Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

1.Gastro4_kurs_testy_ekzamen_gastro_kaz

.doc
Скачиваний:
43
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
153.09 Кб
Скачать

«Жалпы медицина» мамандығы 4 курс студенттеріне арналған

гастроэнтерология бойынша тесттік тапсырмалар

  1. Гастроэзофагальді рефлюкстік ауру түсінігіне кірмейтіні:

а) кардия кемістігі

б) гастроэзофагальді рефлюкс

+в) кардия ахалазиясы

г) созылмалы эзофагит

д) кардия халазиясы

  1. Гастроэзофагальді рефлюкстік ауру дамуы негізіндегі ауруларға жатпайтыны:

а) созылмалы гастрит

б) ойық жара ауруы

в) қысқа өңеш

+г) арнайы емес жаралы колит

д) кардия халазиясы

  1. Гормондар дисбалансының гастроэзофагальді рефлюкстік аурудағы моторлық бұзылыстар дамуындағы мәні:

а) гипофиз

б) бүйрекүсті безі

+в) гастроинтестиналдық

г) қалқанша без гормондары

д) жыныс бездері

  1. Рефлюкс+эзофагиттің негізгі клиникалық көріністеріне жатпайтыны:

а) төс арты ауыруы

+б) сусау

в) кекіру

г) қыжыл сезімі

д) регургитация

  1. Эзофагиттің негізгі симптомын көрсетіңіз:

а) төс арты ауыруы

б) жұтынған кезіндегі ауыру сезілу

в) кекіру

+г) қыжыл сезімі

д) құсу

  1. Төмендегі дәрілердің ішінен прокинетикалық әсерлісін тандаңыз:

+а) мотилиум

б) квамател

в) фосфалюгель

г) ранитидин

д) омепразол

  1. Созылмалы эзофагит еміне төмендегі дәрілер тобының біреуімен прокинетиктерді үйлестіріп бері дұрыс болар еді:

а) холинолитиктермен

б) седативтілермен

в) простогландиндермен

г) бета-блокаторлармен

+д) протонды помпа ингибиторларымен

  1. Аталған созылмалы гастриттердің ішіндегі балаға тән түрі:

а) аутоиммунды

б) эозинофилді

в) гранулематозды

+г) хеликобактерлі

д) химиялық

9. Асқорыту ағзаларының созылмалы ауруларында хеликобактерлік инфекция рөлі дәлелденгені:

а) созылмалы эзофагит

+б) созылмалы гастрит

в) ішектің тітіркену синдромы

г) созылмалы холецистит

д) созылмалы панкреатит

10. Созылмалы гастрит дамуындағы басты жайттардың ішінде жатпайтыны:

а) тұқым қуалаушылық қиындығы

б) хеликобактерлік инфекция

+в) иммундық бұзылыстар

г) қышқыл пептикалық фактор

д) дуодено-гастральді рефлюкс

11. Геликобактер пилори қатысты асқазан шырышындағы дерті өзгерістерге жатпайтыны:

а) регенераторлық және васкулярлық бұзылыстар

б) қышқыл түзу артуы

в) эпиталиальды клеткалар апоптозының артуы

г) шырыш қабаты метаплазиясы

+д) шырыш түзу артуы

12. Төмендегі факторлардың хеликобактер пилори 12- елі ішекте орнығуына қатысы жоғы:

а) 12 елі ішектегі қабыну үдерісі

б) 12 елі ішектегі нервтік реттелу бұзылысы

в) 12 елі ішектегі шырыштағы метаплазия ошақтары

г) асқазанның антралды бөлігіне көптеп жұғуы

+д) гастроэзофагальды рефлюкс болуы

13. Асқазанның шырыш қорғаныс факторларына жатпайтыны:

а) тиісті мөлшерде асқазан шырышы бөлінісі

б) бикарбонаттардың белсенді түзілісі

+в) гастриннің белсенді түзілісі

г) шырыштың жақсы қандануы

д) шырыштың жақсы регенерациясы

14. ГЭРА – ның өңештен тыс белгілеріне жатпайтыны:

а) өкпелік

б) жүректік

в) стоматологиялық

+г) бауырлық

д) отоларингологиялық

15. ГЭРА-на диагноз қоюдың «алтын стандарты» болып табылатын зерттеу әдісі:

+а) эндоскопия

б) УДТ

в) рентгенография

г) сцинтиграфия

д) манометрия

16. ГЭРА ауыр ағымындағы байқалатын асқынуларға жатпайтыны:

