Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

55

.pdf
Скачиваний:
35
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
1.17 Mб
Скачать

§17.Қабылдаудыңнәтижелерінесәйкесқабылдапалынғантауарлызаттаркөліктіңкеліпжеткенретномерібойыншажүкқоймасының тіркеу кітабына енгізіледі.

§18. Жүк тасымалдайтын құралдар Кеден жарғысының ережелерін оның тиісті қаулыларына сәйкес сақтай отырып, шетелге кері қайтарылады немесе елдің ішкі жағына қарай өткізіледі.

§19.Тасжолдарменжәнеқаражолдарменжеткізілетінтауарларды тексеріп қарап көру, тауар иелерінің не олардың сенімді өкілдерінің ауызша мәлімдеме жасауы бойынша тауар кеденге жеткізілген бойда кідіріссіз немесе қалай дегенде үш күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады және жалпы негізде құжат жасалып, оған тексеріп қарап көрушілердің қолдары қойылады.

§20. Тауарларды тексеріп, қарап көру, оларға тариф қолдануға қатысты шағым жасау, тауарлар үшін баж салығын төлеу тәртібі, сондай-ақ тауарларды таңбалау, сақтау және қайта шығарып беру, бұл шараларды кеденнің жүргізу тәртібі Кеден Жарғысының жалпы қаулыларымен белгіленеді.

§21. Сыртқа шығаруға арналған тауарлар шетелдерге шекаралық кеден мекемелері арқылы жөнелтіледі, олар, сонымен қатар алдағы кездеолардықашаннақтыалыпкеткенгедейінкеденқоймаларында, егер ондай қоймалар бар болса, уақытша сақтауда тұра алады.

§22. Жүк жөнелтуші лицензия тапсырудан босатылмаған барлық экспорттық тауарларға лицензия тапсыруға міндетті.

§23. Акцизі есепке алынған немесе төленген баж салығы кері қайтарылған тауарларды сыртқа шығару, осындай жағдайларға қатысты қабылдап бекітілген ережелерді сақтай отырып жүзеге асырылады.

§24. Экспорттық тауарларды тексеріп қарап көру Кеден жарғысында белгіленген жалпы тәртіпті сақтай отырып, жүк тасу ведомосттары бойынша жүргізіледі.

§25. Ірі қайықтарды, ескекті шағын қайықтар мен салдарды, сон- дай-ақоларменөзенарқылытасыпжеткізілгентауарлардықабылдау, тауарларды тексеріп қарап көру, оларға кедендік баж салығын төлеу және тауарларды ішкі тұтынуға шығару осының алдындағы параграфтарда (9-20) баяндалған негіздерде жүргізіледі. Теңіз кемелерін қабылдауменжіберудіңкедендікғұрыпрәсімдеріКеденжарғысында белгіленген ережелер негізінде жүзеге асырылады.

71

§ 26. Жолаушыларды және олардың жүктерін өткізу Кеден жарғысының тиісті қаулыларын қатаң сақтай отырып жүргізіледі.

Ескерту. Қажылыққа бара жатқан мұсылмандардың баж салығынсыз және акцизсіз алып өтуіне болатын заттары қатарында әр адамның ұзындығы екі аршын, ені бір жарым аршын кілемше алып өтуіне рұқсат етіледі.

Сондай-ақ,Персияменекіарадағытеңізшекарасыарқылы,Батыс Қытаймен, Моңғолиямен және Оранхаймен екі арадағы құрлықтағы шекаралар арқылы тауарлар өткізу ережелерін бұзуға байланысты қолданылатын жазалар туралы Ереже де бекітілді.

1.Еуропалық шекарада қолданылып жүрген және Кеден жарғысының тиісті қаулыларында алдын-ала көзделген (Заңдар жинағы, 1925 жылы № 5, 3 -бет) барлық жазалар төмендегі кейбір ерекше жағдайларды қоспағанда осы көрсетілген шекараларда да жалпы негізде қолданылады.

