Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Labs C++

.docx
Скачиваний:
117
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
215.99 Кб
Скачать

20. Келесі функцияның анықталу облысын тауып, графигін тұрғызу:

  1. Берілген элементарлы қабыршақтардың өлшемдері бойынша экранды балықтың қабыршағы суретімен толтыру керек.

  2. Экранда динамикалық элементтері (жанып өшпелі гирлянда, салют, жанып тұрған шырақ және т.б.) бар мейрамға (Жаңа жыл, туған күн және т.б.) арналған құттықтау открыткасын өңдеп даярлау керек.

  3. Экранда жұмыс істеп тұрған жел диірменін бейнелеу керек. Қанаттарының айналу жазықтығы экран жазықтығына параллель болуы тиіс.

  4. Тұрақты жылдамдықпен экранды оның горизонталь осіне параллель оннан солға қарай қиып өтетін нүктені бейнелеу керек.

  5. Экранда шеңбер бойымен бір қалыпты бұрыштық жылдамдықпен қозғалатын нүктені бейнелеу керек.

  6. Экран жазықтығында өзінің бір нүктесі бойынша айналатын түзуді бейнелеу керек, сонымен бірге түзудің түсі бір қалыптан екінші қалыпқа ауысқанда өзгеруі тиіс.

  7. Экран жазықтығында өзінің центрін жағалай айналатын дұрыс үшбұрышты бейнелеу керек.

  8. Экран жазықтығында өзінің ауырлық центрін жағалай айналатын қабырғалары әртүрлі үшбұрышты бейнелеу керек.

  9. Тор дорбасы жоқ биллиардтың бойымен қозғалып бара жатқан шардың қозғалысын бейнелеу керек.

  10. Экранда алыстан бері қарай жақындап келе жатқан шарды бейнелеу керек. Уақыт өтуіне байланысты шардың көзге көрінетін диаметрі қай заң бойынша өседі?

Қосымша әдебиет: 1[54-62],[172-206]. 4[24-29],5[3-288]

Бақылау сұрақтары:

1. Программада графиканы инициализациялау қалай жүргізіледі?

2. Берілген нүктеден белгілі бір түспен белгіленген шекараға дейінгі қандайда бір аумақты берілген шаблон және түс бойынша бояуды қандай процедураның көмегімен іске асыруға болады?

3. Қандай функция арқылы экранның мүмкіншілігін және адаптердің жұмыс режимінің атын білуге болады?

4. Шеңбердің доғасын сызу үшін қандай процедура қолданылады?

5. Rectangle стандартты процедурасының Bar процедурасынан өзгешелігі неде?

7–лабораториялық жұмыс. Мәліметтердің құрылымдарды және файлдық айнымалдарды өңдеутің есептерді программалау

7–лабораториялық жұмысқа арналған тапсырмалар

Мәліметтер құрылымдарының типтерін пайдаланып есептерді шешудің алгоритмі мен программасын жазу.

  1. Топтың студенттері туралы мәліметтер берілген: студенттің аты-жөні, студенттің туылған күні және туған жері. Студенттердің туған жылдарының кемуі бойынша топ тізімін шығару.

  2. Аттестация нәтижелері туралы мәліметтер берілген: студенттің аты-жөні, бес пәннің аты мен әр пәннен алған баллдары. Барлық пәндерден аттестация алған студенттердің тізімін шығару.

  3. Алдыңғы есептегідей аттестация нәтижелері туралы мәліметтер берілген. Пәндерден аттестация алмаған студенттердің тізімін шығару.

  4. Кітапханаға түскен кітаптар туралы мәліметтер берілген: автордың аты-жөні, кітаптың аты, баспаның аты, шыққан жылы, кітаптың кітапханаға келіп түскен күні. “Кітап” баспадан шыққан, соңғы бес жылда кітапханаға келіп түскен кітаптар туралы мәліметтерді шығару.

  5. Сессия нәтижелері туралы мәліметтер берілген: студенттің аты-жөні, төрт пәннің аты мен әр пәннен алған бағалары. Жалпы баллдарының кемуі бойынша топ тізімін шығару.

  6. Алдыңғы есептің шарттары сақталады. Жалпы балдары максималды жалпы балдан 2 балға ғана айырмашылығы бар студенттердің тізімін шығару.

  7. Алдыңғы есептің шарттары сақталады. Балдары берілген пәннің орташа баллынан 0,5 баллға жоғары студенттердің тізімін шығару.

