Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кымбат этика.docx
Скачиваний:
25
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
30.81 Кб
Скачать

Реферат

Тақырыбы: Гиппократ анты және медициналық этикадағы рөлі.

Орындаған Амантай Қ

Тексерген Елшібекова Қ

Факультет Фармация

Топ 12-001-01

Гиппократ (Ἱπποκράτης) – ежелгі грек дәрігері, көне медицина реформаторы. Ол Ежелгі Грекияның Кос аралында біздің заманымыздан бұрынғы 460 ж. туып, 377 ж. (басқа мәліметтер бойынша 356) Фессалияда дүние салған. Гиппократ Грекияда, Кіші Азияда, Ливияда, сондай-ақ Қара теңіз жағалауындағы сақтар арасында болып, Азия және Мысыр халық медицинасымен танысқан: ол науқасты емдегенде, аурудың пайда болу жолдары мен негізгі даму кезеңдерін анықтау керек екенін айтып, «Адамзатты табиғат емдейді.

Дәрігер – табиғаттың көмекшісі ғана» деген тұжырым жасады, сондай-ақ ауыр халде жатқан науқастың кейпіне сипаттама да берген, оны медицинада «Гиппократ кейпі» (Facіes Hіppokratіca) деп атайды. Гиппократ жараны таңу, буын шығуын және сүйек сынуын, геморройды, т.б. жараны емдеу әдістерін тапқан. «Гиппократ анты» деп аталатын дәрігерлік моральдік-этикалық ант мәтінін жазған. Осы еңбектеріне орай, Гиппократты «медицинаның атасы» деп атайды.

Гиппократта өзін оның ұрпағымын деп санаған. Асклепийдің балаларының ішінде: Гигиея –денсаулық құдайы, барлығын емдеуші Панакея –дәрімен емдеудің қолдаушысы, Махаон –атақты әскери хирургі, Подалирий –ішкі ауруларды емдейтін болған. Аналитикалық аңыздарда Асклепийдің атрибуты болып, ежелгі заманда ақылдылық белгісі болып есептелген жылан болған. Асклепийді қолында жылан оралған таяғы бар етіп бейнелесе, Гигияны әдемі әйел ретінде, басында диадемасы, кесемен қоректендіріп тұрған жыланы бар ретінде бейнелеген. Осыдан жылан оралып тұрған кесеше медицина ғылымының негізгі таңбасы болып есептеледі. Ежелгі Грацияның тарихы полистік кезеңі медицина тархында маңызды 2 көрініспен белгіленеді:

1) б.э.д. VІ ғ. ежелгі грек фолософиясының құрылуы.

2) Шіркеулік емдеушілердің болуы.

Гиппократ туралы алғашқы биографиялары ол қайтыс болғаннан кейін бірнеше жүзжылдықтар өткен соң жазылды. Б.э.э.д. 300 жуық дейін жазылған барлық медициналық жазбалар «Гиппократ жинағына» біріктірді. Көптеген зерттеушілер бұл жинақтағы «Афоризмдер», «Трогностика», «Эпидемиялар», «Ауа, су, жер туралы», «Сынақтар туралы», «Бас жарақаттары туралы», «Ежелгі медицина туралы» және еңбектер Гиппократтікі деп есептейді.

«Гиппократ жинағында» сонымен бірге тіс және ішек аурулары туралы да жазылған. Оларды емдеу үшін наркотикалық дәрілік заттарды, шөп тұнбаларымен шаю, қайнатпалармен шаю, тырыстырғыш дәрілік заттарды қолдану туралы да жазылған. «Гиппократ жинағы» классикалық кезеңнің медициналық ежелгі грек еңбектерінің энциклопедиясы болып табылады. Онда 250 өсімдік және 50-жануар текті дәрілік заттар көрсетілген. «Гиппократ жинағында» дәрігерлік этикаға қатысты 5 шығарма бар, олар «Акт», «Заң», «Дәрігер туралы» , «Ізгілікті қарым –қатынас туралы» және «Бұйрықтар». Ежелгі Грецияның медицина тарихында алатын орны өте көлемді. Сол кездегі дәрігер беретін Гиппократтың анты қазіргі кездегі медицина саласындағы оқу орнында беріледі. Грецияның сол кездегі атақты дәрігерлері тапқан жаңалықтары қазіргі кезде де медициналық практикада кеңінен қолданылады.

