Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

26

.pdf
Скачиваний:
2
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.15 Mб
Скачать

Ә. Ай жатып Б. Мейман болыпты В. Аққа жарып

Г. Жайлауға көшірісіп

5.Мәтіндегі «жұт – жеті ағайынды» деп үрейленуші:

А. Алтынай абыз Ә. Шапқыншы Б. Хан

В. Ескі жұрттағы халық Г. Ханның қыздары

6.Қарасай батырдың ханнан қалауы:

А. Қара шаңырағы Ә. Ханның тағы Б. Кіші қызы

В. Қызыл шұбар жолбарысы Г. Әкесі Алтынайдың өтініші бойынша ақ батасын алу

Арман аласармасын

Қытайлық сериалды тамашалап отырып, мына бір көріністі аңдадым. Бас кейіпкер – Патша уәзірлерін шақырып алып: «Үш ұлымның қайсысы мұрагерлікке лайық екенін айтыңдар», – дейді. Көпшілік көркем мінезді үлкен ұлды құп көреді. Патша: «Ол жарамайды, өйткені армандай алмайды», – дейді. Расында да, армандай алмайтын адам қалай ұлы іс атқара алады. Атам қазақтың «Арманымен ер сұлу, орманымен жер сұлу» немесе «Армансыз адам – тамырсыз ағаш» деген мақалдарында өте терең мән бар емес пе?! Отарлаушылар отарланған халықтың ең әуелі арманынан алжастыратыны тегін емес. Өйткені армандай алмаған адам өркендей де алмайды.

... Абылай өмірінің соңғы күндері қатты науқастанып, жатып қалады. Замандасы һәм ақылшысы Бұхар жырау көңілін сұрай келіп: «Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан ханым-ай, қайырусыз жылқы бақтырған ханым-ай, қалыңсыз жар құштырған ханымай...» – деп толғай жөнеледі. Абылай хан басын көтеріп: «Тоқта, жырау, сен менің өмір бойы ойлаған арманымды айттың. Егер осы үш қасиетті жұртыма жасаған болсам, арманымның орындалғаны емес пе?» – депті. Яғни «арман дегеніміз – адамның жүрек мұраты һәм соған жету үшін жасаған жанкешті еңбегі», – десек дұрыс болар...

51

Осы орайда, өзім куә болған мына бір оқиғаны қозғай кетейін. Ұмытпасам, 1995 жылдың қысы. Аудандық газет тілшісімін. Редактор: «Зайсан балық зауыты туралы мақала жаз», – деп мені балықшылар кентіне жіберді. Мекеме бастығын бұрыннан білуші едім. Көзіқарақты, өте сұңғыла кісі. Бардым. Жолай ұшырасқан ол: «Түстен кейін зауыт басшыларының алқа мәжілісі болады. Соған қатысыңыз», – деді. Жиын басталды...Бұл жылдары жоқшылық ел өміріне дендеп енген, жанар-жағар май, азық-түлік тапшы қиын уақыт еді. Зауыт жұмысшылары жылдап айлық алмаған тұс.

– Сіздерге бір жақсы жаңалық айтайын, – деп бастады сөзін зауыт басшысы. Зайсан – өзен тектес көл. Суы ағынды болғандықтан осылай аталады. Оның сыртында көлге жан-жақтан Қара Ертіс, Көкпекті, Кендірлік, Үйдене, Жарма сияқты өзендер құяды. Бұлар көктемде қарғын арқылы таудың шипалы өсімдік-шө- бін айдап әкеліп, көлге тоғытады. Мұндай экологиялық таза минералды суда өмір сүрген балық әлем нарығында аса жоғары бағаланады. Мысалы, біздегі көксеркенің бір килосы Түркияда 40, Еуропа елдерінде 60 долларға дейін құн сүйеді, – деп бастап, сөзінің соңын көлдің балығын әлемдік саудаға шығаруымыз керек деп аяқтады.

Бұл сөзді естіген мекеменің атқарушы директоры, вицепрезиденті, орынбасарлары бар, барлығы «көлге салған ауды тартатын тракторға май таппай отырып, шетелге балық сату қайда... деп шулап кетті. Осымен жиын тарады. Кабинетте үлкен бастық екеуміз ғана қалдық. Ол кісі басын шайқап, үнсіз отырды да, маған бұрылып: «көрдің ғой, інім, біздің адамдарда армандайтын да қуат қалмаған», – деді. Ол кезде бұл сөзге онша мән бермеп едім. Адамға армандау үшін де қуат керек екенін кейін түсіндім. Ерте заманда сиыр бағып жүрген құлдан «Егер патша болсаң, не істер едің?» – деп сұрағанда, ол бейбақ : «Онда сиырды ат мініп жаяр едім», – депті. Құлдың арманы – осы. Азат адам бұлай армандамайды («Егемен Қазақстан» газеті, 03.04.2020 ж. Бекен Қайратұлы).