2.Шекараның арғы жағынан келген көліктерге жауапты адамдарға,ағакірешілергежәнеұшқыштарғамынажағдайлардаайыппұл салынбайды:

а) шекараның арғы жағынан келген көлік туралы кеденге жазбаша түсінік тапсырмағаны үшін;

ә) әкелінген тауарларға жүк тасымалдау құжаттарын тапсырмағаны үшін, келген жолаушылардың тізімін тапсырмағаны үшін; б) Кеден-тариф комитеті жариялаған ерекше тізімде атап көрсетілген, ішінде жарылғыш, сондай-ақ өртке қауіпті, тез

тұтанатын заттары бар жүктер туралы мәлімдемегені үшін;

3.Еуропалық шекара бойынша алдын-ала көзделген жазалар мынадай тәртіп бұзушылықтар кезінде қолданылмайды:

а) жүк тасымалдау құжаттарында көрсетілген тауарлар партиясын немесе жекелеген тауарды, заттарды кеденге дейін жеткізбегені үшін;

ә) тауарлардың жүк тасымалдау құжаттарында көрсетілген салмағының кем болып шыққаны, сондай-ақ олардың сақталған орынды немесе жекелеген кейбір тауарды, заттарды бүлдіріп, зақым келтіргені үшін;

б) тауарлардың партияларын және жекелеген кейбір тауарды, заттарды жүк тасымалдау құжаттарынсыз алып өткені үшін.

Іс жүзінде бұл жылдардың бәрінде де Қазақстан Республикасының аумағында “Хоргос” (Қорғас) кедені, Ташкент кеденіне

бағынышты болған Алматы кедені үздіксіз жұмыс істеп келді.

72

Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында Қазақстандағы кеден өзінің қызметін Жаркент кеденінің негізінде атқарды. 1920 жылы 19 желтоқсанда Халық Комиссарлары Кеңесі Орталық Атқару Комитетінің Қаулысымен Кеден кодексінің 17-бабына сәйкес “Жаркент”кеденіРКФСРСыртқысаудаКомиссариатының“Хоргос” кедені болып қайта құрылды.

Алғаш рет құрылған кезде, бұл кеденнің штатында 1 басқарушы, 1бақылаушы-қараушы,1кеңсеқызметкері,тауарларғатаңбасоғатын 1 қызметші, 1 аула сыпырушы, 11 атты күзетші болды.

Жедел жұмыстар көлемінің өзгеріп отыруына байланысты кеденнің штаты да өзгеріп тұрды. “Көлжат”, “Іле” және “Жаркент” кеден бекеттеріндегі штаттар әр бекетке шаққанда адамнан ғана келді.

Бұл үш кеден бекеті жойылған 1963 жылдан бастап “Хоргос” кеденінің қарамағында “Бақты” кеден бекеті берілді. Оның штатында да 1 адам ғана болды. Бұл бекет Семей облысының Мақаншы ауданынақарастыБақтыселосындаеді.Ал1963жылдан1983жылға дейін бұл кеден жұмысында ешқандай құрылымдық және ұйымдық өзгеріс бола қойған жоқ. КСРО мен ҚХР арасындағы саяси және сауда-экономикалық қарым-қатынастардың қайтадан жақсара түсуіне байланысты “Хоргос” кеденінің жана ғимараты салына бастады. Сөйтіп, ол 1985 жылғы шілде айында жаңа ғимаратқа көшті. Онда жақсы жабдықталған кабинеттер, алыстан шолып бақылау жасауға болатын саңлаулы шұңқырлар, басқа да қажетті жабдықтар бар. Ал, 1993 жылдың қыркүйек айында кеденнің жолаушыларды өткізетін жаңа ғимараты да пайдалануға берілді.

1979 жылғы 15 мамырда “Алматы” кеден бекеті құрылып, ол Ташкент кеденіне бағындырылған еді. Сыртқы сауда және көрмеге қойылатын жүктер көлемінің, жеке жөнелтілетін жүктердің, қол жүктері мен халықаралық пошта жөнелтілімдері көлемінің арта түсуіне, сондай-ақ КСРО мемлекеттік шекарасын кесіп өтуші адамдар санының көбеюіне байланысты 1984 жылғы 8 маусымда ол Алматы кедені болып, өз алдына дербес құрылды.

