Добавил:
kiopkiopkiop18@yandex.ru Вовсе не секретарь, но почту проверяю Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
1
Добавлен:
24.03.2024
Размер:
496.76 Кб
Скачать

І Кіріспе

ХХғасырдың екiншi жартысындағы физиканың ірi табыстарының бiрi оптикалық кванттық генератор, немесе басқаша айтқанда лазердiң ойлап табылуы. "Лазер" деген сөз ағылшынның "Light Amplificatoin by Stimulated Emission of Radiation" деген сөйлемiнiң алғашқы әрiптерiнен алынған (LASER). Бұл "мәжбүрленген сәуле шашудың көмегiмен жарықты күшейту" дегендi бiлдiредi. Мәжбүрленген сәуле шығару үрдiсi лазерлердiң физикалық негiзi болып табылады.

Лазер сәулесін беретін аспаптың түрлері: газ лазері, жартылай өткізгіш лазері, қатты дене лазері және сұйық зат лазері. Стоматология тәжірибесінде баяу ағынды гелий-неондық лазер қолданылады. Қанжел (пародонт) ауруларын, зақымданған тканьдерді емдеуде, организмнің әр түрлі ауруларға бейімділігін (сенсебилизаңия) кеміту, иммундық қасиеттерін күшейту т. б. клиникалық жұмыстарда жақсы нәтиже беріи келеді. Ауыз қуысында болатын стоматиттерді (ауыздың уылуы) ерін мен тіл жараларын, глоссалгияны (тоқтаусыз ауыратын тіл кеселі), глосситті (тіл кабынуы) лазер сәулесімен емдеудің нәтижесі жақсы. Бұл сәулені сондай-ақ жақ сүйектері сынғанда, бетке пластикалық операциялар жасағанда қолданады. Остеохондрозды және омыртқаның басқа да ауруларын емдеу кезінде лазерлік терапия қанайналымын жандандырушы ретінде тиімді. Остеохондроз кезінде омыртқааралық дисктердегі дегенеративтік процестер көбіне осы аумақтағы қанайналымының бұзылуына байланысты, ал лазерлік сәулелеу зақымдалған аумақтардағы қанайналымын нәрлендіруді қамтамасыз етуге ықпал етеді, осындай жолмен аурудың одан арғы дамуын тежейді. Лазерлік терапия әсері тіндердегі ісінулерді, ауырсынуларды жою, иммундық жүйеге әсер етуге ықпал етуші қабынуға қарсы іс-әрекеттерден, аллергияға қарсы әсер, репаративтік іс-әрекеттерден (жазылу процестерін жақсарту) тұрады. Лазерлік терапия сонымен қатар омыртқа мен буындардың дегенеративтік - дистрофиялық аурулары кезінде алмасу процестерін ынталандырады.

Жоспар:

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

2.1. Лазерлік терапияның қолданылуы 2.2. Лазердің медицинадағы ролі. 2.3 Лазер сәулесінің биологиялық әсері.

ІІІ Қорытынды

ІV Пайдаланылған әдебиетер

ІІ Негізгі бөлім

2.1. Лазерлік терапияның қолданылуы

Лазерлер бүгiнгi күнде сан алуан салада қолданылады. Олар ауыл шаруашылығында, өндірісте , зергерлік салада, әскери істе, заттарды өңдеу, ғарыштық байланыс үшін, косметологияда,медицина және голографияда және т.б. Лазерлік терапия:

  • омыртқаның дегенеративтік аурулары (омыртқаралық жарықтар, диск протрузиялары, остеохондроз, радикулиттер); (1- сурет)

  • буын мен сүйек тінінің аурулары (иық сүйегі эпикондилиті, бурситтер, артриттер және артроздар, буындық сіресімдер); (2- сурет)

  • байлам және буын аурулары мен жарақаттары; (3-сурет)

  • бұлшықет аурулары (миозиттер); (4-сурет)

  • сіңір аурулары (тендиниттер); (5-сурет)

  • хирургиялық аурулар: операциядан кейінгі және ұзақ уақыт жазылмайтын жаралар, трофикалық ойықжара, келлоидты тыртық (жеделдеу сатысындағы), жарақаттар (механикалық, термиялық, химиялық), остеомиелиттер, аяқтағы тамыр аурулары; (6-сурет)