1. Мәтін бойынша армандау үшін де керегі ...

А. Асыл мұрат, талпыныс Ә. Қуат-сезім

52

Б. Күш-қайрат пен ақ ниет В. Қуат-күш Г. Жүрек мұраты

2.Балық зауыты басшысының арманы:

А. Жұмысшыларына жалақы тауып беру Ә. Балықты Еуропаға шығарып, қымбатқа сату Б. Балығын әлемдік саудаға шығару В. Қызметкерлеріне армандайтын күш беру

Г. Зайсан көлінің суындағы балықтың сапасын мойындату

3.Мәтін бойынша отарлаушы елдің басты мақсаты:

А. Бағынған халықтың болашағына балта шабу

Ә. Халықты арманынан айыру Б. Отар елдің санасын дамытпау

В. Басып алған елді жерінен айыру Г. Отарлау саясатын ойрандау ісімен айғақтау

4.Мәтін мазмұны бойынша ел басқаруға шамасы келмейтін адам:

А. Арманын орындаған адам Ә. Мансапқар адам Б. Армандай алмайтын тұлға

В. Армандаудан қорқатын адам Г. «Ондай болмақ, қайда?» – дейтін тұлға

5.Зайсанның өзен тектес көл болу себебі:

А. Көктемгі қарғын судың көп құйылуы Ә. Бірнеше өзендердің осы көлге келіп құйылуы Б. Суының ағынды болуы

В. Тау басынан төмен жолдағы минералды сулардың ағылып келуі Г. Зайсан көлінің теңізге барып құйылуы

6.Қазақта төрт мұрат бар: жол мұраты – жету, саудагер мұраты – ұту, дау мұраты – біту және қыз мұраты – кету. Осылардың арман сөзімен үндесі:

А. Жол мұраты Ә. Қыз мұраты Б. Дау мұраты

В. Саудагер мұраты Г. Аталғандардың бәрі

7.Мәтін бойынша Бұхар жыраудың Абылайға айтқан сөз түйіні:

А. қайғысыз ұйқы, қайырусыз жылқы, қалыңсыз жарға ие қылып, ерлік жасауы

Ә. елдің қағанағын қарық, сағанағын сарық қылуы

53

Б. жұртын жақсылыққа кенелтіп, молшылыққа жеткізуі В. Абылайдың арманын айтуы Г. Өз арманының орындалуын ханына жеткізуі

8. Мәтін бойынша құлдың «Патша болсам, сиырды атпен бағар едім» деп армандау себебі:

А. Патша бола алмайтындығын білуі Ә. Қазіргі патшасынан қорқуы

Б. Ақыл-ойы мен күш-қуатының жетпеуі В. Мал баққанды жақсы көргендіктен

Г. Армандаудың артық болмайтынын түсінуі

54

ЖЕТІНШІ НҰСҚА

Күнтізбе тарихынан

Неліктен жылдың әр айында күн саны әртүрлі? Мәселен, ақпанда 28, ал жаздың соңғы екі айында 31 күн бар. Неге олай? Әлемдегі көптеген ел Григорий күнтізбесін пайдаланады. Мұның негізі: Юлий Цезарь бекіткен Юлий күнтізбесі екені мәлім. Юлий күнтізбесі бойынша 30 және 31 күндік айлар кезектесіп келуі керек. Бірақ бұлай бөлгенде бір күн жетпегендіктен, римдіктер жаз айларының бәрі қысқа (30 күннен) болсын деп шешті. Юлий Цезарь өлген соң император туған ай оның есімімен июль деп аталды. Бұдан соң бұл айды 30 күн бойынша қалдыру Цезарьды сыйламағандық болмай ма?! Сондықтан Рим сенаты бұл айды 31 күн болсын деп шешті. Мұнымен бірге тағы қолайсыздық туды. Римді Юлий Цезарьдың жиен немересі Гай Октавиан – император Август басқарып отырған уақытта қалайша тамыз 30 күн болып қалмақшы?! Бірақ екі күнді қайдан алу керек. Ойлана келе күндерді ақпаннан алуға ұйғарылды. Бұл, сірә, Рим билеушілерінің ешқайсысының даңқына дақ түсірмесе керек.

