Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
инфо.docx
Скачиваний:
17
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
65.99 Кб
Скачать

Смертность от сердечно-сосудистых заболеваний в Казахстане снизилась более чем вдвое

09.12.2014, 08:17 , Источник: BNews.kz

Фото Руслана Канабекова

В Казахстане снизилась смертность от сердечно-сосудистых заболеваний с 530 в 2007 году до 218 человек на 100 тыс. населения в 2013 году. Об этом на пресс-конференции, посвященной Всемирной дню здоровья, рассказала заместитель директора по кардиологии НИИ кардиологии и внутренних болезней г. Алматы Гульнара Джунусбекова.

«В рамках проведенной акции проводились мероприятия по снижению факторов риска и выявлению на ранней стадии сердечно-сосудистых заболеваний в масштабах общества, в частности в нашей республике проводится с 2009 года национальная скрининговая программа по раннему выявлению болезней кровообращения, гипертонии, ишемической болезни и сахарного диабета. В 2013 году обследовано более 2,5 млн человек на сердечно-сосудистые заболевания, у 8% выявлены эти заболевания. Затем пациенты отправляются в школы, существующие на уровне каждой поликлиники - это школы артериальной гипертонии, ишемической болезни, сахарного диабета. Если у пациента болезнь не выявлена, а выявлен лишь фактор риска: ожирение, нарушение обмена веществ, курение и т.д, то такие пациенты отправляются в школы здоровья», - уточнила Г.Джунусбекова.

По ее словам, подобные меры позволяют снизить смертность от сердечно-сосудистых заболеваний на 50%. «По итогам 2013 года смертность от сердечно-сосудистых заболеваний снизилась с 530 в 2007 году до 218 человек на 100 тыс населения. Но это не предел, у нас есть ряд областей, имеющие высокие показатели», - резюмировала Г. Джунусбекова.

Алиби САРУАР, фото Руслана КАНАБЕКОВА

Жіті миокард инфаркті (субэндокардиалды жəне трансмуралды)

Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Сондай-ақ: E-013

Анықтамасы

Анықтамасы

Анықтамасы Миокард инфаркті (МИ) – жіті коронарлы қан айналымның жетіспеушілігінің нəтижесінде дамитын жүрек бұлшықетінің ишемиялық некрозы.

МИ мүгедектікке жəне өлімге алып келетін себептерінің бірі болып табылады.

МИ соңғы жылдары аурудың өршуі байқалуда, əсіресе жас жəне орташа жас буындарда кездеседі. МИ-нан ауруханалық өлімшілділігі төмендегімен, бұл аурудан осы уақытқа шейін жалпы өлімділік жоғары болып отыр. Жалпы ауырғандар ішінде 30-50% құрайды. Өлімділік жағдайдың көбісі ауруханаға дейін орын алады.

 

Хаттама коды: Е-013 "Жіті миокард инфаркті (субэндокардиалды жəне трансмуралды)" Жедел медициналық көмек

Кезең мақсаты: өмірге маңызды ағзалар мен жүйелердің қызметін қалпына келтіру, гемодинамиканы тұрақтандыру.

АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):

I21 Жіті миокард инфаркті

Еңгізілді: миокард инфаркті, жіті ретінде анықталған немесе 4 аптаға (28 күн) дейін ұзарған не жіті басталғаннан соң пайда болады деп бекітілген.

Енгізілмеген:

миокард инфаркті:

- бұрын ауырған (125.2)

- келесі (122._)

- созылмалы немесе аурудың басталғаннан 4 аптаға (28 күндей) созылуы. (125.8)

Жіті миокард инфарктінен кейін кейбір ағымды асқынулар (123._)

Инфаркттан кейінгі миокардиальды синдром (124.1)

121.0 Миокардтың алдыңғы қабырғасының жіті трансмуральды инфаркті

121.1 Миокардтың төменгі қабырғасының жіті трансмуральды инфаркті

121.2 Жіті трансмуральды миокард инфарктінің нақтылы басқа жаққа орналасуы

121.3 Жіті трансмуральды миокард инфарктінің нақтылы емес орналасуы

121.4 Жіті субэндокардиальды миокард инфаркті

121.9 Анықталмаған жітімиокард инфаркті

Жіктемесі

Жіктемесі  

МИ қазіргі заманға жіктелуі бөлінуі былай қарастырылады:

- Жүрек бұлшықетінің тереңділігімен ауқымдылығына байланысты зақымдалуы;

- Ауру ағымының сипатына байланысты;

- МИ орналасуына байланысты;

- Ауру сатысына байланысты;

- МИ асқынуына байланысты.  

Жүрек бұлшықетінің тереңділігімен ауқымдылығына байланысты зақымдалуы бойынша: МИ трансмуральды жəне трансмуральды емес деп 2-ге бөледі.

1. Трансмуральды МИ (Q тісшелі миокард инфаркті) некрозды ошақ жүрек бұлшықетінің субэндокардиальды субэпикардиалды миокард қабатының барлық жағынан зақымдалуы немесе кейбір үлкен бөліктерінің ЭКГ бетінде электрокардиологиялық əкетулерде патологиялық Q тісшесі не QS комплексінің пайда болуы. Осыдан МИ трансмуральды синонимі – «Q тісшелі инфаркт миокарды» шығады. Осы əдетте, мұндай зақымданулар жүрек бұлшықетінің көлемді жəне некроз ошақтарының 2 немесе оданда көп сол қарыншалық сегменттеріне таралуы (МИ ірі ошақты).

2. Трансмуральды емес МИ (Q тісшесіз миокард инфаркті) некрозды ошақтар тек сол қарыншаның (СҚ) субэндокардиальды немесе интрамуральды бөліктерін жəне QRS комплексінің патологиялық өзгерістерімен жүреді («Q тісшесіз миокард инфаркті»).

Ұзақ уақыт бойы көптеген əдебиеттерде Q тісшесіз миокард инфарктін «ұсақошақты миоркард инфаркті» термині қолданылып келді. Шынында, көп жағдайда ағымына байланысты трасмуральды инфарктіне қарағанда, Q тісшесіз миокард инфаркті азырақ кездеседі, бірақ өте сирек кездесетін ауқымды субэндокардиальды МИ тек миокардтың субэндокардиальды қабатын қамту арқылы СҚ бірнеше сегменттеріне таралуы.

Аурудың ағымына қарай сипаттамасы:

1. Біріншілік анамнезінде МИ бұрын ауырған жəне аспапты тексерулерде МИ белгілерінің болмауымен анықталады.  

2. Қайталамалы МИ тек мына жағдайда, науқаста бұрын МИ ауырған туралы құжаттық мəлімет болса жəне айқын жаңа некроз ошақтарыны пайда болғанда анықталады.

3. Рецидивті МИ клинико-зертханалық жəне аспапты зерттеу белгілердің, МИ дамығаннан кейін мерзімі 72 сағаттан (3 тəулік) 28 күнге дейін жаңа некроз ошақтарының пайда болуымен жəне оның негізгі үрдістерінің тыртықтануымен аяқталуы.  

МИ орналасуы бойынша:

- Алдыңғысептальды (алдыңғыаралық);

- Алдыңғы ұшы;

- Алдыңғыбүйірлік;

- Алдыңғы базальды (жоғары алды);

- Алдыңғы жайылмалы (септальды, ұшылық жəне бүйірлік);

- Артқы дифрагмальды (төменгі);

- Артқыбүйірлік;

- Артқыбазальды;

- Артқы жайылмалы;

- Оң қарыншалық МИ.  

Аурудың сатысының ағымына қарай:

- Қасқағым кезең – МИ дамығаннан 2 сағ дейін;

- Жіті кезең – МИ дамығаннан 10 күнге дейін;

- Жітілеу кезең – 10 күннен бастап 4-8 аптаның соңына дейін;

- Инфаркттан кейінгі кезең – 4-8 аптадан кейін.  

Кейде продромальды кезеңді бөліп айтады, ол стенокардияның тұрақты емес кезеңіне, МИ дамуымен асқынуы түсінігіне сəйкес келеді.  

Ең көп таралған МИ асқынуларына жатады:

- Жіті сол қарыншалық жетіспеушілік (өкпе ісінуі);

- Кардиогенді шок;

- Қарыншалық жəне қарыншалық үстілік ритмнің бұзылуы;

- Өткізгіштіктің бұзылуы (СА-блокадасы, АВ-блокадасы, Гис шоғыры аяқшаларының блокадасы);

- Жедел СҚ аневризмасы;

- Миокардтың ішкі жəне сыртқы жыртылуы, жүрек тампонадасы;

- Асептикалық перикардит (эпистенокардиялық);

- Тромбоэмболиялар.

Диагностика

Диагностика критерилері  

Шағымдар мен анамнез Миокард инфарктінің негізгі клиникалық белгісі ангинозды ауыру сезімі, ол осы сезіммен 90-95% жағдайда басталады.  

Ангинозды түрден басқа миокард инфаркті болжам белгісіне жəне жедел жəрдем көрсету əдістері, ұзақтығына, пайда болу сипатына қарай əртүрлі ауыру сезім түрлері болады.

Миокард инфарктінде ангинозды ауыру сезімнің сипаттамасы стенокардияға ұқсас болып келіп, тек ол ауыру сезімнің қарқындылығы күштірек «қанжар сұққан тəріздес», жұлынып, жыртылғандай, күйдіргендей болады.  

Ауыру сезім толқынды түрде дамиды, бірыңғай төмендейді бірақ толығымен жойылмайды.  

Ангинозды ауыру сезімнің орналасуы – көбіне кеуде артында, сол жақ кеуде қуысының тереңдеген бөлігінде немесе құрсақ үстінде.  

Ангинозды ауыру сезімінің иррадиациясы сол жақ жауырынға, иыққа, қол қырына, саусаққа беріледі.  

Миокард инфарктінде ангинозды ауыру сезімнің басталуы – күтпеген жерден, көбіне таңертеңгілік сағаттарда, ұзақтығы – бірнеше сағат. МИ нитроглицеринді сублингвальды қайталамалы қабылдағанда ангинозды ауыру сезім басылмайды. Миокард инфарктінде ангинозды ауыру синдромының даму ерекшелігі оның ауру ағымына, орналасуына жəне науқастың жасына байланысты. Жас науқастарда 90% жағдайда ангинозды статус айқын көрінеді. Егде жастағы науқастарда 65% көбіне кеуде артындағы ауыру сезім, МИ-нің жіті кезеңінде 25% жағдайда мүлдем болмай, ауыр түрде өтеді.  Көп жағдайда ауыру сезім толық нитроглицеринмен, ал кейде қайталамалы наркотикалық анальгетиктермен инъекциялағанда жойылмайды.

 

МИ ауырудың күшіне қарай салыстырмалы ауыр емес түрінен өте ауыр шыдатпас сезімге дейін апарады. Науқастар көбіне қысылғын, басылған, жиі – қызынған, кесілген жəне соққылаған ауыру сезімдеріне шағымданады. Кейде ауыру сезім кеуде куысының барлық жағынан алып жатады. Құрсақүсті аймақта орналасқан ауыру сезімнің төменгі (артқы) МИ-на тəн.  Атипті вариантында ауыру сезім иррадиация аймағында орналасуы мүмкін, мысалы – сол колда. Ауыру сезім күшімен, ұстаманың ұзақтығына байланысты инфаркт көлеміне сəйкес келмейді.  МИ ауыру сезімінің ерекшілігінің сипаттамасы оның айқын эмоциональды болуы. Ол қорқынышпен, қозғыштықпен сезімдермен жүреді. Сонымен қатар ауыру синдромы жойылған, айқын емес жəне стенокардияның кəдімгі ұстамасымен жасырын түрінде өтеді. Көп жағдайда ұстама өздігінен өтуі мүмкін.

МИ басталуының басқада белгілі түрлері – демікпелік, абдоминальды, аритмиялық, цереброваскулярлы немесе симптомсыз – таза күйінде жиі кездеседі.

Демікпелік түрі көбіне науқастардың көлемді қайталамалы МИ көрінеді. Сонымен қатар жүрек бұлшықетінің ауқымды зақымдалуынан жіті сол қарыншалық жетіспеушіліктің тез клиникалық белгілері дамиды. Көп жағдайда осы үрдіске емізікше бұлшықеттер қатысып, митральды регургитациясының пайда болуынан митральды қақпақшаның салыстырмалы жетіспеушілігі дамиды.  