  • нерв жүйесі аурулары: перифериялық нервтердің невралгиясы және невриттер, үшкіл нерв невралгиясы, бет нервісінің невриті, ми-тамырлық жетіспеушілік, ұшықты симпатоганглиониттер, перифериялық нервтердің жарақаттық зақымдануы, симпатикалық адреналдық криздермен ВТД, бас сақинасы, БЦС, шашыраңқы склероз, жарақаттанудан кейінгі сипаттағы аурулар сирингомиелиясы;

  • тірек-қимыл аппаратының аурулары - өзгеріске ұшыраған остеоартроз, артрит, құздамалық артрит, периартрит, өкше сүйек сүйелі, эпикондилит кезінде ұсынылады. (7-сурет)

1-сурет 2-сурет

3-сурет 4-сурет

5-сурет 6-сурет

7-сурет

Тірек – қимыл аппаратының аурулары кезінде лазерлік терапияны кешенді қолдану омыртқаның, омыртқааралық дисктердің және буындардың жалғаушы аппаратын коллагеннің жинақталуы, капиллярлардың тез өсуі, зақымдалған сегмент аумағындағы қабынудың жойылуы есебінен қалпына келуіне ықпал етеді. Лазерлік терапия тірек – қимыл аппаратының ауруларын және үшкіл нерв қабынуын емдеуде қолданылатын тиімділігі ең жоғарғы әдістердің бірі болып саналады.

Қарқындылығы төменгі лазерлік терапия басымдықтары:

  • терапиялық әсер етудің кең диапазоны;

  • фармокологиялық препараттардың әсер етуіне тән жанама әсерлердің, аллергиялық реакциялардың іс жүзінде болмауы;

  • лазерлік терапия жүргізуге қарсы көрсетімдердің аз болуы;

  • лазерлік терапияны әдеттегі емдеу әдістерімен (жергілікті және жалпы әсер етуші) кешенді қолдану мүмкіндігі;

  • жанасусыз, қолданудың зарарсыздығы.

2.2 Лазердің медицинадағы ролі.

Стоматология тәжірибесінде баяу ағынды гелий-неондық лазер қолданылады. Лазер сәулесінің шоғымен тіс ауруын емдеуге, яғни тістің ауырған жерін оңай ойып алып тастауға болады. Бір кереметі лазер сәулесі тістің ақау жерін өзі іздеп тауып алады. Оның себебі бар. Тік эмаль ақ жарықты кері шағылдырады. Сондықтан лазердің «нәзік» сәулесі тістің сау жеріндегі эмаль қабатынан кері шағылады да, лазер бұзылған жердітабады, сау жеріне зиянын тигізбейді. Ал операция тез өтетіндігі соншалықты, оны емделуші байқап та үлгермейді. Қанжел (пародонт) ауруларын, зақымданған тканьдерді емдеуде, организмнің әр түрлі ауруларға бейімділігін (сенсебилизаңия) кеміту, иммундық қасиеттерін күшейту т. б. клиникалық жұмыстарда жақсы нәтиже беріп келеді. Ауыз қуысында болатын стоматиттерді (ауыздың уылуы) ерін мен тіл жараларын, глоссалгияны (тоқтаусыз ауыратын тіл кеселі), глосситті (тіл кабынуы) лазер сәулесімен емдеуде жақсы нәтижелерге қол жеткізіліп келеді. Бұл сәулені сондай-ақ жақ сүйектері сынғанда, бетке пластикалық операциялар жасағанда қолданады.Соңғы уақытта көмейдің парездері мен параличтерін хирургиялық диодты лазерді қолдану арқылы жүзеге асырылатын жаңа әдісі енгізілді.

Лазерлік сәулелеудің терапиялық әсер етуі шартты түрде үшке бөлінуі мүмкін:

1. Бастапқы әсер. Бұл жарық фотондары, жасушаішілік компоненттер және жергілікті қызудан бөлінетін энергияны сіңіру.