Гиппократ әлеуметтік дәрігер ретінде.

Кез келген дәрігер Гиппократ (460-370 б.э.д) жайында жоқ жегенде төрт нәрсені біледі:

1. Гиппократ антын,

2. Гиппократ маскасын,

3. Гиппократ шапкасын,

4. Гиппократ темпераменттерін.

Гиппократ тек бір құдай – Асклепияға (римдік Эскулап) ғана табынған, осыдан дәрігерлерді «асклепиидтер» (эскулаптар) деп атау қалыптасқан.

Халифтердің басқаруы: Ибн Сина (Авиценна) әлеуметтік дәрігер ретінде.

Адамзат тарихында ешқашан қоғамда дәрігерлердің лауазымы мен әлеуметтік маңыздылықтың жоғары болған басқару формасын білген жоқ. Осы шақта медицина дәстүрлі, ғылыми дисциплина ретінде қалыптасады.

Ибн Сина медициналық этика және деонтология туралы пікірлердің ғылыми және дәрігерлік нұсқасын жасайды. Халифтер кезінде дәрігерлер ең бірінші әскери дәрігерлер ретінде қалыптасады.

Этика дегеніміз – ұнамдылық және мораль туралы ғылым. Медициналық этика бұл ұнамдылықтың маңыздылығы медицина қызметкерінің іс-әрекетіндегі принциптері, олардың науқасқа жоғары адамгершілік қатынасы туралы ғылымның бір бөлігі.

Медициналық этика ондаған жүзжылдықтар бойы бар. Біздің дәуірге дейін 1500 жыл бұрын. Ежелгі Индияда дәрігерлер мамандығын бастағанда ант берген. Көптеген медициналық анттардың негізінде бүгінгі күні әртүрлі дүниежүзілік елдерде қабылдайтын анттардың бірі – «Гиппократ анты», 2400 жыл әйгілі.

«Гиппократ анты» - негізгі медициналық этиканың ережелер кешені, мұнда уақыт айырмашылығына қарамастан, қазіргі кезге дейін өзекті болып қалғаны былай деп үнделеді:

1.«Non nocere» («Қауіп келтірме»). Әрбір ем, барлық іс-әрекеттер, дәрігердің нұсқаулары аурудың жағдайын жеңілдетуге бағытталып, оған пайда әкелу керек – бұл басты этикалық принцип.

2.Ең жоғарғы байлық – адам өмірі.

3.Дәрігер әрбір науқастың жеке өмірін сыйлау керек, моральға жатпайтын қылықтардан аулақ болу керек.

4.Дәрігер кәсіби тактикасын сақтауға, өзінің мамандығын сыйлауға тиіс.

Медициналық этиканың ең негізгі мәселелері: біздің моральдік принципі бойынша іс-әрекет жасау, ауруға қамқорлықпен қарау, әрқашан және қай жағдай болмасын медициналық көмек көрсетуге дайын, жоғары гуманды кәсіптің салт-дәстүрлерін көбейтіп, сақтау керек – осы медициналық этиканың мәселелері.

Науқасқа толық сезімталдықпен қарап, оның жағдайын түсінген кезде, ол мен Сіздің араңыздағы нағыз қарым-қатынас болуы мүмкін, бұл емдік нәтижеге өте қажет!

Негізгі этикалық категорияларға мына түсініктер жатады: «борыш», «абырой», «ұят», «атақ», «бақыт».