  8. Экспорттық тауарлар туралы мәліметтер берілген: мемлекет аты, шетелдерге шығарылатын (импортталатын) тауар, тауар аты, келіп түскен партияның данасы. Берілген экспортталатын тауар бойынша мемлекет атын, экспорттың жалпы көлемін табу.

  9. Алдыңғы есептің шарттары сақталады. Берілген экспортталатын тауар көлемінің кемуі бойынша экспортталатын тауар тізімін шығару.

  10. Алдыңғы есептің шарттары сақталады. Берілген мемлекет бойынша экспортталатын тауар туралы мәліметтер шығару.

  11. Топ студенттері туралы мәліметтер берілген: студенттің аты-жөні, топ аты, студенттің туған жылы. Потоктағы фамилиялары бірдей студенттер тізімін шығару.

  12. Алдыңғы есептің шарттары сақталады. Берілген топтағы фамилиялары бірдей студенттер тізімін шығару.

  13. Фирма қызметтері туралы мәліметтер берілген: қызметкердің аты-жөні, туған жылы, мекен- жайы, телефон нөмірі. Жастары қызметкерлердің орташа жастарынан аспайтын қызметкерлердің тізімін шығару.

  14. Автомобильдер туралы мәліметтер берілген: иесінің аты-жөні, бағасы, автомобильдің маркасы мен нөмірі.

  15. Алдыңғы есептің шарттары сақталады. Автомобильдің бағасының өсу ретімен автомобильдер тізімін шығару.

  16. Әртүрлі дата туралы мәліметтер берілген. Әрбір мерзім (дата) – бұл күн, ай, жыл. Ең кеш датаны шығару.

  17. Алдыңғы есептің шарттары сақталады. Жыл мезгілдеріне топтай отырып датаны шығару (алдымен көктемдік даталар т.с.с.).

  18. Кубик туралы мәліметтер берілген: кубиктің өлшемі, оның түсі, материалы. Берілген материал бойынша қабырғасы 3 см-ден аспайтын кубиктар санын табу.

  19. Алдыңғы есептің шарттары сақталады. Берілген түсі бойынша кубиктер санын және қосынды көлемін табу.

  20. Кітаптар туралы мәліметтер берілген: автордың аты-жөні, кітаптың аты, баспаның аты, шыққан жылы. “Программирование” атты кітаптың шыққан жылының өсуі бойынша мәліметтерді шығару.

Файл өңдеу есебін шешу үшін алгоритм және программа құру.

    1. Компоненттері нақты сан болатын f файлы берілген. Табу керек:

а) f файлының компоненттерінің қосындысын;

б) файлдың соңғы компонентін.

    1. Компоненттері нақты сан болатын f файлы берілген. Табу керек:

а) жұп нөмірлі компоненттің ең кіші мәнін;

б) файлдың бірінші және соңғы компоненттерінің әртүрлілігін.

    1. f символды файлы берілген. f файлында ең кемінде екі компонент бар. Файлдың алғашқы екі компоненті санба ма, соны анықтау. Егер ия болса, онда осы екі саннан тұратын сан тақ па соны анықтау.

    2. Компоненттері бүтін сан болатын f файлы берілген. f файлының жұп сандарын g файлына жазу, тақ сандарын h файлына жазу. Сандардың реті сақталады.

    3. f символды файлы берілген. f файлының компоненттерін g файлына кері ретпен жазу

    4. Компоненттері бүтін сан болатын f файлы берілген. Файлдың ешбір компоненті нөлге тең емес. f файлында неше теріс сан болса, сонша оң сан бар. h қосымша файлын пайдаланып, f файлының компоненттерін төмендегідей шартпен g файлына жазу:

а) бір таңбалы көрші екі сан болмайтындай;

б) алдымен оң сандар, кейіннен теріс сандар орналасатындай.

    1. Компоненттері бүтін сан болатын f файлы берілген. f файлының компоненттерін жүз-жүзден g файлына жазу. Егер соңғы топта жүз компоненттен аз болса, онда g файлының соңғы компоненті f файлының ең үлкен компонентіне тең болуы керек.

    2. f және g символды файлдары берілген. f файлының компоненттері g файлының компоненттерімен сәйкес келе ме, соны анықтау.Егер сәйкес келмесе, онда f және g файлдарының ең бірінші сәйкес емес компоненттерінің нөмірін табу. Егер файлдың біреуі n (n0) компоненттен тұрса және келесі файлдың басын қайталаса, онда жауап n+1 саны болуы керек.