Абдоминалды түрі ауыру синдромының орналасуы құрсақүстілік аймақта жəне диспепсиялық бұзылыстарымен сипатталады. Ауру ағымының бұл түрін жедел панкреатитпен, перфоративті жарамен мезентериальды қан тамырларының тромбозымен салыстыру қажет.  

Аритмиялық түрі. Клиникалық көрінісі айқын ырғақтың жəне өткізгіштің бұзылулары түрінде көрінеді – суправентрикулярлы пароксизмдер не қарыншалық тахикардиялар, толық атриовентикулярлы блокадалар. Аритмия жиі АҚ айқын төмендеуімен бірге жүреді.

Цереброваскулярлы түрі көбіне ми қан айналымының бұзылыстары бар егде жастағы науқастарда кездеседі. Ол көбіне естен тану, бас айналу, жүрек айну, құсу сияқты, кейде – өтпелі ми қан айналым бұзылуының белгілерімен көрінеді. Көбіне МИ науқастарда минимальды шағымдармен өтеді немесе олардың мүлде болмайды.  

Төменде көрсетілгендерді айта кету қажет:

1. Науқастарда 90-95% жағдайда айқын ауру синдромы немесе айқын ентікпе болса, МИ басталуын байқауға мүмкіндік береді.

2. Бақылауға аритмия салдарынан айқын гемодинамика бұзылыстарымен жəне де айқын құрсақ үстілік аймақта ауыру сезіммен, ол ішперденің қозуынсыз жүретін өзгерістері бар науқастарды госпитализациялау қажет.

3. Қарқынды ауыру синдромының пайда болуымен байланысты МИ басталу уақытын білу қажет. Осыған байланысты емдеу жолы таңдалады.

 

Жедел МИ тəн симптомдар:

- ангинозды ауыру синдромы; - инспираторлы ентікпе;

- тері жабынды түсінің өзгеруі (бозғылттық, мəрмəрлік, цианоз);

- мұздай жабысқақ тер;

- қозғалмалы мазасыздану;

- өлім қорқынышы;

- полиурия. Физикальды зерттеу:

- тері жабынды бозғылтылығы;

- мұздай тер;

- жүрек үндері кереңделген;

- артериальды қан қысымның (АҚ) білінбес төмендеуі кейде АҚ əлсін жоғарлауы немесе гипертоникалық криз фонында МИ пайда болуы мүмкін;

- тыныстың бұзылуы (ентікпе, ауаның жетіспеушілік сезімі).  

Инструменталдық зерттеу Электрокардиограмма жүрек бұлшықетіндегі некроз ошақтарын, оның тереңділігін жəне орналасуын, инфаркталды аймақ жағдайын, үрдіс динамикасын анықтауға мүмкіндік береді. ЭКГ əкетулерде некроз аймағында орналасқан активті электрод, патологиялық Q тісшесінің түзілуі жəне R тісшесінің биіктігінің төмендеуі не оның толық жойылуы.  

Электрокардиографиялық белгілерді жүйелі түрде көруге болады:

- Патологиялық Q тісшесінің болуы;

- Некрозды аймаққа жақын болған сайын R тісшесінің амплитудасының төмендеуі;

- Т жəне QRS комплексінің дискорданттылығы;

- Т тісшесінің жəне ST сегментінің ығысу дискорданттылығы;

- Гис шоғырының сол жақ аяқшаларының блокадасының пайда болуы.  

Субэндокардиальды МИ ЭКГ-да Q тісшесінің болмауы, қатысты əкетулерде  изоэлекторлы сызықтан ST сегментінің 2 мм төмендеуі.Т тісшесінің инверсиясы.  

Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі:

1. Жүрек ырғағының мониторингі.

2. Пульсоксиметрия.

Лабораторлық зерттеулер

Лабораторлы зерттеу  

Экспресс тест көмегімен Т тропининін анықтау.

Кардиомиоциттер некрозына көбіне спецификалық маркерлер жəне сезімтал болып, I жəне Т тропониндерінің концентрациясының жоғарлауы болып табылады. Қалыпты жағдайда кардиоспецификалық тропониндер қанда анықталмайды немесе олардың концентрациясы минимальды белгілерден аспайды. Кардиомиоциттердің некрозы салыстырмалы түрде I жəне Т тропониндерінің концентрациясы тез жəне айқын жоғарлаумен жүреді. Ангинозды ұстамадан кейін тропониндер деңгейінің жоғарғы шекарадан 2-6 сағаттан кейін жоғарлауы жəне жоғарғы деңгейде инфаркт басталғаннан 1-2 апта бойы сақталынып тұрады.