2. Екінші әсер. Бұл жасушаішілік деподан кальций иондарын босату, кальций иондарының жоғарғы шоғырланған толқынының таралуы.

3. Соңғы әсер. Тіндерде, мүшелерде туындайтын бейімделуші және компенсациялық реакция кешені дамиды. Жасушалар зат алмасуының жандануы және олардың функциялық белсенділігі артады. Сонымен қатар қалпына келтіру процестері ынталандырылады, қанның микроайналысы күшейтіледі, тіндердің оттегімен қанықтырылуы артады, иммунитет күшейеді. Оттегі алмасуының күшейтілуі оттегі жеткіліксіздігін төмендетеді, тін жасушаларындағы қабыну процестерін азайтады.

Ал, Калифорниядан шыққан доктор лазердің көмегімен адамның көзінің түсін өзгертетін технологияны ойлап тапқан. Ендігі жерде көзінің түсін қарадан көкке ауыстырғысы келетін адамдар бар жоғы 20 секундта көзінің түсін ауыстыра алады. Бірақ ол қайтып орнына ешқашан келмейді екен.

2.3 Лазер сәулесінің биологиялық әсері.

Лазерлi қондырғылармен жұмыс істеген, қызмет етушiлерге белгiлi потенциалды қауіп төндiредi.

Лазерлiк сәуленің термиялық (күйдiргiш) әсері бар, сонымен қатар, тіндерде болатын электромагниттiк аймақтың кернеуін өзгертетiн қасиетін бейнелейді Лазер қондырғыларымен жұмыс iстейтiндер шағылысқан және жайылған сәулелерден ОКГ -ң бетiндегi әртүрлi оптикалық элементтер мен сәуле жолында орналасқан нысаналар, құралдар, сонымен қатар, өндiрiс орындарының қабырғаларынан әсер алады. Шағылысқан және жайылған лазерлiк сәулелердің тығыздығының маңызы шағылыстыратын материалдық құрамына және табылуына, лазердің қуатына және шығатын энергиясына байланысты. Күштi импульстi лазерлермен жұмыс iстегенде шығатын энергия жүздеген Дж-ге, шағылысқан лазер сәулесінің энергия тығыздығы кейде 10-2 - 10-3 Дж/см2-ге дейiн жетедi. Лазерлiк сәулелер көздің торлы қабатын зақымдайды, ереже бойынша оператордың көзiне сәулелер аз көлемде түседi, себебi генерация кезiнде, зерттеушi өзiн сақтау шараларын қолданады: көзiн жабу, көзiлдiрiк кию, бұрылып басқа жаққа қарау және т.б. Кейде күштi импульстiк ОКГ-қ жұмыс жағдайында шу өте жоғары (120 дБ) болады және спектрдегi жиiлiк 125-400 Гц-ке жетедi. ОКГ тұрған жерде ауаның газдық және иондық құрамы өзгермейдi, бірақ ұзақ жұмыс жағдайында ауаның иондық құрамында азон және басқа зиянды қосылыстар көбейеді. Лазерлiк қондырғылармен жұмыс жасаған адамдарда нервтік көңіл-күй жағдайлары тұрақты түрде зорығумен жүредi. Сәуленің және электрлiк тоқтың жоғары дәрежедегі кернеуі ағзалардың қалыпты ритмдегi жұмысын бұзады, әртүрлi ағзалардың ауруларының пайда болуына әкеледі. лазерлiк сәуленің биологиялық әсері күрделi. Лазерлiк сәулеленудің әсерінен болған биологиялық жылжулар негiзiнен термиялық (күйдiргiш), механикалық, фото-электрлiк және фотохимиялық құбылыстарды туғызады. Лазерлiк құрылымдарды қолданғанда көру ағзасы едәуір зақымдалып, оның жұмысы бұзылады. Әсіресе, көдің торлы қабаты мен нұрлы қабығы оған өте сезiмтал. Көздің зақымдалуы тіке жарық сәуленің, осымен бiрге әртүрлi нәрседен шағылысып шыққан жарық бейнелерінің түсуінен және шашыраңкы лазерлiк сәулелерден байқалады. Кәдiмгi термиялық факторлардан туатын зақымданулар күйiк тәрiздi, ал жоғары деңгейдегі энергияның әсерінен кездің торлы қабығында қан құйылулар байқалады. Лазерлiк сәулелену басқа да ағзалар мен тіндердің патологиялық өзгерiстерiне әкеледі: бас, мойын, тері, iшкi ағзаларды. Терiдегi өзгерiстер: сәл эритемадан терең некрозға дейiн, терінің құрғауына, жарылып тiлiнуiне, күюiне, оның әртүрлi дәрежедегі дақтардың болуына, қоңырлануына-қараюына әкеледі. Ұзақ ОКГ-ң әcepi орталық нерв жүйесiнде, жүрек-қантамырлар және т.б. жүйелерiнде әртүрлi дәрежелік қызметтік бұзылыстарды туғызады.

