкоциттер

11,6 х 109

Таяқша ядролы

2%

Сегментті ядролы

68%

лимфоциттер

23%

эозинофилдер

2%

моноциттер

5%

ЭТЖ

18 мм/сағ.

Копрограмма

Бұлшықет талшықтары

++

Бейтарап май

+++

Кдеткадан тыс крахмал

++

йодофильді флора

+

Терілік сынама: хлорид 120,0 ммоль/л, натрия 80,0 ммоль/л

Кеуде қуысының рентгенограммасы

Қорытынды: Өкпелері желденген, өкпе суреті күшейген, деформацияланған, инфильтративті көлеңкелер кейбір жерлерінде қосылған, синустары бос, өкпе түбірінің кеңеюі, диафрагма төмендеген.