Емдеу тактикасы

Медициналық көмек көрсету тактикасы  

Емдеу мақсаты: өмірге маңызды ағзалар мен жүйелердің қызметін қалпына келтіру, (гемодинамиканы тұрақтандыру, жүрек ритмінің коррекциясы).

Дəрі-дəрмексіз ем: физикалды жəне эмоциональды тыныштық.

Дəрі-дəрмектік ем  

1. Нитроглицерин таблетка немесе аэрозоль 0,4-0,5 мг сублингвальды. Тиімділігі жетіспегенде қайталау; изокет-аэрозоль 1-2 дозада. Тиімділігі жетіспегенде қайталау.  

2. Ацетилсалицил қышқылы 325 мг шайнау.  

3. Оксигенотерапия.  

4. Ауыру сезімін басу үшін (айқын ауыру сезімге, жалпы жағдайына, жасына байланысты) Морфин 10 мг 2-4 мг бөліп к/т еңгізу (тыныс жиілігінің 1 минутына 10 - 12 рет төмендеуі қарашықтың тарылуы, АҚ төмендеуі). Фентанил күшті тез ауыру сезім басатын белсенділігі ұзақ əсер етпейтін, парасимпатикалық тонусты көтеретін, жүрек жиырылу қабілетін аздап төмендететін, тынысты тежеу мүмкіндігі бар, бронхоспазм мен брадикардияға алып келетін қасиетке ие препарат. Прометазин – салыстырмалы түрде əлсіз ауыру сезімді басатын əсер береді. Аздап тынысты тежейді. Дəріні 50 мг дозада 2 этапта к/т баяу еңгізеді.

Нейролептоанальгезия жүргізу үшін наркотикалық анальгетиктерді нейролептиктермен бірге қолданады (жиі дроперидолмен).

Дроперидол - ес-түсі сақталынған жағдайда, əртүрлі тітіркеніштерге жауп бермейтін, нейролепсия жағдайын шақыратын препарат. Препараттың əсер ету механизмі ОЖЖ афферентті импульсті үзетін, α-адренорецептор блокадасын, перифериялық вазодилатациясы жəне АҚ төмендеуін шақырады. Сонымен қоса дроперидол АВ өткізгіштікті баяулатып, құсуға қарсы əсер көрсетеді. Дроперидол мөлшері АҚ деңгейіне байланысты тағайындалады. Систоликалық қысым 100-110 мм.сн.б. кезінде – 2,5 мг, 120-160 мм.сн. б – 5 мг, 160-180 мм.сн.б. одан жоғары – 10 мг. Наркотикалық анальгетиктерді қолдану мүмкіндігі болмағанда немесе жоқ болғанда

трамадол еңгізу қажет.  

5. Коронарлы қан айналымды жақсарту үшін динитрат-изосорбит инфузиясын 10 мг АҚ бақылай отырып к/т баяу тамшылату.

 

6. Қарсы көрсеткіштері болмаса атенололды ішке 50-100 мг береді.  

7. Коронарлы қан айналымды қалпына келтіру үшін:

- стрептокиназа 30 минуттан соң 30 мг преднизалоннан кейін 1 500 000 МБ к/т тамшылатып;

- актилиз, альтеплаз, плазминогеннің тіндік активаторы: 90 минут ішінде 3 этапта – 15 мг к/т болюсті, 30 минут ішінде 50 мг к/т тамшылатып жəне 60 минут ішінде 35 мг к/т тамшылатып, бір уақытта гепарин тағайындау керек дозасы 5000 МБ к/т болбсті жəне аспирин дозасы 160-300 мг.  

Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі

1. * Нитроглицерин: таблетка 0,0005 г; ерітінді 0,1% инъекцияға 10 мл ампулада, аэрозоль.

2.   Изокет (изосорбит динитрат) таблетка 5 мг, 10 мг, 20 мг, 40 мг, 60 мг; 0,1% инъекциялы ерітінді 10 мл; аэрозоль.

3. * Ацетилсалицил қышқылы таблетка:100-150 мг.