Содан бері екі мыңнан астам жыл өтті, ал әрқилы бөлінген айлар біздің күнтізбемізде күні бүгінге дейін сақталып келеді

(«Ана тілі» газеті, 16.08.2017).

1. Мәтін бойынша Григорий күнтізбесіндегі жаз айларының күн санын өзгертуші:

А. Юлий Цезарь Ә. Рим сенаты

Б. Император Август В. Императорын құрметтеген римдіктер

Г. Сол тұстағы рим билеушілері

2. Император Юлий Цезарь бекіткен күнтізбедегі жаз айларының қысқа болу (30 күндік) себебі:

А. Императордың өз шешімі Ә. Ақпан айына екі күн жетпегендіктен

Б. Жаңа император мен бұрынғы императорлардың есімін сақтау үшін В. Күнтізбедегі айлардың кезектескен санмен (30 – 31) келуі үшін Г. Ақпан айынан екі күн алғандықтан

55

Қазақтың аспантануы

Қазақ халқының өзіне тән, ата-бабаларымыз ұстанып келе жатқан астрономиялық аспан есебі дейтін үлкен ғылымы бар. Онда ауа райын ғана емес, малдың төлін, жылқының жүйрігін – бәрін аспандағы жұлдызға қарап тағдырын таныған, білген. Бұл

– халқымыздың жұлдыз жорамалы. Он екі айды он екі жұлдызға балап, әр туылымның ерекшелігін дәл білген. Он екі жұлдызды төрт топқа бөледі. Олар: От жұлдыз, Су жұлдыз, Топырақ жұлдыз, Жел жұлдыз.

Топырақ жұлдыз – Наурызға дейінгі үш ай. Осы үш ай аралығында туған баланың денсаулығы мықты, жүзі сұлу, шырайлы келеді. Өйткені жер, топырақ бәрін көтереді.

Су жұлдызы 22 желтоқсаннан 21 наурызға дейінгі аралықты қамтиды. Су жұлдызында туған кісінің мінезі теңіздей терең болады. «Үркер» жұлдызы күннің арғы жағында қалғанда, көрінбейді. Бұл сәтті «Үркер жерге түсті» деп атаған. Үркер жоғалғаннан бастап От жұлдыз пайда болады. Өйткені ауада оттегі көбейеді. Бұл кезде туған баланың мінезі ыстық болады. Тілі мен көзі өткір, алғыр келеді. Не көрсе, соны қағып алып, білімді, өнерлі, жауынгер болады.

Жел жұлдыз – қыркүйектен желтоқсанға дейінгі аралық. Ол кезде ауада жел пайда болады. Қараша мен қазанда дамылсыз жел тұрады. Осы жұлдыз белгісінде өмірге келген адамның жү- ріс-тұрысы жылдам, қағылез, ұғымтал, зерек, көреген келеді. Бетжүзіңе қарамай айтып салатын, тез жылайтын, тез қырсығып қалатын мінездері болады.

Бұрынғылар Темірқазық жұлдызы арқылы бағыт-бағдарды анықтаған. Жеті қарақшы – аспан сағат. Айналып тұрған шөміштің басы жазда қайда, күзде қайда қарайтынын бақылап отырған. Жеті қарақшының басы төрт мезгілде төрт жаққа қарайды.

«Сары жұлдызды» таныған. Қазақ сары жұлдыздан жақсылық күтпеген. Ол он екі жылда бір туып, сегіз жылда бір рет көрінеді. Ал «Құйрықты жұлдызды» көргенде не жер сілкінеді, не апат, соғыс болады деп қауіптенген. Қазақтың әрбір шаңырағы, әрбір отбасы – аспан әлемін салт-дәстүрге сыйдырған, соны ұстанып отырған үлкен астрономиялық мектеп («Жас қазақ»,

03.06.2016).

56

1.Мәтін бойынша қазақ халқы қай жұлдыздардың тууынан қауіптенген:

А. Жел жұлдыздарынан Ә. От жұлдыздарынан

Б. Сары жұлдыз бен су жұлдыздарынан В. Құйрықты жұлдыз бен топырақ жұлдыздарынан

Г. Сары жұлдыз бен құйрықты жұлдыздардан

2.Жылдың төрт мезгіліне орай басын дүниенің төрт бағытына өзгертіп тұратын жұлдыз:

А. Үркер жұлдызы Ә. Темірқазық жұлдызы Б. Сары жұлдыз

В. Жеті қарақшы жұлдызы Г. Жел жұлдызы

3.Үркер жерге түскен кезде пайда болатын жұлдыздар тобы:

А. Су жұлдызы Ә. От жұлдызы

Б. Топырақ жұлдызы В. Жел жұлдызы

Г. Аталғандардың барлығы

4. Мәтін бойынша ұғымтал, зерек, көреген адамдардың туған айлары:

А. Маусым, шілде, тамыз Ә. Наурыз, сәуір, мамыр

Б. Қыркүйек, қараша, желтоқсан В. Ақпан, наурыз, сәуір Г. Қаңтар, ақпан, мамыр

Үш ерлік

(тақырып атауы шартты түрде)

...Баяғыда қазақтың бір батырынан өміріңізде өзіңіз сүйсінген неше ерлігіңіз болды деп сұрапты-мыс. Сонда: «Өмірі есімнен қалмайтын үш ерлігім бар», – деп батыр мына төмендегілерді айтыпты:

Бір ұрыста жау қолына түсіп қалдым, – деп бастапты батыр. Қалмақтың мені олжа еткен батыры еліңнің ерлерін ата, олардың осал жерлерін айт, қазақтың ұзын өзенінің өткелін көрсет деп қинады мені. Мен айтпадым да, көрсетпедім де. Содан кейін ол мені кеңірдегімнен қылқитып жаңа сойылған өгіздің жас

57

терісіне қаптатып, босағасына байлатып қойды. Жас тері жаздың ыстығында бір-ақ күнде кеуіп, сірі боп шыға келді. Күн көтеріле сіріге шелектеп су құйдырады. Ол кезде сірі сәл кеңиді де, құрыстырысым жазылып, рақаттанып қаламын. Күн қыза сірінің суы кеуіп, ол енді қайтадан құрысады. Өгіз терісінен жасалған темірдей сірі жан-жағымнан құрсау боп қысқанда сүйектерім сытырлап өліп кете жаздаймын. «Жауға жаныңды берсең де, сырыңды берме» деген емес пе? Өлсем өлермін, бірақ сырымды бермеспін деп тістеніп, күн сайын бір уыс боп бүрісемін де қаламын. Өстіп бір ай жаттым. Бір айдың ішінде арыстай басым аруақтай болды да қалды. Бір айдан кейін қазақтың бас батыры келіп, мені қинаған жауды өз қолымен өлтіріп, мені қысқан сіріні өз қолымен тіліп, босатып алды. Бір ай сіріде жатқанымда қыңқ етіп үн шығармағанымды бір ерлік деп білемін.

Түнде, мен ұйықтап жатқан жерімде сұп-суық бірдеңе бақайымнан көтеріліп, кеудеме шығып, жоғары қарай өрмелеп келе жатқанын сезіп оянып кеттім. Қозғалмай жатып байқасам, бақайымнан бері қарай өрмелеп келе жатқан ұп-ұзын жылан екен. Ұшып тұрсам оның шағып алатынын білдім де, сенің іздеп келе жатқаның осы ғой деп, аузымды аша бердім. Жылан апандай боп жатқан ауызға басын сұға бергенде мойнынан қыршып алдым да, жыланның басын жерде шеңбердей боп шоршып жатқан денесінің қасына түкіріп тастадым. Екінші ерлігім осы деп есептеймін.

Жиырмаға енді іліккен қылшылдаған шыдамсыз жас шағымда өне бойымды қышыма қотыр басып, орнымнан қозғала алмай жатып қалдым. Сонда тұла бойым отқа күйгендей дуылдап, қанша қышынып, қиналсам да, етіме бір рет тырнақ тигізбей шыдап кеттім. Осыны үшінші ерлігім деп айтар едім, – депті батыр («Махаббат, қызық мол жылдар», Ә. Нұршайықов).

1. Мәтін бойынша қалмақ батырының қазақ батырына қойған шарты:

А. Елінің батырларын, олардың әлсіз тұстарын, ең үлкен өзенінің есімдерін айту

Ә. Үлкен өзеннің өткелін көрсету, батырларының есімін атау, ең беделді азаматтарын атап беру

Б. Батырларының сырын ашу, есімдерін жіпке тізу, өзендерінің ең ұзын өткелін көрсету

В. Ең ұзын өзендерінің өткелін көрсету, батырларының құпия есімдерін жариялау, ерлерінің әлсіз тұстарын баяндау

58

Г. Батырларының есімін атау, олардың ең осал тұстарын баяндау, ең ұзын өзендерінің қай маңда екенін көрсету.