ІІІ Қорытынды

Лазер (ағылш. laser, ағылш. light amplification by stimulated emission of radiation - жарықты мәжбүрлі сәулелену арқылы күшейту қысқашасы) — лазер, оптикалық кванттық генератор — толтыру (жарық, электр, жылу, химиялық және т.б.) энергиясын когерентті, монохроматты, поляризацияланған және тар бағытталған сәулелену ағынының энергиясына түрлендіруші аспап. 1953 ж совет ғалымдары Н.Г.Басов пен А.М.Прохоров және олардан тәуелсіз американдық ғалымдар Таунс пен Вебер сантиметрлік диапазондағы электромагниттік толқындарды күшейту үшін еріксіз сәулеленуді қолдануды ұсынды. Мұндай қондырғыларды мазер деп атайды. Осы еңбектері үшін 1964 жылы Басовқа, Прохоровқа және Таунсқа Нобель сыйлығы берілді. Оптикалық диапазонда жұмыс істейтін осындай қондырғы- лазер (оптикалық кванттық генератор) алғаш рет 1960 жылы АҚШ-та іске қосылды, оны жасаған американдық физик Т.Мейман. Бұл қондырғы еріксіз сәулелену құбылысының негізінде жұмыс істейді. Лазердің қолданылуы – лазердің қолдану ауқымы өте кең, оның сәулесінің бағыттала таралуын пайдалана отырып, оның энергиясын бір жерге шоғырландыруға болады. Сөйтіп өте жоғары температура шығарып алуға болады, оның энергия қуаттылығы өте жоғары, ол термоядролық реакция жүргізуге көмектеседі, яғни термоядролық плазма алуға болады. Оның температурасы 2х107 К. Лазердің көмегімен өте қатты заттарды оп – оңай өндеуге болады. Лазер - биологияда, мал дәрігерлігінде, медицинада кеңінен қолданылады. Лазер сәулесі – көзге операция жасауда – терапияда кеңінен қолданылады. Хирургияда – лазер сәулесі – скальпель – пышақ ретінде қолданылады, лазер пышағымен денені кескенде ешқандай қан шықпайды. Нейрохирургияда – миға операция жасауда қолданылады. Лазер сәулесі бір жағынан пышақ ретінде кессе, екінші жағынан оны тігіп отырады. Бұл тігу белоктық молекулалардың коагуляциялануынан жүзеге асады. Лазер сәулесімен көз ішіндегі - ісіктерді сылып алып тастайды. Сонымен қатар денедегі ісіктерді де сылып алып тастауға қолданылады. Лазер сәулесімен жараларды, ревматизмді, ентікпе ауруды, полиартритті, оның көмегімен тісті, оның қан тамырларын емдейді.

Қазіргі ғылым мен техниканың дамуы әлі де лазерлік сәулелердің мол мүмкіншілігін ашады. Сондықтан біз - егеменді еліміздің жастары, еліміздегі халық озық технологияларды пайдаланып, халықтың әл-ауқатын жақсартамыз десек, барлығымыз тек білім алу жолында үлкен белестерді бағындыруымыз керек.

ІV Пайдаланылған әдебиетер

  1. Стоматология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы, Қазақстан, 1991.

  2. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006.

  3. http://densaulyk.astana.kz/- сайты

  4. Баяхметова, А.А. Студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқама.