Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Тіс Жегі клиникасы

.doc
Скачиваний:
140
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
442.88 Кб
Скачать

Балалардағы тісжегінің клиникасы,ағымын нақтамалау және емінің ерекшеліктері.

Жоспар:

  1. Балалардағы тісжегінің дамуына әсер ететін факторлар

  2. Тісжегінің негізгі көрсеткіштері

  3. Тісжегінің жіктелуі (Т.Ф.Виноградова бойынша).Әртүрлі жастағы балалардың тісжегісінің даму ерекшеліктері.

  4. Тісжегі үрдісінің белсенді дамуына байланысты тісжегінің клиникалық ағымының ерекшеліктері. Балалардағы тісжегінің клиникасы.

  5. Балалардағы тісжегіні нақтамалау(диагностика) әдістері.

  6. Балалардағы тісжегіні салыстырмалы нақтамалау.

Тісжегі-балалар арасында кең таралған стоматологиялық ауру.

Балаларда тісжегінің пайда болу жиілігі 2 жаста 6,1%, 3 жаста-21%, 4 жаста-51%, 5жаста-71% (Т.Ф.Виноградова бойынша 1988ж.).

Әсер ететін факторлар:климат, әлеуметтік жағдай, микроэлементтер құрамы,дәрумендер,ақуыздар,майлар.

Балалардың даму кезеңінде әсер ететін эндо-экзогенді факторлар:

  1. Жатырішілік кезеңде негізгі фактор ағзалар мен жүйелердің генетикалық бұзылуы.Зат алмасу бұзылуы, анасының экстрагенитальды аурулары (ревматизм,гипертония,нефропатия,эндокринді, жұқпалы) тіс тінінің қалыптасуының бұзылуына алып келеді.

  2. Антенатальды кезеңде қатты тіндердің минерализациясының бұзылуы ұрықтану,қалыптасу,тісжақ жүйесінің дамуынында қатты тіндердің құрылымының бұзылуына алып келеді.

  3. Тістің қатты тіндерінің құрылымының өзгеруіне балалардың жарақат алуы,жұқпалы аурулары,уақытынан бұрын туылуы,жасанды тамақтандыру алып келеді.

  4. Д дәруменінің жетіспеушілігі ағзада гипокальцемия дамып тістің қатты тіндерінің бұзылуына алып келеді.

  5. Фтор жетіспеушілігі тістің қатты тіндерінің химиялық құрамына әсер етеді.

  6. Баланы дұрыс емес тамақтандыру:көмірсуы көп тағамдарды беру,жұмсақ тағам,ауыз қуысының нашар гигиеналық жағдайы тіс жегінің дамуына алып келеді.

  7. Кіреуке құрылымының өзгеруіне температура,тіс қағының жиналуы әсер етеді.

Тісжегінің дамуына микроорганизмдердің әсер ететіні белгілі негігзгі рөлді стрептококк алады (Str.mutans,salivarius,miris,sanguis).

Тісжегі- бұл созылмалы патологиялық үрдіс, тістің қатты тіндерінің ошақты деминерализациясымен сипатталады, асқыну, тұрақтану мүмкіндігі бар, осы созылмалы үрдістің әртүрлі белсенділігі және дәрежесі бар.

Тісжегіні анықтауда ДДҰ-ң үш негізгі көрсеткіші қолданылады:таралуы, жиілігі (интенсивность),өсу жиілігі. Профессор Мырзабеков О.М. (1995) ұсынған көрсеткіші:

Тісжегінің таралуы Жиілігі

Ақтөбе облысы 80,21 2,08

Көкшетау облысы 75,83 1,85

Қарағанды 77,50 2,31

Теміртау 85,29 2,15

Семей 79,44 2,32

Шучинск 67,83 1,79

Қаскелен ауданы 54,60 0,96

Алматы облысы

Алматы қаласы 64 1,64

Тісжегінің таралуы тісжегіге тексерілген жалпы балалар саны және процентпен есептеледі.

Тісжегінің жиілігі тісжегі дәрежесіне байланысты және КПУ,кп,КПУ+кп индекстерінің орташа санымен анықталады.

Жиілік индексі тек қана бір баланың тісжегі дәрежесін анықтайды,тұрақты тістемде КПУ,аралас тістемде КПУ+кп,уақытша тістемде кп.

Тісжегінің жиілігі=балалардағы тексерілген КПУ+кп индекс саны/жалпы тексерілген балалар саны

Тісжегінің жіктелуі (Т.Ф.Виноградова бойынша).

  1. Белсенділік дәрежесіне байланысты:

  • Компенсирленген

  • Субкомпенсирленген

  • Декомпенсирленген

  1. Тістің тісжегімен бұзылуы:

  • Орналасуына баайланысты:

  • Фиссура

  • Апроксимальды

  • Ұртты

  1. Тереңдігіне байланысты:

  • Бастапқы

  • Беткей

  • Орташа

  • Терең

  1. Дамуына байланысты:

  • Біріншілік

  • Екіншілік немесе рецидив

  1. Патоморфологиялық өзгеруі (Паникровский В.В.1966ж.бойынша):

  • Дақты кезең (ақ дақ, сұр дақ,ақшыл қоңыр,қоңыр, қара дақ)

  • Кіреуке тісжегісі (беткей тісжегі)

  • Орташа

  • Тереңдігі орташа

  • Терең перфоративті.

Клиникасына байланысты:

  1. Бастапқы ( дақты кезең ) симптомсыз өтеді . Кіреукенің түсі өзгереді Жиі тексерілген кезде анықталады . тәрізді немесе пигменттелген қылқанды орман , беті тегіс , тығыз сезімсіз ағзасын ; температураға болмайды . реакциясы

  2. Беткей тісжегіде кішкене сезімі болады ағзасын ( тәттіден , тұздыдан , қышқылдан ). Қарау кезінде тәрізді дақ бұдырлы беті және зондатаған кезде жұмсақ . қылқанды орманы

  3. Орташа тісжегіде сезімі айқын ағзасын Зақымдалған аймақта кіреуке бұзылған .1-3 жастағы балаларда өте белсенді дамиды . , шеттері сынғыш , дентин ақшыл , ылғалды .

  4. Терең тісжегі сүт тістерде кездеспейді деп дентин тісжегі қуысында терең инфицирленген .

Уақытша тістердегі тіс жегінің клиникалық ерекшеліктері .

Уақытша тістердегі тіс жегінің клиникалық ерекшеліктері,тіс жегі үрдісінің жылдам дамуымен сипатталады. Бұл үрдіс дентинге жетіп,үлкен аймақты алады.Тіс жегі үрдісінің өршуі,интраглобулярлы дентиннің ұлпа шекарасына жетуінің себептері уақытша тістердің жұқа кіреукемен жабылуы және минералданған дентин аймағының аз болуы. Кіреуке,дентин құрылысының құрамында көп көлемде органикалық заттар және дентин өзекшелерінің кең болуымен ерекшеленеді.

Тіс жегіге көбінесе жоғарғы жақтың күрек тістері,сүйір,үлкен азу тістері шалдығады. Тіс жегі қуысы күрек тістерде вестибуляр және апроксимальды бетте,ал үлкен азу тістерде фиссурада орналасады. Орталық күрек тістерде тіс жегінің орналасуы мойын аймағында,кейде тістің барлық бетінде. Вестибуляр беттегі тіс жегі қуысы майда,жалпақ,кең кіру өзегімен ерекшеленеді.Кіреуке шеті жұқа,дентин ылғалды.Қуысты өңдегенде дентиндегі патологиялық ошаққа шектеу айқындалмаған. Аталған қуысты пломбылау өте қиын: кіреукенің жұқа болуы,екіншілік дентиннің баяу бөлінуі,сондықтан ремтерапия жүргізілуі керек. 4-4,5 жастан бастап үлкен азу тістерде тіс жегі қуысы апроксимальды бетте орналасады. Уақытша тістердегі тіс жегі дентинге жылдам өтуі, тіс жегі қуысының табиғи көлемін көрсетпейді.

Белсенді тіс жегі үрдісінің клиникалық ерекшеліктері.

Тіс жегінің компенсирленген формасында тістердің тіс жегіге тұрақтылығымен ерекшелінеді.Бұл топқа дені сау балалар кіреді.Тіс жегіге ұшыраған тістер саны орташа 3-3,5.Үлкен азу тістердің тіс жегі қуысы шайнау беттерінде орналасады,сирек пломбаның түсуі,екіншілік және өршіген тісжегі байқалады.Тіс жегі қуысында тығыз,пигменттелген дентин,қуыстың шеттері тегіс,дөңгелек.

Тіс жегінің декомпенсирленген формасы созылмалы соматикалық ауруы бар,әлсіз жиі ауыратын балаларда дамиды.Тіс жегіге шалдыққан тістер саны 7 және одан көп. Тістер көбінесе бор тәрізді дақпен көрінеді.

Осындай балаларда депульпирленген тістердің өршу үрдісі,бұрын емделген орта және терең тіс жегінің асқынуы кездеседі.Жиі көрсеткіш тістерді жұлу.Екіншілік қарауда жиі пломбаның түсуі,екіншілік тіс жегінің дамуы байқалады. Тіс жегі қуысының шеттері үшкір, дентин ақшыл,ылғалды,жұмсақ оңай алынады.Тіс жегі қуысы сол тістің барлық беттерінде орналасады.Тіс жегінің субкомпенсирленген формасы декомпенсирленген формасына ұқсас.

Тісжегіні нақтамалау(диагностика) әдісі

Тісжегіні зерттеу әдістері:негізгі және қосымша.

Негізгі әдістер:сұрау,қарау,зондтау,температуралық сынау.

Қосымша әдістер:витальды бояу,люминесцентті стоматоскопия,трансиллюминация,электрометрия,лазерлі флюорометрия,рентгенография.

Қарау визуальды және айна көмегімен.Қарау кезінде дақты анықтаймыз.

Зондтау кезінде тісжегі қуысын анықтаймыз.Температуралық сынауда терең тісжегінің даму кезеңін анықтаймыз.Ауру сезім тітіркендіргіш әсер еткен де болады,бірақ тез қайтады.

Люминесцентті стоматоскопияда сау және тісжегімен зақымдалған тісті сәлелендіру.Тісжегі дағында люминесценттің өшуі байқалады сау тіспен салыстырғанда.

Трансиллюминация көлеңке түзу арқылы болады.

Лазерлі флюорометрия «Diagnodent» аспабы арқылы жүргізіледі қатты тіндердің жағдайын сандық көрсеткішпен көрсетеді.

Салыстырмалы нақтамалау

Бастапқы тісжегіні гипоплазия және флюорозбен салыстырады. Гипоплазия кезінде жүйелі зақымдалу тән, дақтардың симметриялы орналасуы,тісжегінің орналасуына тән емес.

Флюороз кезінде дақтар көп шегарасы айқын емес.

Беткей тісжегіні эрозивті гипоплазиямен және борлы – крапчатый флюорозбен салыстырады.

Эрозивті гипоплазияда кіреуке беті зақымдалған аймақта тегіс және аурусезім болады.Ал борлы-крапчатый флюорозда барлық тіс топтары зақымданады.

Орташа тісжегіні беткей және терең тісжегімен,созылмалы гангренозды пульпитпен,созылмалы периодонтитпен салыстырады.

Терең тісжегіні созылмалы пульпитпен, созылмалы периодонтитпен салыстырады.

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Виноградова Т.Ф. Стоматология детского возраста.М.,1987

  2. Виноградова Т.Ф. Диспансеризация детей у стоматолога.М.,1988

  3. Виноградова Т.Ф. Педиатру о стоматологических заболеваний у детей.Л.,Медицина,1982

  4. Колесов А.А. Стоматология детского возраста.М.,1991

  5. Курякина Н.В. Терапевтическая стоматология детского возраста.Новгород,2004,744с.

  6. Сайфуллина Х.М. Кариес зубов у подростков.М.,Медпресс,2001.-96с.

  7. Мирзабеков О.М. и соавт. Повышение уровня стоматологического здоровья детей РК.Метод рекомендации.Алматы 1995,31с.

Хоменко Л.А.,Остапко Е.И.,Биденко Н.В.Клинико-рентгенологическая диагностика заболеваний зубов и пародонта у детей и подростков.М., Книга плюс,2004