а) пептикалық жара

б) Баррет ауруы

в) өңеш стриктурасы

г) пневмония

+д) холецистит

17. ГЭРА-мен науқастан төмендегі нұсқаулардың біреуінен басқасын жасауы керек:

а) көп мөлшерлі тағам қабылдамау

+б) кофе, цитрусты қолдануын көбейту

в) тамақтан соң жатпау

г) түнге қарай тамақтанбау

д) газдалған сусын қолданбау

18. Ойық жара ауруында басты клиникалық синдром:

а) диспепсиялық

б) астено-вегетативті

+в) аурулық

г) диэнцефалды

д) кардиалгиялар

19. Ойық жара асқазанда орналасқанда тамақ түскеннен соңғы ауыру сезімінің сипатын нақтылаңыз:

а) ашқарындық

б) түнгі

в) кеш

+г) ерте

д) тұрақты

20. Ойық жара ауруының ең жиі асқынуларының бірі:

а) қарынға кіре берістіі (привратник) стенозы

б) перфорация

в) пенетрация

+г) асқазан, ішектен қан кету

д) ісікке ауыс (малигнизация)

21. Балалар созылмалы гастритінде хеликобактерлік инфекция эррадикациялаудың ең тиімді тәсілі:

а) моноем

б) симптоматикалық

в) 2 компонентті

+г) 3 компонентті

д) 4 компонентті

22. Хеликобактерлік инфекцияға диагноз қоюдың «алтын стандарт» болып табылатын тәсілін көрсетіңіз:

а) уреаздық

б) биохимиялық

+в) гистологиялық

г) бактериологиялық

д) иммунды+ферментті

23. Геликобактер пилори эррадикациялануының бақылауын жүргізудің ең тиімді мерзімін көрсетіңіз:

а) ем курсы аяқталасымен

+б)емнен 4-6 апта өткен соң

в) емнен 1-2 апта өткен соң

г) емнен 6 ай өткен соң

д) емнен 12 ай өткен соң

24. Н2 гистаминдік рецепторлары блокаторына жататын дәріні таңдаңыз:

а) омез

+б) ранитидин

в) пантопразол

г) лаксопразол

д) рабепразол

25. Протондық помпа ингибиторын таңдаңыз:

а) роксотидин

б) ранитидин

в) фамотидин

+г) омез

д) низатидин

26. H.p эррадикациясын жүргізуде қолданылатын дәрілерге жатпайтыны:

а) антибиотиктер

б) Н2 гистаминдік рецепторлар блокаторы

в) протондық помпа ингибиторы

г) висмут дәрілері

+д) антигистаминдік дәрілер

27. Билиарлық тракт дисфункциясы қалыптасыуының негізгі патогенетикалық жайты:

а) тамақтану режимі бұзылысы

б) гормонды дисбаланс

+в) вегетоневроз

г) тұқым қуалаушылық қиындықтары

д) глистік инвазиялар

28. Мынандай симптомдар жинағы: оң жауырын, оң иыққа берілетін оң қабырға аймағындағы ұстамалы ауыру сезімі тән жағдайды көрсетіңіз:

+а) өт қабының гиперкинезиясы және сфинктер гипертониясы

б) өт қабының гипокинезиясы және сфинктер гипотониясы

в) өт қабының гипокинезиясы және сфинктер гипертониясы

г) өт қабының гиперкинезиясы және сфинктер гипотониясы

д) созылмалы холецистит, ремиссия кезеңі

29. Мына ауру синдромы ең тән жағдайды көрсетіңіз: тұрақты, күшті емес, оң қабырға астының сыздап ауыруы. Осы аймақта анда санда ауырлық, керу сезімі:

а) өт қабының гиперкинезиясы және сфинктер гипертониясы

б) өт қабының гипокинезиясы және сфинктер гипотониясы

+в) өт қабының гипокинезиясы және сфинктер гипертониясы

г) өт қабының гиперкинезиясы және сфинктер гипотониясы

д) созылмалы холецистит, ремиссия кезеңі

30. Созылмалы гастродуоденитті шақыратын экзогендік жайттарға жатпайтыны:

а) кортикостероидтар қабылдау

б) СЕҚҚД (НПВП)

в) лямблиоз

+г) дуодено-гастралды рефлюкс

д) геликобактер пилори

31. «Сидней жүйесіне» сай гастриттерді формасы бойынша жіктелуге жатпайтыны:

а) гранулематозды

б) жедел

в) созылмалы

г) эозинофилді

+д) атрофиялық

32. Гастродуодениттердің эндоскопиялық вариантына жатпайтыны:

+а) гранулематозды

б) беткейлі

в) эрозивті

г) гиперпластикалық

д) атрофиялық

33. Билиарлық тракт дисфункциясына тән емесі:

а) аурулық

б) диспепсиялық

+в) холестатикалық

г) астеновегетативті

д) интоксикациялық

34. Билиарлық тракт дисфункциясы диагнозын қоюда аталған тәсілдердің ішінен ең сенімдісін көрсетіңіз:

а) рентгендік

+б) ультрадыбыстық

в) биохимиялық

г) сцинтиграфия

д) дуоденалды зондтау

35. УДГ жүргізгенде өт қабының көлемі өт айдағыш астан кейін 1 сағаттан соң 2/3 кеміді. Өт қабының қимыл қабілетіне баға беріңіз:

а) қалыпты

б) аралас

в) гипотония

+г) гиперкинезді

д) гипокинезді

36. УДГ жүргізгенде өт қабының көлемі өт айдағыш астан кейін 1 сағаттан соң 1/3 кеміді. Өт қабының қимыл қабілетіне баға беріңіз:

+а) гипокинезді

б) гиперкинезді

в) гипотония

г) аралас

д) қалыпты

37. Созылмалы холецистохолангит қалыптасуына төмендегі факторлардың ішінен ең мәндісі:

+а) бактериалдық инфекция

б) вирустық инфекция

в) патогенді саңырауқұлақтар

г) қарапайымдылар

д) зат алмасу бұзылысы

38. Созылмалы холецистохолангиттің ауырулық синдром сипаты көп жағдайда байланысты:

а) бала жасына

б) қоздырғыш патогендігіне

+в) өт жолдары дискинезиясының типіне

г) макроорганизм реактивтілігі дәрежесіне

д) бала жынысына

39. Төмендегі аталған белгілердің созылмалы холецистохолангитке тән емесі:

а) Кэр, Образцов

+б) Мендель

в) Харитонов, Лейпине

г) Ортнер, Греков

д) Мерфи

40. Созылмалы холецистохолангиттің ең сенімді тексеру тәсілін көрсетіңіз:

а) сцинтиграфия

б) дуоденді зондтау

в) өтті биохимиялық тексеру

г) холецистогрфия

+д) ультрадыбыстық

41. Өттің УДТ тексеру қорытындысы: өт қабы қабырғасының қалындауы мен қатаюы; қосымша эхосигналдар. Өт қабы тұсында үлпектерінің мол болуы. Ең мүмкін болатын диагноз:

+а) созылмалы холецистит

б) жедел холецистит

в) өт қапшығының гиперкинезиясы

г) өт қапшығының гипокинезиясы

д) Одди сфинктерінің дисфункциясы

42. Созылмалы холецистохолангит өршуінде бірінші кезекте тағайындалатын емдеу әдісін көрсетіңіз:

а) спазмолитиктер

б) физиоем

в) витаминемі

+г) антибактериалды ем

д) өт айдағыш дәрілер

43.Өт қабының ең жиі кездесетін даму аномалиясы:

а) сандық

+б) формалық

в) оналасуы

г) көлемдік

д) құрылымдық

44. Бауыр қөлемінің үдемелі ұлғаюы, қақпа венасының гипертензиясы көрінісі, іштің ұлғаюы және ішек парезі төменде аталған аурулардың біреуіне басымдылықпен тән:

а) жедел холецистит

б) созылмалы холецистит

+в) өт жолдарының атрезиясы

г) гипертониялық типті дискинезия

д) гипотониялық типті дискинезия

45. Өт-тас ауруы этиологиясының негізгі факторына жатпайтыны:

а) семіздік

б) қант диабеті

в) созылмалы гепатит

+г) физикалық жүктеме

д) ауыз су құрамы

46.Созылмалы гастрит диагноз қоюда мәндісі:

а) асқазан рентгенографиясы

б) pH-метрия

в) асқазанды зондтау

г) асқазанның компьютерлік томографиясы

+д) ЭФГДС гистологиямен

47.Ойық жара ауруына тән негізгі диспепсиялық симптомды көрсетіңіз:

а) лоқсу

+б) қыжыл

в) құсу

г) тағаммен кекіру

д) «шірік иісті» кекіру

48. Өт қышқылы түзілісінің төмендеуі, холестериннің өтте артуы, муцин гиперсекрециясы болуы төмендегі жағдайдың береуіне тән:

а) өт жолдары дамуы ақауы

б) өт қапшығы дамуы ақауы

в) билиарлы жол дисфункциясы

г) жедел холецистит

+д) холелитиаз

49. Холелитиаздың латентті және клиникалық сатыларына диагноз қоюды ең мәліметтті әдісі:

а) дистанционды және контактылы термография

б) өтті биохимиялық зерттеу

+в) ультрадыбысты зерттеу

г) пероральды холецистография

д) көктамыр ішілік холецистография

50. Холестеринді тас емінде ең таңдаулы дәрі:

+а) урсофальк

б) папаверин

в) холлагол

г) сорбит

д) никодин

51. Созылмалы холецистит емінде қабынуға қарсы ем ретінде қолданылмайтын дәрі:

а) фуразолидон

+б) трамал

в) цефазолин

г) амоксициллин

д) гентамицин

52. Созылмалы панкреатит дамуы себебіне жатпайтын жайт:

а) инфекциялық

б) анатомиялық аномалия

в) обтурациялық

+г) алкогольдік

д) генетикалық

53. Созылмалы панкреатит патогенезінің дәлелді және ең мәнді факторын көрсетіңіз:

+а) гиперферментемия

б) микроциркуляция бұзылысы

в) тотықтыру стресі

г) литостатин түзілісінің кемістігі

д) гемостаз жүйесінің XII факторының белсенуі

54. Созылмалы панкреатиттің шығу тегі және ағымы бойынша жіктелуіне жатпайтыны:

а) біріншілік

б) екіншілік

в) рецидивті

г) латентті

+д) обструктивті

55. Созылмалы панкреатиттің ауыру синдромының сипатына жатпайтыны:

а) үдемелі

б) еңкейгенде азаюы

+в) ашқарында болатын

г) бел аймағына берілетін

д) тамақтанғаннан соң күшеюші

56. Рецидивті панкреатитте болатын басым симптом:

а) полифекалия

+б) іш аймағындағы ауыру сезімі

в) лоқсу

г) қышқыл дәмнің келуі

д) нәжістің сұйылуы

57. Созылмалы панкреатитке тән диспепсиялық синдром:

а) шірік иісті кекіру

б) қыжыл

в) тәбеттің жоғарылауы

г) тәбеттің төмендеуі

+д) нәжісінің өзгеруі

58. Созылмалы панкреатитте үнемі аурумен жүретін көріністеріне жатпайтыны:

а) метеоризм

+б) қышқылды кекіру

в) полифекалия

г) стеаторея

д) сасық иісті нәжіс

59. Созылмалы панкреатитке тән симптомды атаңыз:

а) Кер, Образцов

+б) Кач

в) Харитонов, Лепине

г) Ортнер, Греков

д) Мерфи

60. Объективті: іштің пальпациясында созылмалы панкреатитте ең жиі анықталатын симптомына жатпайтыны:

а) Керт

б) Гротт

в) Мейо-Робсон

+г) Ортнер, Греков

д) Кач

61. Созылмалы панкреатиттің латенттік формасында келесі белгі анықталады:

+а) ұйқы безінің пальпаторлы ауыру сезімі

б) полифекалия

в) метеоризм

г) ұйқы безі аймағындағы ауыру сезімі

д) нәжісі сасық, ботқа тәрізді

62. Созылмалы панкреатит өршуінің қай кезеңінде ұйқы безі ферментінің белсенділігін анықтау ең мәліметті болып табылады:

а) алғашқы 10 сағат

б) алғашқы 2 сағат

в) алғашқы 6 сағат

+г) 12-24 сағаттан соң

д) 48-72 сағаттан соң

63. Созылмалы панкреатитке диагноз қоюдың «алтынды стандарт» зерттеу әдісіне жататыны:

а) дистанционды және контакты сұйық кристалды термография

б) компьютерлік томография

в) ультрадыбысты зерттеу

г) радионуклидті сканирлеу

+д) эндоскопиялы ретроградты панкреатохолангиография

64. Созылмалы панкреатитте ұйқы безінің зақымдалуының эхографиялық белгілеріне жатпайтыны:

а) эхогенділігі гомогенді

б) фиброз, ошақтық әктену

+в) контуры анық, өлшемі жасына сәйкес

г) ұйқы безі бөлігінің жергілікті ұлғаюы

д) ұйқы безінің диффузды ұлғаюы

65. Созылмалы панкреатит өршуінің алғашқы 2-3 күніне тиімді емдәм:

а) №1 емдәм

+б) тамақтануды тоқтату

в) №2 емдәм

г) №5 емдәм, үгітілмеген нұсқа

д) №5 емдәм, үгітілген нұсқа

66.Ауыр панкреатитте ұйқы безінің қызметін басып тұру үшін мына дәріні тағайындаған дұрыс:

а) преднизолон

б) контрикал

в) мезим-форте

г) квамател

+д) сандостатин

67. Созылмалы панкреатиттің өршу кезіндегі аурулық синдромды басу үшін ең тиімді дәрі:

+а) баралгин

б) контрикал

в) фамотидин

г) окреотид

д) преднизолон

68. Созылмалы панкреатитте ауыру сезімі сақталса, қандай дәрі тағайындау тиімді:

а) антигистаминдікдер

+б) анальгетиктер

в) панкреатикалық ферменттер

г) Н2-гистамин блокаторлар ы

д) антипротеазалар

69. Созылмалы панкреатитте ферменттермен орынтолтыру емі келесі жағдайда жүргізілмейді:

а) күнделікті майдың 15 г-нан көп бөлінуі

б) науқастың дене массасы созылмалы төмендеуі

в) тұрақты полифекалия

+г) копрограммада анықталатын стеаторея

д) метеоризм

70. Төмендегі аталған аурулардың қайсысы ішек моторикасының бұзылуымен шартталған:

а) муковисцидоз

+б) созылмалы іш қату

в) созылмалы колит

г) целиакия

д) Крон ауруы

71. Созылмалы колит диагнозын егер тән клиникалық симптоматика келесі зерттеулердің нәтижесімен үйлесіп жүрсе, қоюға болады:

а) ирригография

б) ректороманоскопия

в) колоноскопия

+г) гистология

д) копрограмма

72. Арнайы емес жаралы колиттің ең көрнекті клиникалық симптомы:

+а) гемоколит

б) субфебрилитет

в) іштің ауыру сезімі

г) лоқсу мен құсу

д) дене салмағын жоғалту

73. Арнайы емес ойық жаралы колит диагнозын қою үшін ең ақпаратты зерттеу әдісі:

а) жалпы қан сынағы

б) биохимиялық қан сынағы

+в) колонофиброскопия

г) копрологиялық зерттеу

д) кіші жамбас ағзаларын УДТ

74. Арнайы емес ойық жаралы колитке тән клиникалық симптомдарға жатпайтыны:

а) дене салмағын жоғалту

б) субфебрилитет

в) үлкен дәреттің жиілеуі

г) нәжісте қан және шырыш

+д) фонтанды құсу

75. Арнайы емес ойық жаралы колиттің ауыр формасында байқалмайтын симптом:

а) тенезмдер

б) 10 және одан көп үлкен дәрет

+в) дене қызуы қалыпты

г) нәжісте қан, шырыш, ірің

д) дене салмағын жоғалту

76. Арнайы емес жаралы колиттің жергілікті асқынуына жатады:

а) түйінді эритема

+б) ішектен қан кету

в) сепсис

г) артрит

д) холангит

77. Арнайы емес жаралы колиттің жергілікті асқынуына жатады:

+а) токсикалық мегаколон

б) эндокардит

в) холангит

г) түйінді эритема

д) сепсис

78. Арнайы емес жаралы колиттің жалпы асқынуларына жатады:

а) ішек перфорациясы

б) малигнизация

+в) сепсис

г) ішектен қан кету

д) токсикалық мегаколон

79. Арнайы емес жаралы колитпен ауыратын науқасты емдеудегі дәрі таңдамалы:

а) сульфасалазин

б) салазопиридазин

в) сульфапиридин

+г) салофальк

д) урсофальк

80. Арнайы емес жаралы колитте 2 апта бойы 5-АСК препаратының әсері болмауына байланысты тағайындалатыны:

а) альфа-интерферон

+б) преднизолон

в) азатиоприн

г) метатрексат

д) ципрофлоксацин

81. Арнайы емес ойық жаралы колиттің дистальды формаларының жергілікті емінде клизма арқылы тағайындалатыны:

а) имодиум

б) 6-меркаптопурин

в) азатиоприн

+г) будесонид

д) висмут

82. Арнайы емес жаралы колитте циклоспорин А-ны тағайындаудың көрсеткіш:

а) айқын гемоколит

+б) гормонға тәуелділік

в) тотальды колит

г) белсенділіктің жоғарғы дәрежесі

д) жергілікті асқынулар

83. Тоқ ішектің микроб биомассасының дене массасына шаққандығы ара-қатынасы:

+а) 5%

б) 0,05%

в) 0,5%

г) 1%

д) 2%

84. Төменде аталғандардың ішінен тоқ ішектегі ең көп болатын микроорганизмдер:

а) лактобактериялар

б) бактероидтар

в) эшерихийлер

+г) бифидумбактериялар

д) саңырауқұлақтар

85. Тоқ ішек микрофлорасындағы бифидумбактериялардың қалыпты саны (КОЕ/г фекалий):

а) 104-105

+б) 109-1010

в) 105-106

г) 107-108

д) 102-103

86. Дисбактериоз диагнозын қою үшін ең қолайлы зерттеу әдісі:

а) тоқ ішектің шырышты қабатының биоптаты

+б) фекальды микрофлораның құрамы

в) тік ішек шырышты қабатының жағыны

г) ішектің шырышты қабатының жуындысы

д) аш ішектің шырыш қабатының биоптаты

87. Дисахаридті жетіспеушілік аталған барлық ферменттердің тапшылығынан дамиды, БІРЕУІНЕН БАСҚА:

+а) энтерокиназа

б) лактаза

в) инвертаза

г) мальтаза

д) трегалаза

88. Мальабсорбция синдромының энтероцеллюлярлы типіне мына аурулар жатады, біреуінен басқасы:

а) целиакия

б) лактазды жетіспеушілік

в) трегалазды жетіспеушілік

г) сахараза-изомальтаза жетіспеушілігі

+д) экссудативті энтеропатия

89. Сахаридтердің қай түрін көтере алмауда зәрмен D–ксилоза экскрециясының төмендеуі тән:

а) лактоза

б) сахароза

в) мальтоза

г) трегалоза

+д) глюкоза

90. Біріншілік глюкоза көтере алмауының негізінде жатқан фактор:

а) ұйқы безінің инкреторлық функциясының жетіспеушілігі

б) лактаза жетіспеушілігі

+в) энтероцит мембранасы арқылы глюкоза тасымалдаушының айқын ақауы

г) инвертаза жетіспеушілігі

д) мальтаза жетіспеушілігі

91. Тұқым қуалайтын біріншілік фруктоза көтереалмаушылық негізінде жатқан ететін фактор:

а) ұйқы безінің инсулярлы жетіспеушілігі

+б) энтероцит мембранасы арқылы фруктоза тасымалдаушының айқын ақауы

в) сахараза жетіспеушілігі

г) жеміс жидек пен шырынды шамадан тыс пайдалану

д) мальтаза жетіспеушілігі

92. Целиакиямен ауыратын науқастар қай дәнді дақылдарды жақсы қабылдайды:

а) бидай

б) арпа

в) сұлу

+г) жүгері

д) тары

93. Целиакияның негізгі ем әдісі:

а) иммуномодулдеуші терапия

б) орынбасушы фермент емі

в) электролитті баланс коррекциясы

+г) аглиадинді диета

д) гормональді ем

94. Муковисцидозда кезіндегі мына келтірілген ем әдістерінің ішінде қолданылмайтыны:

а) орынбасушы фермент емі

б) муколитикалық ем

в) антибактериалды ем

г) постуралды дренаж және вибромассаж

+д) гормональды ем

95. Экссудативті энтеропатияда емдәмде ненің ең көбеюі мәнді:

а) көмірсулар құрамы

б) майлар мөлшері

+в) тағамдағы белок мөлшері

г) жалпы калораж

д) сұйықтық көлемі

  1. Ішек тітіркенісі синдромы (ІТС) симптомокомплексіне кірмейтіні:

а) 3-айдан астам функционалды бұзылыстар

+б) локальды іш ауыруы

в) дефекациядан кейін іш ауыруының азаюы

г) метеоризм, іш шұрылы

д) іш өтуі мен қатаюының бірінен соң бірі болуы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]