Алматы кедені штатында 14 адам жұмыс істеді. Олардың 13-і жоғары білімді қызметкер болды, 9 қызметкер шетел тілдерін білді. Қызмет сан салалы еді. Оның негізгі бағыттары: жүк тасымалы (темір жол арқылы), авиация, пошта, автомобиль қатынастары, көрмеге қойылатын заттар тасымалы болды. Жеке құрылымдық

73

бөлімшелері бойынша алсақ, жүк тасымалы учаскесінде 6 адам, авиация қатынас учаскесінде – 2 адам, пошта қатынас учаскесінде

– 3 адам, мемлекеттік бақылау қызметі тобында – 2 адам жұмыс істеді. Жедел қызметтің барлық учаскелерінде де кедендік рәсімдеу жұмыстары әрі біліктілікпен, әрі сапалы, әрі нәтижелі жүргізіліп отырды. Мысалы, бір ғана 1986 жылы кеден ережелерін бұзудың 229 оқиғасы тіркелді, контрабанда жөніндегі 48 істің беті ашылып, тергеу органдарына берілді, оның ішінде 28 адам қылмыстық жазаға тартылды, одақтық бюджеттің есебіне жоспардан тыс 635, 125 сом аударылды.

Кедендік бақылау жасау процесінде металл іздеп табатын құралдар, радиостанциялар, айналар жиынтығы, ВХ 150-1 рентген аппараты сияқты техникалық құралдар кеңінен пайдаланылды.

Алматы кедені 1988 жылы Қазақ Республикалық кедені болып қайта құрылды.

Кеңес мемлекетінің Кеден жарғысы, Кодекстері (1928, 1964, 1991 жылдардағы)ендігіжердереспубликамыздыңсыртқыэкономикалық қызметін реттеп отыру механизмін қамтамасыз ете алмайтын болды. Өйткені, олар Одақтық орталықтың монополиясы мүдделерін ғана көздеуге, әрі бұл саланың барынша құпия болуына бағытталған еді.

1986 жылы КСРО Министрлер Кеңесінің тұрақты органы ретінде Мемлекеттік Сыртқы экономикалық комиссия (МСЭК) құрылды. Оның атқаратын қызметіне сыртқы экономикалық стратегияны жүзеге асыру және сыртқы экономикалық қатынастар туралы заң жобаларын жасау кірді. Ол Комиссияның жанынан Ғылымиэкономикалық кеңес, Бүкілодақтық сыртқы экономикалық байланыстар, ғылыми-зерттеу институты құрылды.

Сыртқы экономикалық комиссияға КСРО Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінің, КСРО Сыртқы экономикалық банкінің жәнеКСРОМинистрлерКеңесініңжанындағыМемлекеттіккедендік бақылау Бас басқармасының қызметіне басшылық жасау жүктелді.

Мемлекеттік Сыртқы экономикалық комиссия, сонымен қатар сыртқы рынокқа шығатын барлық министрліктер мен ведомстволардың қызметіне де басшылық жасады, импорт пен экспорттың құрылымын жоспарлаумен және ретке келтіріп отырумен айналысты, шетелдермен экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың нақты бағыттары бойынша ұсыныстар енгізіп отырды.

74

Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігіне сыртқы экономикалық қызметті жоспарлап, реттеп отыру және сыртқы экономикалық байланыстар қауымдастығына мүше елдердің барлығыныңдасыртқырыноктағымемлекеттікмүдделеріқорғалып, ешқандай нұқсан келмеуіне бақылау жасау міндеті жүктелді.

КСРО-ның сыртқы экономикалық органдарын реформалау, кеден жүйесінің өміршеңдік қабілетін арттыру жөнінде мәселе қарап, оны жаңа жағдайларға сәйкестендіруді талап етті. Кеден Бас басқарманың ведомстволық жағынан КСРО Сыртқы сауда министрлігіне бағынышты болуы, оның сыртқы сауда саттық операцияларына, жолаушылардың кедендегі жүріп-тұруын қадағалап, бақылау жасау және контрабандаға қарсы қатаң да тиімді күрес жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз ете алмады.

КСРО Министрлер Кеңесінің 1986 жылғы 12 ақпандағы № 222 шешімі бойынша КСРО Сыртқы істер министрлігі жанындағы бұрынғыКеденБасбасқармасыныңнегізіндеендіКСРОМинистрлер Кеңесі жанындағы Мемлекеттік кеден бақылауы Бас басқармасы (МКБББ) құрылды.

1987 жылы 13 шілдеде КСРО Министрлер Кеңесі Мемлекеттік кеден бақылауы Бас басқармасы туралы Ережені бекітті. Онда Бас басқарманың Мемлекеттік кеден бақылауын жасайтын жалпыодақтық орган болып табылатыны және оның өз қызметін жүзеге асыруда Кеңес мемлекетінің заңдарын, КСРО жоғарғы заң шығарушы және басқарушы органдарының шешімдерін, сондай-ақ басқа да нормативті актілерді басшылыққа алатыны атап көрсетілді.

Кеден Бас басқармасына құқықтық жұмыстарды жүзеге асыру және кеден мекемелерінің, кедендік уәкілдерінің, өз қарамағындағы ведомстволық кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысына басшылық жасау міндеттері жүктелді.

КСРО Мемлекеттік кеден бақылау Бас басқармасы елдің кеден саясаты саласында ұсыныстар жсаумен айналысты, кеден істеріне басшылық жасады, министрліктердің, ведомстволардың, бірлестіктердің, кәсіпорындардың және жеке адамдардың мемлекеттік шекара арқылы тауарлар мен басқа да заттар, көлік құралдарын, жеке тұтыну заттарын, Кеңестік және шетелдік валюталар мен валюталық құндылықтарды алып өту жөнінде белгіленген тәртіпті қатаң сақтауына мемлекеттік кеден бақылауын жүзеге асырып отырды.

75

Кеден органдары қызметінің маңызды саласы контрабандаға және кеден ережелерін бұзуға қарсы ымырасыз күрес жүргізу, өз қызмет бабы өкілеттігі шеңберінде КСРО-ның халықаралық келісім-шарттарының кеден ісіне қатысты бөлімінен туындайтын міндеттемелердің мінсіз орындалуын қамтамасыз ету болып табылады.

КСРО-ныңкеденжүйесінеКеденбақылауБасбасқармасы,кеден- дер және кеден бекеттері кірді. Сонымен қатар кедендердің өздері де үш топтағы класқа бөлінді. Соның ішінде “Хоргос” кедені екінші топтағы класқа енгізілді.

КСРО-ның ең соңғы Кеден кодексі 1991 жылғы 1 наурызда қабылданған болатын. Ол Орталықтың үстемдігі арқасында мемлекеттік сыртқы сауда монополиясының қол жетпейтін биік шыңы, айбарлы да күшті қаруы болды. Ол Кодекс мемлекеттің құрамына кіретін одақтас республикалардың құқығын барынша тұқыртып тастады, олар өз аумақтарындағы кедендік мекемелердің қалай орналасуын және бірінші басшылары кім болатынын өздері шеше алмайтын, тек формальды түрде келісу құқығына ғана ие болатын.

Тақырыпқа арналған сұрақтар:

1.Қазақстандағы Кеден ісінің пайда болуына негіз болған жағдайлар

2.КСРО-дағы Кедендік іске қатысты мәселелердің ауқымы

76

9 – тақырып

ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН

(1991 – 2006 ЖЫЛДАР)

КСРО-ның күйреуі қарсаңында Қазақ КСР Президенті Н.Ә. Назарбаев Республиканың сыртқы экономикалық қызмет саласындағы дербестігін қамтамасыз ету мақсатымен 1991 жылғы 31тамыздажариялағанЖарлығында 1991жылғы1қазаннанбастап Республика аумағындағы өнімдердің (жұмыстардың, көрсетілетін қызмет түрлерінің) бартерлік операцияларды қоса алғандағы экспорты мен импортына квота белгілеу және лицензия беру Қазақ КСР-інің құзырындағы құқық болып табылды деп белгіледі. Осы Жарлықта Министрлер Кабинетіне 1992 жылдың 1 қаңтарына дейін орындауүшінекімаңыздытапсырмаберілді.Олтапсырмалар,біріншіден, Мемлекеттік кеден қызметін құруды, екіншіден, одақ кезіндегі экспорттық-импорттық салықтардан, кедендік төлемдерден түскен табыстарды бөлісу механизмін жасаудың, сондай-ақ сыртқыэкономикалық байланыстарды қамтамасыз ететін көлік жүйесін жасауды, өзге республикалармен сауда-саттық жасау кезіндегі қосарланған салықтың салынуын, жоюдың шараларын қолдануды көздейтін еді.

Қазақстанның өз егемендігі мен тәуелсіздігіне ие болуы мемлекетті басқарудың жаңа саласы ретінде кедендік кеңістік құруды объективті түрде қажет етті және соған алып келді. Қазақстан бұдан былайғы жерде кеден саясатын өзінің ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі ретінде қарастырып, дербес белгілей алатын болды.

Осының алдындағы тараудан айқын көрінгеніндей, КСРО-дағы кеден ісі жоғарғы мемлекеттік билік пен басқару органдарының өктемдігі арқасында тек қана КСР Одағының құзырындағы іске айналған болатын. Сыртқы сауда және аясына кеден ісін қамтитын сыртқы экономикалық қызметтің өзге салалары да мемлекеттің ғана монополиясы еді (КСРО Конституциясының 73-бабы). Сондықтан да, бұрынғы одақтас республикалардың, соның ішінде Қазақ КСР-інің де, кеден ісіне қатысы олардың өздерінің аумақтарында аймақтық кеден басқармаларының құрылуын және олардың бірінші басшыларының кім болатынын формальді түрде алдын-ала келісіп алуымен ғана шектелетін әрі мұның өзі сырт көзге жасала-

77

тын көзбояушылық болатын (1991 жылғы КСРО Кеден Кодексінің

4-бабы).

ҚазақКСР-нің1990жылғы15желтоқсандақабылданған“Сыртқы экономикалық қызметінің негізгі принциптері туралы” Заңы Республиканың сыртқы экономикалық қызметін мемлекеттік реттеу жүйесін құруға бағытталған әрекет болды. Осы Заңның 5-бабы бұл жүйеде кеден шекарасы арқылы алынып өтетін тауарлар мен басқа да мүліктерді мәлімдеуді, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызмет түрлерінің) экспорты және импорты саласындағы тәртіпті айқындап берді. Алайда, қажетті құқықтық база болмағандықтан жәнесоғансәйкесарнаулымемлекеттікоргандарқұрылмағандықтан республикадағы кеден ісін ойдағыдай жүзеге асырудың сәті түспеді.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылданған “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Заңының (2-бабы) күшіне енгізу тәртібі туралы” Қаулысы бойынша, алдағы кезде Қазақстан Республикасының тиісті заңдық және нормативтік актілері қабылданғанға дейін, оның аумағында КСРО-ның бұрынғы заң нормалары мен халықаралық құқықтың КСРО танып, мойындаған нормалары қолданыла тұратын болып белгіленді. Өйткені, олар Қазақстан Республикасының қазіргі Заңына, басқа да заңдық және нормативтікактілерінеқайшыкелеқоймайдыдептанылды.Алайда, Қазақстанның өзінің құқықтық-нормативтік актілерінің жоқтығы республика кеден органдарының алдағы кездегі жұмысына өз салқынын тигізгені байқала тұрса да, іс жүзінде бұрынғы одақтық заң актілері кеден саласында қолданылғанын айта кету керек.

Қазақстанның өз кеден заңы 1991 жылғы 24 желтоқсанда қабылданған “Кеден тарифы мен баж салығы туралы” Заңнан бастау алып, қалыптаса бастады. Осы заңның шығуы алдында 1991 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың республикада Кеден комитетін құру туралы Жарлығы жарияланған еді.

Бұл Комитет 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған “Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация” талаптарына сәйкес республиканың экономикалық мүдделерін қорғау мақсатында құрылған болатын. Егемен Қазақстанның Кеден комитетіне бұрынғы КСРО-ның қазіргі Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан кеден органда-

78

ры бағындырылды және оған еліміздің аумағындағы кеден істерін мемлекеттік басқару, кеден мекемелерінің қызметіне басшылық жасау міндеттері жүктелді.

Сонымен, Қазақстан Республикасы Президентінің еліміз егемендігін алғаннан кейінгі қабылдаған алғашқы құжаттарының бірі 1991 жылғы 12 желтоқсанда жарияланған “Қазақстан Республикасының Кеден комитетін құру туралы” Жарлығы болды. Комитет Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік орган болып табылады. Бұл жұмыс шынмәнінде нольден басталды деуге болады. 1991жылыРеспубликадағыкеденоргандарықызметкерлерініңсаны 150-ден сәл-ақ асатын.

Республикадағы кеден жүйесінің қалыптасуы нақты тарихи жағдайларда жүзеге асырылды. Бір жағынан – одақтық мемлекет күйреп, ыдырап, экономикалық дағдарысқа ұшырап жатты. Екінші жағынан – республика өзінің егемендігіне ие болып, мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. Бұған дейін республикада Қазақ республикалық кедені, “Хоргос” кедені, Гурьев кедені (1989 жылы құрылды) бар еді. Олар тікелей КСР Одағына ғана бағынатын.

Енді Қазақстан Республикасының кеден қызметі алдында қойылған басты міндеттерінің бірі – кеден саясатының экономикалық, ұйымдық, құқықтық механизмдерін жасап, нақты іс үстінде қолданылуын қамтамасыз ету болды.

1992 жылғы 26 қарашада Кеден Комитетінің мәртебесін (статусын) өзгерту туралы шешім қабылданды. Ол енді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бас кеден басқармасы болып қайта құрылды. Ал 1995 жылғы 1 сәуірде бұл Бас басқарма республика Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің жанындағы Кеден комитеті болып өзгертіледі.1997жылғықаңтардаРеспубликалықМемлекеттіккеден комитеті болып құрылып, ал 1998 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарамағына берілді, 1999 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Кіріс министрлігінің Кеден комитеті болып қайта құрылды.

Ведомстволық бағыныстылықтың жиі-жиі өзгертілуі, 1995 жылға дейін осы заманғы заңдық базаның, сапалы әзірленген кадрлар құрамының болмауы кеден қызметінің проблемаларын шиеленістіріп, тым күрделі етіп жіберді, оның дамуын тежеді.

Сондықтан да 1995 жылғы маусымда

Қазақстан Республикасы

Президентінің Заң күші бар “Қазақстан

Республикасындағы ке-

79

ден ісі туралы” Жарлығы жарияланды. Ол, шын мәніне келгенде, республикадағы кеден ісін дамытудағы жаңа кезеңнің бастамасы болды.

1997жылғы6маусымдаҚазақстанҮкіметінің№932Қаулысымен Қазақстанкеденоргандарыныңайырымбелгілеріменжалауыныңсипаттамасыжәнеқолданылутәртібібекітілді.ҚазақстанРеспубликасы кеден органдарының эмблемасы 8 қырлы алтын жұлдыз болып табылады. Оның ортасындағы аспан түстес көгілдір фонда шаңырақ бейнеленген. Жұлдыздың ішкі жағында шаңырақтың үстіне ақ әріптермен “Кеден” деп, ал астына – “Customs” деп жазылған.

Сегіз қырлы жұлдыз біздің планетамызды бейнелейді. Бұл белгі сонау көне заманнан жеткен болатын және көшпенділерде дүниені, яғни дүниенің төрт құбылысындағы сегіз бұрышты бейнелеу үшін қолданылып келді. Эмблеманың орталық негізгі элементі – шаңырақ

– киіз үйдің дөңгелектеніп барып бітетін ең биік төбесі. Шаңырақ қазақтар үшін отбасының, туып-өскен үйдің, жер бетіндегі бейбіт өмір мен тыныштықтың қасиетті белгісі. Бұл эмблемада да біздің туған Отанымызды - Қазақстан Республикасын бейнелейді. Ал, кеден органдары өз Отанымыздың мүдделерін қорғауды көздейді. Эмблема – кеден қызметкерлерінің арнаулы формалық киіміне тағылатын айырым белгісі.

Қазақстан Республикасы кеден органдарының айырым жалауы жоғары жағы көгілдір түсті, ал төменгі жағы жасыл түсті төртбұрышты мата болып табылады. Бұл түстердің арақатынасы 50:50 пропорциясын құрайды. Жалаудың ені мен ұзындығының арақатынасы - 1:1,5. Көгілдір түс - Қазақстан Республикасы Туының түсі. Геральдика тілінде көгілдір түс адалдықты, тазалықты және шынберілгендіктібілдіреді.Жасылтүс–мемлекеттікшекаралардың халықаралық белгісі. Ортадағы ақ шеңбердің ішінде эмблема бар. Ақ түс – тәуелсіздік белгісі.

1993 жылы кеден қызметкерінің арнаулы формалық киім киіп жүруінің ережесі бекітілді. Ол ереже әлі күнге дейін күшінде. Рас, Кеденоргандарынарнаулыформалыкиімкиюқұқығынанайырғысы келіп, әрекет жасаушылар да болды.

Қазір Қазақстан Республикасының аумағында республикалық кеден комитеті, 16 кеден басқармасы, 11 дербес кеден (оның ішінде Орталық энергетикалық кеден мен Ақпараттық-статистикалық кедендер бар), 149 кеден бекеті бар. Бұлардың барлығы топтаса келіп, кеден органдарының біртұтас жүйесін құрайды.

80

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]