4. * Морфин инъекциялы ерітінді ампулада 0,1% 1 мл- ден.

5. * Фентанил инъекциялы ерітінді ампулада 0,005% 2,0.

6. * Прометазин инъекциялы ерітінді ампулада 50мг/2мл.

7. * Дроперидол 2,5% инъекциялы ерітінді 10,0.

8. * Трамадол 50мг. 1мл-де.

9. * Преднизалон 25мг 1 мл-де.

10. * Декстроза 5% ерітінді 200,0, 400,0 фл.

11. * Оттегі: ингаляция үшін (медициналық газ).

12. * Атенолол таблетка 50мг, 100мг.

13. * Гепарин 5000 МЕ, фл.

14. *Стрептокиназа: ұнтақ инъекциялық ерітінді дайындау үшін флоконда 1 500 000МЕ.

15. * Актилиз 50мг лиофилизирленген ұнтақты ерітінді.

Ем тиімділігінің индикаторлары:

1. Ауыру сезімді жою.

2. Ентікпені жою.

3. Артериялық қан қысыммен жəне жүрек ритмін тұрақтандыру.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар

 

Қан құйылу тəрізді белгісіз инсульт немесе инфаркт

Диагностика

Диагностика критерилері  

Ми қан айналымының жіті бұзылыстары бірден пайда болады (минуттар, сирек сағаттарда) жəне ошақты немесе жалпы милық менингеалды неврологиялық симптомдардың пайда болуымен сипатталады.  

Ошақты неврологиялық симптомдар:

- қозғалмалы (геми-, моно-, парапарездер);

- сөздік (сенсорлы, моторлы афазия, дизартрия);

- сезімталдық (гемигипалгизия, терең жəне күрделі сезімталдықтың бұзылыстары);

- координаторлы (вестибулярлы, мишықтың атаксиясы, астазия, абазия т.б);

- көру (скотомалар, квадрантты жəне гемианопсиялар,амавроз,фотопсиялар т.б);

- ми қабы қызметінің бұзылысы (астериогноз, апроксия жəне т.б).  

Жалпы милық симптомдар:

- бастағы сергектіктің төмендеуі, субъективті сезінулер «түсініксіздік», «тұмандауы» сияқты жеңіл сезімдер мен терең комаға дейінгі жағдайлар;

- бастың ауруы, жүйеусіз сипаттағы бастың айналуы, жүрек айнуы, құсу, бастың шуылдауы.  

Менингеалды симптоматика:

- мойын арты бұлшық етінің тартылуы;

- Керниг, Брудзинский (жоғарғы, ортаңғы, төменгі), Бехтеров симптомдарының оң болуы.  

Геморрагиялық инсульттің диагностикалық критерийлері:

- бастың бірден ауруы, құсу;

- тез арада (немесе кенеттен) есінің тежелуі, ошақты симптомдармен қатар жүруі;

- сергек кезде, күндіз, аяқ - астынан пайда болады;

- беттің қошқылдануы (плетор), көздің жабылуы , кейде көп мөлшерде тердің бөлінуі, зəрді ұстай алмау, пульстің қатқылдануы, жарты шарға массивті қан құйылу кезінде - артериялық қысымның көтерілуі.  

Ишемиялық инсульттің диагностикалық критерийлері:

- біртіндеп (сағат немесе минут ішінде), зақымданған тамыр бассейніне байланысты ошақты симптомдардың үдеуі;

- жалпымилық симптомдар көріністері анық болмайды;

- артериялық қысым қалыпты немесе төмен;

- кейде ұйқы кезінде дамиды.  

Транзиторлы ишемиялық шабуылдар диагнозы ретроспективті қойылады.  

Жіті гипертониялық энцефалопатияның диагностикалық крийтерилері:

- бастың бүкіл жерінің, қатты ауруы;

- жүрек айну, құсу;

- сезімталдықтың төмендеуі, кейде тырысу синдромымен қатар жүреді;

- ошақты неврологиялық симптоматика.  

Субарахноидалды қан құйылулардың диагностикалық критерийлері:

- аяқ-астынан бастың ауруы, кейде омыртқаға ауырсынудың берілуі, басты бір нəрсемен ұрған сияқты ауырсыну («баста бірнəрсенің жарылуы»);

- психомоторлы қозу, бастың айналуы, көздің қарауытуы, құлағының шуылдауы;

- есінің тежелуі, кейде комаға дейін; Көбінесе есі қалпына келеді, бірақ есеңгіреу күйінде болады;

- қайталамалы құсу;

- генерализацияланған немесе фокальді қояншық ұстамалары;

- тыныс алу ритмнің бұзылуы немесе оның патологиялық түрлері;

- артериялық қысымның жоғарылауы;

- жүрек соғысының өзгеруі (жиі брадикардия);

- гипергликемия.  

Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі:

1. Жалпы жағдайы мен өмірге қажетті қызметтерді бағалау: ес, тыныс алу, қан айналу.

2. Визуальді бағалау: бастың жұмсақ ұлпасын жақсылап қарау жəне пальпацииялау (бассүйек ми жарақатын анықтау үшін).Сыртқы құлақ қалқанымен мұрын қуысын қарау ( ликвор мен гемотореяны анықтау үшін).

3. Пульсті бақылау (аритмиялық), жүректің соғу жиілігін (брадикардия), артериялық қысымды анықтау.

4. Жүрек аускультациясы: митральді қақпақшаның пролапсты шуы жəне жүректің басқа да шуылдары.

5. Мойын тамырларын аускультациялау: ұйқы артериясының үстінен шуылды анықтау, əсіресе анамнезінде транзиторлы ишемиялық шабуыл жəне қантты диабеті болса.

6. Неврологиялық статусты анықтағанда келесі белгілерге мəн беру керек:

- аяғында қозғалыстың бұзылысын: науқасқа 10 сек. аяғын көтеріп тұруын сұраймыз, салданған аяғы тезірек шаршайды (Баре сынамасы).

- сөйлеудің бұзылуы (дизартрия, афазия), дизартрия кезінде науқас түсінеді, бірақ түсініксіз сөйлейді; афазия кезінде науқас түсінеді бірақ мүлдем сөйлей алмайды.

- бассүйек иннервациясының бұзылуы :беттің ассиметриясы, дисфагия (жұтынудың бұзылуы- қатты немесе сұйық тағам ішкенде қақалуы);

- сезімталдықтың бұзылуы: денесінің немесе аяғының симметриялық бөліктерін инемен сұққанда бір жақты ауырсыну байқалады;

- естің төмендеуі (есеңгіреу, сопор, кома);

- көру алаңының дефектісі (геми анопсия- сол немесе оң көзінің көру алаңының төмендеуі).

7. Қандағы глюкозаның мөлшерін анықтау.

Емдеу тактикасы

Медициналық көмек көрсету тактикасы  

Жедел көмектің мақсаты:

1. Инсульт жəне ми бұзылыстарындағы рефлекторлы реакцияларды тудырған патологиялық үрдістерді басу.

2. Ми құрылымының тікелей бұзылуына байланысты, морфофункцияналды өзгерістерді шектеу.

Базисті жəне дифференциалды терапияны қатар жүргізу арқылы дұрыс еммен қамтамасыз етуге болады.  

Базисті терапияны эпилептикалық статус жəне өмірге қажетті қызметтердің бұзылысын басу үшін қолданады. Бұл ем тек инсульттің түрін жəне оның бар-жоғын анықтағанға дейін жүргізіледі.

Дифференциалды терапия - инсульттің ишемиялық жəне геморрагиялық түрлері анықталғанда қолданылады. Ол тек ауруханада ғана жүргізіледі.

Базисті терапия бір-бірімен байланысқан үш компоненттен тұрады:

1. Өмірге қажетті қызметтерді коррекциялау- тыныс алуды, гемодинамиканы, жұтынуды қалыптастыру, эпилептикалық статусты басу.

2. Инсульт əсерінен болған гомеостаздық бұзылыстарды түзеу - бассүйек ішілік қысымды төмендету, су электр тепе-теңдігін түзеу, қышқыл - негіздік жағдайды жəне инфекцияның алдын алу.

3. Метаболикалық қорғаныс, мидың дисфункциясын басуға, церебральді қан айналымының жедел бұзылысын жоюға: антигипоксанттарды, нейротрофикалық жəне мембрана стабилизаторларды, антогонист  глутаматтарды қолдануға болады.