Кәсіби және қоғамдық қарым-қатынастар процесінде пайда болған, өз міндеттерін орындау кезіндегі кәсіби және қоғамдық міндеттердің анықталған шеңбері міндет ұғымы білдіреді.

Әсіресе, медицина қызметкерінің борышы туралы айту керек. Еш уақытта адамның физикалық, психикалық денсаулығына қарсы немесе өміріне қауіп төндіретін жағдайда қандай ұсыныс болса да, іс-әрекеттерге қатыспау керек.

Дәрігерлік этиканың басты проблемаларына медициналық деонтология жатады, медицина қызметкерінің тәртіптік принциптерін оқып зерттейтін, сонымен қатар емдеу нәтижесінің жоғары сапада болуына бағытталған медициналық іс-әрекеттердің қателерін болдырмау, себебі олар науқасқа қолайсыз әсер туғызады. Медициналық деонтология ұғымына дәрігер мен емделушінің арасында емдеу процесінде анықталған өзара қатынас жүйелері де кіреді.

Алғашқыда ежелгі грек тілінде жазылған Гиппократ анты уақыттың еншісімен бүгінде көп өзгерген. Сол өзгерістерге өз басыңыз тағы не қосар едіңіз?

- Гиппократ антында дәрігердің ұстанатын моральдық-этикалық қағидаттары жазылған. Өмір ағымы өзгерсе де, сол антта айтылған талап-міндеттердің түп-негізі ешқашан өзгермейді. Дәрігердің науқасқа деген ықыласы, істеп жүрген игі ісіне деген шынайы пейілі жоғалмаса екен деп тілеймін. Алып-қосарым сол ғана.

Қызметкердің жұмысына моральды тұрғыдан серпін беретін іс-шаралар әсерлі болады. Бұған «Медикер» дәрігерінің айтқан сөзі де дәлел болады. Мұнымен бірнеше жыл бойы адам ресурстары саласында қызмет етіп келе жатқан «Медикер» компаниясының HR-бөлімінің маманы Маханова Лилианна да келісіп отыр.  Маманның айтуынша, қаражатты қажет етпейтін ынталандыру шараларының үлес салмағы басқасына қарағанда көп болуы тиіс.

Ант Гиппократтық корпустың бірінші шығармасы болып табылады. Дәрігер өзінің өмірінде және кәсіптік қызметін басшылыққа алуға міндетті, ант бірнеше принциптен тұрады:

  1. Мұғалімдер,ұжым, оқушылар алдында міндетті.

  2. Жамандық жасамау қағидасы.

  3. Эвтаназия мен абортты болдырмау.

  4. Науқастармен жыныстық қатынаста болмау.

  5. Дәрігерлік құпияны сақтау.

Гиппократ анты

Аполлон дәрігердің, Асклепийдің, Гигиея мен Панакеяның және түрлі тәңірлер мен тәңіриялардың атына атап, оларды куәға тарта отырып, мына серт пен жазбаша шартты шама-шарқымның жеткенінше адал орындауға ант етемін: өзіме дәрігерлік өнерін үйреткен кісіні ата-анаммен бірдей көремін, оған барымды бөліп беремін, әрі қажет жағдайда оның жоғын табуға көмектесемін; оның ұрпақтарын бауырларым деп есептеймін, егер олар осы өнерді үйренгісі келсе, оларға тегін әрі ешқандай шарт жасаспай-ақ сабақ беремін; оқу үстінде айтар ақылымды, ауызша сабақтар мен ілімдегі қалған жайлардың бәрін өз балаларыма ұстазымның балалары мен медицина заңы бойынша серттескен, ант беріскен шәкірттерімен хабарлаймын, басқа жанға айтпаймын. Аурулар режімін, зиян келтіру мен қиянаттан бойымды аулақ ұстай отырып, шама-шарқымның барынша оларға пайдасы тиетіндей етіп жасаймын.