2.Мәтін бойынша батырдың бірінші ерлігінің идеясы:

А. Шыдамдылықтың шегі жоқ Ә. Сырын алдырмау Б. Өлмей, берілмеу

В. Батырлықтың мәңгілігін дәлелдеу Г. Елін, жерін қорғау

3.Екінші ерлігінің мәні:

А. Соңғы әрекет Ә. Көзсіз ерлік

Б. Тапқырлық пен сәттілік В. Тәуекел мен сәттілік Г. Өмірге деген құштарлық

4.Батырдың үшінші ерлігінің түйіні:

А. Өлімнен ұят күшті Ә. Сырыңды алдырма

Б. Ауырып тұрдым, аунап тұрдым В. Шыдам мен төзімнің терезесі Г. Батыр – қай істе де батыр

5.Біріккен сөзі бар қатар:

А. Өстіп бір ай жаттым Ә. Мені кеңірдегімнен қылқитып байлап қойды

Б. ...құрыс-тырысым жазылып, рахаттанып қаламын В. Орнымнан қозғала алмай жатып қалдым Г. Бір айдың ішінде арыстай басым аруақтай болды

6. Мәтіннің бірінші бөлімінде «Жауға жаныңды берсең де, сырыңды берме» деген кім?

А. Батырдың өзі Ә. Батыр бабасы

Б. Қазақтың бас батыры В. Қазақ халқы

Г. Мәтінді баяндаушы автор

Қызыл қамшы

1. Былай шыға Нәшу:

– Сары майдай сақтаған бір күнесім бар еді. Қозылы қойларды соған түсірсек міз бақпайды, – деп отарды қиғаштады. Осыдан кейін ол малды бағып-қағудан көш құлаш әңгіме шертті.

59

Алты ай жаз қозы көш жерге көшіп-қонумен өтеді. Күзде қияндағы құмға қарай жылыстағанда да осы әдіс қолданылады. Кейбір ноқайлар түйе жайылатын сортаңға ұсақ малды ерте құлатады. Жауын шаймаған, қырау шалмаған шүйгіннің уыты болатынын байқамайды. Задында табиғаттың артық-кемі түгел жарасымды. Бір кезде қасқырды жойып жібердік. Енді оның өзі де керек деседі. Жылан екеш жыланды өлтірген адам айып төлейді. Жыртылып-айырылатын құс қандай жарасымды...Күнеске келгенде қалың қой шұбырмай, қапталдамай, беткейге іркілді. Селеуі аралас боз жусанда бақташыны керек етер емес. Көктемнің сағынышты шуағында қой үстіне бозторғай жұмыртқалағандай. Тек сары шымшықтар ғана тобылғы-талдың басында шықылықтайды. Бұл – ертең ауа райы бұдан да жайдары болады деген сөз. Жоламан жалпақ тілді ырғай қамшысын сақпандай сартылдатады. Оны мақтағанда шопанның түсі нілдей бұзылды. Ол:

– Тәйірі, осы да қамшы болып па? Ұшына қорғасын құйған бұзау тіс қайда, – деп шатынайды.

2.Осыдан кейін ол түздіктердің қаруы да, сыны да, ишарасы да қамшы екенін таратып айтып кетті. Қамшы көліктің, киімнің, жас мөлшерінің ыңғайына сай келмек. Қамшы тастасаң, дауға оқталғаның. Қамшымен нұқысаң, зәбір көрсеткенің. Қамшыны қонышқа тықсаң, сабаласамын дегенің. «Ат мінгіземін» дегенің – ауыз байлық. Қамшыны қоса беру – екі айтылмас ант. Қара танымаған қазақ белгіге қамшы жолдаған. Оның құдіреті ақ қағазға бармақ басқанмен бірдей. Қамшының өрімі туралы ишара, тұспал сөздер – өз алдына бір хикая. Түймедейден түйедей әңгіме тудырған Нәшу ұзын сонар сөзін:

3.Жетпіске келгенше мені аттан түсірмей жүрген осы қамшы, – деп шегерді. Оның кескіні бірде нұрланып, бірде қарауытады. Өзінің өмір тарихы көз алдынан шұбырып өтіп жатыр. Аяқты апыл-тапыл басқанда керегеде ілулі тұрған қамшыға жармасты. Одан кейін шыбық атпен шапқылағанда, бұтақты қамшы қылды. Үйіне түстенген қонақтың қамшысын тығып, әкесінен шапалақ жеді. Ашамайда қылқиып қамшы сұрағанда ағалары күлісті. Шын қамшыға қолы тайға мінген кезде жетті. Нағашысы байғазыға құйттай жез қамшы жасап берді. Осыдан кейінгі тіршілігі қамшымен қабаттасып жатыр. Серіліктің буы ұрған кезде жорғасын солақай қамшылап, әйелдердің әжуасына ұшырады.

60

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]