    3. f символды файлы берілген. Бос орынмен бөлінген, арасында бос орын жоқ бір немесе бірнеше символдан тұратын символдар тобын сөз делік. Файлдан бірәріпті сөздерді және артық пробелдерді өшіріп g файлына жазу.

    4. Мекеменің қызметкерлері туралы мәлімет келесі үлгімен жазылған f символды файлы берілген: фамилиясы_аты_әкесінің аты, фамилиясы_аты_әкесінің аты, ... Осы мәліметтерді g файлына келесі үлгілермен жазу:

а) аты_әкесініңаты_ фамилиясы, аты_әкесінің аты_ фамилиясы, ...

б) фамилиясы_а._ә., фамилиясы_а._ә., ...

    1. Жолаушы жүгі заттарының саны мен заттарының жалпы салмағымен сипатталады. Әрбір жолаушының жүгі туралы мәліметі екі саннан тұратын, бірнеше жолаушының жүгі туралы ақпараты бар f файлы берілген:

а) Екі заттан артық жүгі бар жолаушылар санын және заттары орташа зат санынан асатын жолаушылар санын анықтау.

б)Жүктерінің санымен сәйкес келетін және салмағымен 0,5 кг артықшылығы бар екі жолаушы бар ма соны анықтау.

    1. Оқушылар туралы мәлімет олардың аты, фамилиясы, олар оқитын сынып аттарынан (оқу жылы және әріп) тұрады. Мектеп оқушылары туралы мәліметтерден тұратын f файлы берілген.

а) Қандай да бір сыныпта фамилиясы бірдей оқушылар бар ма соны табу;

б)g файлына 9-10 сынып оқушылары туралы мәліметтерді келесі ретпен жинау: алдымен 9а, содан соң 9б т.с.с. содан соң 10а, 10б т.с.с.

    1. Автомобильдер туралы мәліметтер оның маркасынан, нөмірінен және иесінің фамилиясынан тұрады. Бірнеше автомобиль туралы мәліметтерден тұратын f файлы берілген. Табу керек:

а) Берілген марка бойынша иесінің фамилиясы мен нөмірін;

б) әр маркадан қанша автомобиль бар екенін.

    1. Ойыншықтар туралы мәліметтері бар f файлы берілген: ойыншықтың аты (мысалы: қуыршақ, кубиктер, доп, құрастырғыш т.с.с.), оның бағасы (тиынмен), осы ойыншықтар арналған балалардың жас шекаралары (мысалы: екі жастан бес жасқа дейін). Келесі мәліметтерді алу керек:

а) ең қымбат құрастырғышты тауып, келесі үлгімен сипаттау: ... теңге ...тиын

б) Доптан басқа 3 жастағы балаға арналған ойыншық алып, оған қоса доп алғанда ойыншықтардың бағасы 5 теңгеден аспайтын етіп таңдап алуға бола ма?

    1. Паскаль тіліндегі программадан тұратын f текстік файлы берілген. Осы программаның ашылған және жабылған дөңгелек жақшалары сәйес еместін тексеру. Программа операторларының әріп біреуі :

а) f файлының бір жолын ғана ала алады;

б) файл жолдары еркін (произвольный) санын ала алады.

    1. f текстік файлы берілген. f файлының жолдарын g файлына төңкеріп жазу. g файлындағы жолдар төмендегідей болуы керек:

а) f файлының берілген жолдарымен сәйкес болуы керек;

б) Берілген файлдың ретіне қатысты кері болуы керек.

    1. Компоненттері натурал сан болатын f файлы берілген. Файлдың жалпы саны 4 еселі болу керек. Төрт санның алдыңғы екеуі төртбұрыштың жоғарғы сол координаты, келесі екеуі төртбұрыштың төменгі оң координаты. Берілген f файлы бойынша төртбұрыш тұрғызу.

Негізгі әдебиет: 1[437-471], 2[737-767], [781-804]. 3[240-255], [277-299].

Қосымша әдебиет: 1[211-222], 4[14-23]

Бақылау сұрақтары:

1. Мәліметтер құрылымдарының массивтерден айырмашылығы неде?

2. Мәліметтердің құрылымдарды қалай сипатталады?

3. Қандай стандартты процедура тек қана мәтіндік файлдар үшін пайдаланылады?

4. Файлдың соңы қандай функцияның көмегімен анықталады?

5. Файлда керекті компонентті іздеу қандай процедураның көмегімен орындалады?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]