Ешкімге кісіні өлімге ұшырататын дәрі бермеймін әрі оны жасау тәсілін көрсетпеймін; тап осылай әйелге түсік түсіретін пессарий ұсынбаймын. Өмірде, өнерде де таза әрі адал боламын. Тас ауруларымен сырқаттанғандардың денесін ешқашан кеспеймін, мұны осы іспен айналысатын кісілерге тапсырамын. Қайсы үйге кірсем де аурудың қамын ойлаймын, әдейі қиянат пен қастандық жасаудан, әсіресе әйелдер мен еркектер азат адамдар мен құлдар арасындағы махаббаттан аулақпын.

Емдеу езінде, сондай-ақ емдемеген кезде де, адам өмірінің ішіндегі мүлдем жариялауға болмайтын жайларды көргенімді немесе есіткенімді құпия есептеп, жан баласына айтпаймын. Антты бұлжытпай орындағаным үшін өмірде де, өнерде де бақытты болып, ел арасында мәңгілік даңққа бөленгеймін; жалған ант беріп, қылмыс жасағандарды ант атсын.

Бұл жайлы «Анттың» мәтінінде былай делінген: «мені дәрігерлік қызметке үйреткен ұстазды өз ата-анаммен бірдей көруге, өз пайдамды онымен бөлісуге, оның мұқтаждығына көмектесуге, оның ұрпағын «өз бауырларым» деп санап, егер олар осы өнерді қаласа, онда оларға ешқандай келісімсіз, ақысыз үйретуге, оқытуға; осы өнердің ауызша сабақтарын және т.б. ілімдерін медициналық заңдағы ант пен міндеттемелерге байланысты өзгелерге емес өз балаларыма, ұстазымның балаларына және оқушыларына жеткізу, үйрету». Осыдан, оқудың және практикалық қызметтің материалды, экономикалық жағдайларынынң анық жазылғанын көреміз.

«Өз ақыл-ойым мен күшіме сүйене отырып, мен аурудың режимін оған пайда болатындай етіп бағыттаймын» - деп «анттың» авторлары өздерінің медициналық міндеттерін ескере отырып, аурулардың өміріндегі образды (режимді) бірінші орынға қояды.

«Әділетсіздік пен әртүрлі зиян келтіруді болдырмаймын» - деп, міндет алған жас дәрігер, «Зиян келтірме» деген медицинаның алғашқы заңын өзінің алғашқы қадамында меңгеруі қажет және дәрігерлік қызметте ешқандай әділетсіздіктің орнауына жол жоқ екенін түсінуі керек. Әділетсіздіктің қағидалары ешқандай ауытқусыз қадағалануы тиіс. «Мен өлгісі келетіндерге өлтіретін дәріні берген жоқпын және оларға өлудің жолын көрсетпеймін».

Осы дәуірдегі медициналық-этикалық кодекске «Анттың» осы жағдайы «Өлтірме» деген көне уағыздан қалған.

Дәрігерлік өнер науқастың өлімін жылдамдатуға бағытталмаған болуы керек.

«Сондай-ақ, мен ешқандай әйелге құрсағындағы баласын алдырмаймын».

Бұл міндеттен біз өмірді беретін де, тоқтататын да дәрігер емес, құдай екеніне сене отырып, ұрықтану болған күннен бастап, жарқын өмірді әркімнің де көруі керек екенін түсінеміз.

«Мен өз өмірім мен өнерімді таза және адал өткіземін».

Бұл сөзді түсіндірудің қажеті жоқ сияқты. Дәрігерлік ол бір кәсіп ретінде емес, қателіктерге жол бермейтін және таза өнегелікті қажет ететін өнер ретінде қарастырылады.

«Мен ағзасында тасы бар науқастардың тасын алуға өз бетімше әрекеттер (сою, кесу және т.б.) жасамаймын, оларды сол істің мамандарына бағыттаймын».